84
сондай-ақ клетка қабығы мен цитоплазмасының
салмағы жоға-
рылайды. Тамырдың созылу аймағы шамамен 1 см, ал сабақтың
созылу аймағы 5-10 см жетеді. Клеткалардың дифференциациясы
созылу аймағында басталғанмен, олардың ұлпаларға толық ма-
мандануы мен өсуі сабақта осы аймақтан төменірек, ал
тамыр
үшін керісінше жоғары аймақтарда жүзеге асады.
Өсімдіктердің немесе мүшелердің өсу заңдылығы S – қисық
сызығымен бейнеленеді. Өсу мен дамудың ішкі факторларына
физиологиялық ырықты өсу регуляторлары болып табылады.
Оларға ауксиндер, гиббериллиндер, цитокининдер жəне
тежегіш-
тер жатады. Олар өсімдіктің белгілі мүшелері мен ұлпаларында
түзіліп, басқа ұлпалар мен мүшелерге тасымалданатындықтан
оларды фитогормондар деп атайды. Фитогормондардың табиғаты,
концентрациялары мен олардың өзара қатынасы өсімдіктердегі
көптеген физиологиялық процестерді күшейтіп немесе тежей
алады.
Ауыл шаруашылығында жасанды
өсу регуляторларын арам
шөптердің өсуін тежеу; қалемшелерді тамырландыру; өсімдіктер-
дің тыныштық күйін бұзу немесе шығару; жапырақтарды түсіру;
жемістердің мезгілсіз түсуін болдырмау жəне олардың көлемдерін
ұлғайту; партенокапты жемістер алу
мақсаттарында кеңінен қол-
данады.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуына əсер ететін сыртқы фактор-
ларға: жарық спектрінің құрамы мен интенсивтілігі, күн мен
түннің ұзақтығы, ауа мен топырақтың ылғалдылығы жəне темпера-
турасы, органикалық жəне минералды тыңайтқыштар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: