С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Өсімдіктердің тұзға төзімділігі



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Өсімдіктердің тұзға төзімділігі. Топырақ тұздылығының 
артуы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің өнімділігін анағұрлым 
төмендететіні белгілі. Өсімдіктердің тұзға төзімділігін анықтау 
оларды сұрыптауда, интродукциялау мен техникалық өсіруге 
маңыздылығы зор. Қалыпты жағдайға қарағанда тұзды ортада 
өсімдіктердің өнімділігінің төмендеу дəрежесі тұзға төзімділік 
критерий болып табылады. Өсімдіктердің тұзға төзімділігін тура 
жəне қосалқы əдістермен анықтайды. Тұзды топырақта өсімдік 
тұқымдарының өнуі төмендейді, сондықтан өсімдіктердің тұзға 
төзімділігін тұқымдардың өну көрсеткіштерімен (өну энергиясы
пайызы, жылдамдығы) сипаттайды. Қосалқы зертханалық əдістер-
дің ішінде: плазмолиздік, тұзды ерітінділерде устьицалардың 
ашылу жылдамдығы, хлорофилдің түссіздену жылдамдығы мен 
дəрежесі, альбумин мөлшері, протоплазманың өткізгіштігі, биохе-
милюминесценция, т.б. əдістер кеңінен таралған. 
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі. Ауа мен топырақтың қо-
лайсыз төменгі температуралары қыстайтын өсімдіктерге едəуір 
зиянын тигізеді. Қолайлы төменгі температуралар жылу сүйгіш 
өсімдіктердегі физиологиялық процестердің жүруіне жəне өнімнің 
қалыптасуына теріс əсерін тигізеді.
Табиғи жағдайда қыстайтын өсімдіктердің төзімділігі олардың 
аязға, суыққа, үсікке, сулануға, мұзды қабыршақтың астында қалу 
жəне қыстық құрғақшылыққа төзімді қасиеттермен сипатталады. 
Қыстық өсімдіктердің күйін анықтау үшін бірнеше əдістер қол-
данылады. Күздік дақылдар үшін монолиттерді өсіру, су дақыл-
дарын өсіру əдісі, бояғыштарды қолданып ұлпалардың зақымдану 
дəрежелерін анықтау, өсу конусының күйін бағалау əдісі, т.б. 
Өсімдіктердің аязға төзімділігін қосалқы əдістермен: көмірсу-
лардың динамикасын анықтау; 

 фруктофуранозидаза ырықты-
ғын зерттеу; электролиттердің шығуын, ұлпалардың электрлік 
өткізгіштігін, биопотенциалдардың, хемилюминесценцияның жəне 
поляризацияның, өсу конусының күйінің өзгеруін зерттеу, т.б. 
əдістермен анықтауға болады.


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет