107
дриялар
мен хлоропластарды бөліп алып, қалған сұйықтықты
клетка цитоплазмасы ретінде пайдаланады.
Алынған клетка фракцияларындағы ауыр металдардың мөл-
шерін минералдау əдісімен анықтайды.
Зерттеу затын толық
муфель пешінде күйдіріп, құрамындағы органикалық заттарды
ыдырату арқылы орындайды. Алдымен алынған клетка фракция-
ларын
термостатта кептіріп, соңынан муфель пешінде 450
о
С-да
30-40 минут жағады. Реакцияны тездету үшін күлі бар тигельдерді
муфель пешінен шығарып, бөлме температурасына дейін суытып,
үстіне 1см
3
концентрлі HNO
3
жəне 1 тамшы 33% Н
2
О
2
тамызып
жай қыздырылған электр плитасында кептіреді. Осыдан кейін
муфель пешінде жағуды жалғастырады. Бұл əдісті біркелкі ақшыл
немесе сұр түсті күл алғанша 2-3 рет қайталайды. Дайын клетка
компартменттердің күлдерін 0,5 см
3
концентрлі азот қышқылында
ерітіп,
пробиркаларға ауыстырып, дистильденген сумен көлемін
10 мл-ге жеткізеді. Фракциялардағы ауыр металдардың мөлшерін
атомды абсорбциялық спектрофотометрде анықтайды.
Алынған мəліметтерді статистикалық өңдеуден өткізіп, 45-
кестеге ендіреді. Алынған нəтиже
бойынша тиісті қорытындылар
мен тұжырымдар жасайды.
45-кесте
Достарыңызбен бөлісу: