С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫ 
 
 
 
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы – өнімнің құрылысын, мөлшерін 
жəне сапасын анықтайтын маңызды физиологиялық процестер.
Организмнің тіршілік əрекеті нəтижесінде өсімдік мүшелері-
нің ұзарып, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюымен жəне 
жеке мүшелерімен көбеюін өсу процесі деп айтады. Өсімдіктің 
өсуі оның клеткаларының, ұлпаларының жəне мүшелерінің өсуі-
мен жүзеге асады. 
Өсімдіктің тіршілігі өсу жəне көбею кезеңдеріне бөлінеді. 
Бірінші өсу кезеңіндегі жапырақтары, сабақтары, тамырлары қар-
қынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүше-
лері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп, тұқым береді 
жəне жемістенеді.
Өсімдіктің дамуы физиологиялық жəне морфологиялық, 
биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Даму – өсімдіктердің құ-
рылымдары мен функциялардың жəне онтогенез процесінде 
пайда болған клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің сапалы 
өзгерістері.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы барлық процестер клет-
калардың бөлінуі, созылуы жəне дифференциациясынан өтеді. 
Өркен мен тамырдың ұзарып жəне тармақталып өсуі сабақ жəне 
тамыр ұштарындағы апикалды меристемалардың қызметімен; ал 
жуандап өсуі камбий қызметімен байланысты болады.
Өсу кезеңінде меристема мен камбидің барлық клеткалары 
үздіксіз бөлінеді: терең қабатындағы клеткалар меристемалық 
күйде қалады, ал қалған клеткалар ұлпалар мен мүшелерге өсіп, 
дифференциялданады. Əрбір клетка өсу процесінде үш сатыдан 
өтеді, олар: меристемалық немесе эмбрионалды; өсу немесе 
созылу; дифференциация. 
Меристемалық клеткалардың жұқа пектоцеллюлозалық қа-
бығы болады. Клетканы қою цитоплазма толтырады, вакуольдері 
болмайды. Созылу сатысында клетка көлемі қатты ұлғаяды, 
суды сіңіру қарқыны жоғарылайды, ірі вакуольдері түзіледі, 


84 
сондай-ақ клетка қабығы мен цитоплазмасының салмағы жоға-
рылайды. Тамырдың созылу аймағы шамамен 1 см, ал сабақтың 
созылу аймағы 5-10 см жетеді. Клеткалардың дифференциациясы 
созылу аймағында басталғанмен, олардың ұлпаларға толық ма-
мандануы мен өсуі сабақта осы аймақтан төменірек, ал тамыр 
үшін керісінше жоғары аймақтарда жүзеге асады. 
Өсімдіктердің немесе мүшелердің өсу заңдылығы S – қисық 
сызығымен бейнеленеді. Өсу мен дамудың ішкі факторларына 
физиологиялық ырықты өсу регуляторлары болып табылады. 
Оларға ауксиндер, гиббериллиндер, цитокининдер жəне тежегіш-
тер жатады. Олар өсімдіктің белгілі мүшелері мен ұлпаларында 
түзіліп, басқа ұлпалар мен мүшелерге тасымалданатындықтан 
оларды фитогормондар деп атайды. Фитогормондардың табиғаты, 
концентрациялары мен олардың өзара қатынасы өсімдіктердегі 
көптеген физиологиялық процестерді күшейтіп немесе тежей 
алады.
Ауыл шаруашылығында жасанды өсу регуляторларын арам 
шөптердің өсуін тежеу; қалемшелерді тамырландыру; өсімдіктер-
дің тыныштық күйін бұзу немесе шығару; жапырақтарды түсіру; 
жемістердің мезгілсіз түсуін болдырмау жəне олардың көлемдерін 
ұлғайту; партенокапты жемістер алу мақсаттарында кеңінен қол-
данады. 
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына əсер ететін сыртқы фактор-
ларға: жарық спектрінің құрамы мен интенсивтілігі, күн мен 
түннің ұзақтығы, ауа мен топырақтың ылғалдылығы жəне темпера-
турасы, органикалық жəне минералды тыңайтқыштар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет