29
түйістіргіш клеткадан тұрады, ал
олардың арасында устьица
саңылауы болады. Түйістіргіш клеткалар өздерінің пішінін өзгерту
арқылы устьица саңылауын ашып-жабады. Бұл саңылау бірде
кеңейіп, бірде жабылуы арқылы судың булануы мен газ алмасуды
реттейді. Устьицалық саңылауды жəне түйістіргіш екі клетка мен
оларды қоршай орналасқан бірқатар
эпидермис клеткаларын
устьицалық аппарат деп атайды. Түйістіргіш клеткаларын қоршай
орналасқан эпидермис клеткалары осмостық қысымның өзгеруіне
қатысып, алдыңғыларын қозғалысқа келтіреді.
Устьица өсімдіктің барлық жерүсті мүшесінде кездеседі,
бірақ негізінен жапырақта көбірек болады. Устьицалар жапырақ
тақтасының екі жағында немесе тек бір, əдетте төменгі жағында
орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: