«Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы»



Дата12.06.2016
өлшемі15.83 Kb.
«Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қабылдануының, қолдануының мүмкін болатын экономикалық, әлеуметтік және құқықтық нәтижелеріне болжам

«Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияны және Жылжымалы жабдыққа қатысты халықаралық кепілдіктер туралы конвенцияға Авиациялық жабдық жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мынадай мақсаттарда әзірленді:



  • Қазақстанда кредиторлардың тәуекелін және тиісінше авиациялық техниканы өндіруші елдердің сарапшылық – кредиттік агенттіктерінің кепілдігімен қазіргі заманғы әуе кемелерінің қаржыландыру құнын төмендетуге бағытталған халықаралық құқықтық режим құру;

Осы заң жобасы қабылдануының құқықтық нәтижелері Қазақстанда кредиторлардың тәуекелін және тиісінше авиациялық техниканы өндіруші елдердің сарапшылық-кредиттік агенттіктерінің кепілдігімен қазіргі заманғы әуе кемелерін қаржыландыру құнын төмендетуге бағытталған халықаралық құқықтық режимді құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласына халықаралық құқық стандарттарын енгізуді едәуір жеделдету болып табылады.

Экономикалық нәтижелер заң жобасының отандық авиакомпаниялар үшін қазіргі заманғы әуе кемелерін қаржыландыру құнын жәрдемдесуі болады, бұл перспективада Қазақстан Республикасы пайдаланатын авиациялық техниканың сапасын және қазақстандық авиакомпаниялардың халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік нәтижелер тұтынушылардың азаматтық авиация саласында сапалы қызметтерді алуы болады.

Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының тарапынан қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді және азаматтық авиация саласын дамыту шарттарын қамтамасыз ететін ұлттық заңнамаға осы саладағы халықаралық құқық стандарттарына сәйкес нормалар енгізуге мүмкіндік береді.



Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация

министрі А. Жұмағалиев
Каталог: images -> stories
stories -> Ғалымның тарих мектебі сөз басы әйгілі Себастьян Бранд «Дүниедегінің бәрі де өткінші, бәрі де тозады, тек ғылым ғана мәңгілік, бәрінен де озады»
stories -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
stories -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
stories -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім «Ақ Жайықтың Хамзасы»
stories -> Ғылыми кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім
stories -> 7. Қазақстан Республикасындағы геологиялық барлау жұмыстарының
stories -> Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2011
stories -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет