С. Б. Сатымбекова компьютерлік желілер оқулық



Pdf көрінісі
бет49/109
Дата27.10.2022
өлшемі2.3 Mb.
#463463
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109
aiajanov-kompiuterlik-jeliler

 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 

Маршруттаушы (router) – бҧл екі коммуникациялық жҥйені немесе 
олардың бӛліктерін біріктіретін ретрансляциялық жҥйе. Әр маршруттаушы 
физикалық (1А, 1В), арналық (2А, 2В) және жҥйелік (3А, 3В) деңгейдің 
хаттамасын жҥзеге асырады. Арнайы жҥйелік ҥдерістер коммутатордың 
бӛліктерін бір бҥтінге біріктіреді. Физикалық, арналық және жҥйелік 
хаттамалар әр тҥрлі жҥйелерде әр тҥрлі болады. Сондықтан да 
коммуникациялық жҥйелердің бірігуін, кӛрсетілген хаттамалардың керекті 
қайта қҧруын жҥзеге асыратын маршруттаушылар арқылы жасайды. Жҥйелік 
ҥдерістер біріктірілген жҥйелердің ӛзара әрекеттесуін іске асырады. 

Маршруттаушылар жҥйенің ӛзгеру қҧрылымының трафиктері және 
олардың жағдайлары туралы ақпарат алмасады. Осының кӛмегімен әр тҥрлі 
жҥйедегі жіберушінің – абоненттік жҥйесінен - қабылдаушы - жҥйеге деректер 


110 
блогының оңтайлы жҥру маршруты таңдалады. Маршруттаушылар сондай-ақ 
административті тәуелсіз коммуникациялық желілердің бірігуін қамтамасыз 
етеді. Маршруттаушы архитектурасы коммутация пакетінің торабын жасағанда 
қолданылады. 

Шлюз (gate way) – ретрансляциялық жҥйе, ақпараттық желілердің ӛзара 
қатынасын қамтамасыз етеді. Әр тҥрлi желiлердi тҥйiстiру шлюз деп аталатын 
apнaйы компьютерлер немесе бағдарламалар арқылы қамтамасыз eтіледі.. 
Шлюздер бiр желiден қабылданған деректер форматын баcқa желiдегi деректер 
форматына тҥрлендiредi. Әр тҥрлi масштабтағы желiлердi бiрiктiру 
нәтижесiнде қалалар, елдер және қҧрлықтар apacында ӛзара aқпарат алмасу 
мҥмкiндiгi берiледi.

Шлюз – бҧл ретрансляциялық ең кҥрделі жҥйе болып саналады. Бҥкіл 
жеті деңгей әртҥрлі жиынтық хаттаманы, желілердің ӛзара қатынасын 
қамтамасыз етеді. Ӛз кезегінде, хаттаманы теру әртҥрлі физикалық байланыс 
қҧралдарының типтеріне сҥйене алады. Шлюздер ОSI (сеанстық, ӛкілдік және 
қолданбалы) моделінің жоғарғы деңгейінде операция жасайды және желілік 
сегменттермен компьютерлік желілердің қосылуының аса дамыған әдісін 
ҧсынады. 

Негізінде шлюз ретінде шлюздік бағдарламалық қамтамасыздандыру 
және желі ішінде бірнеше жҥйемен әрекеттесуге мҥмкіндік беретін қайта қҧру 
жасайтын, белгіленген компьютер қолданылады. Хаттамаларды қайта қҧру 
шлюздің басқа қызметі болып табылады. TCP/IP клиенті ҥшін IPX/SPX 
хабарын алғанда шлюз хабарды TCP/IP хаттамасына қайта қҧрады. Шлюздерді 
икемдеген және орнатқан кезде ӛте кҥрделі. Шлюздер маршруттаушыларға 
қарағанда баяу жҧмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет