С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық


Қосымша ІР-мекен-жайларды және ҥнсіз келісім бойынша



Pdf көрінісі
бет14/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

 
5. Қосымша ІР-мекен-жайларды және ҥнсіз келісім бойынша 
шлюздерді баптауын орындаңыз 
1. TCP/IP хаттамасының қасиеттер терезесінде Advanced (Қосымша) 
батырмасын басыңыз. 
2. IP Settings (ІР параметрлері) салымшысында IP Addresses (ІР-мекен-
жайлар) облысындағы Add (Қосу) батырмасын шертіңіз. 
3. IP Address (IP-мекен-жай) және Subnet Mask (Ішкі желі маскасы) 
ӛрістерінде ІР-мекен-жайды және ішкі желі маскасын енгізіңіз және ОК 
батырмасын басыңыз. 
4. Қосылуы қажетті әрбір ІР-мекен-жай ҥшін 2-ші және 3-ші пункттерді 
қайталаңыз және ОК батырмасын басыңыз. 
5. IP Settings салымшысында Default Gateways (негізгі шлюздер) 
облысындағы Add (Қосу) батырмасын басыңыз. 
6. Gateway (Шлюз) және Metric (Метрика) ӛрістерінде ҥнсіз келісім 
бойынша шлюздің ІР-мекен-жайын және метриканы енгізіңіз, содан кейін Add 
батырмасын басыңыз. Сонымен қатар, аталған байланыс ҥшін ӛзіндік 
метриканы қҧру ҥшін метрика мәнін Interface Metric терезесінде енгізуге 
болады. 


36 
7. Қосылуы қажетті әрбір ІР-мекен-жай ҥшін 5-ші және 6-ші пункттерді 
қайталаңыз және ОК батырмасын басыңыз. 
6. TCP/IP пакеттер сҥзгісін қосыңыз 
1. Start\Settings (Қосу\Баптау) бҧйрығын орындаңыз және Network And 
Dial-Up Connections (Желі және желіге алыстатылған қатынау) жарлығын 
шертіңіз. 
2. Local Area Connection (Жергілікті желі бойынша қосылу) белгісіне 
тышқанның оң жақ батырмасымен шертіп, контекстік мәзірден Properties 
(Қасиеттер) бҧйрығын таңдаңыз. 
3. Қасиеттер терезесінде TCP/IP хаттамасын таңдаңыз және Properties 
батырмасын шертіңіз. ТСР/ІР қасиеттер терезесі ашылатын болады. 
4. Advanced (Қосымша) батырмасын басыңыз. Advanced TCP/IP Settings 
(ТСР/ІР-дің қосымша параметрлері) терезесі ашылады. 
5. Options (Параметрлер) салымшысына кӛшіңіз, тізімде TCP/IP Filtering 
(Сҥзгіден ӛткізу TCP/IP) пунктін таңдаңыз және Properties батырмасын 
басыңыз. TCP/IP Filtering терезесі ашылатын болады. 
6. Enable TCP/IP Filtering (All Adapters) жалаушасына белгі қойыңыз. Енді 
сіз TCP, UDP және IP хаттамалар пакеттерінің сҥзгіден ӛткізуін бере аласыз. Ол 
ҥшін Permit Only (тек қана) айырып-қосқышын шертіңіз, содан кейін TCP Ports 
(TCP-порттар), UDP Ports (UDP-порттар) немесе IP Protocols (IP-хаттамалар) 
тізімінің астында Add (Қосу) батырмасын басыңыз. 
7. Барлық ашық терезелерді жабу ҥшін ОК батырмасын басыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет