С. Д. Атабаева биология ғылымдарының кандидаты


Қажетті құралдар мен заттар



Pdf көрінісі
бет56/80
Дата03.03.2023
өлшемі0.78 Mb.
#470354
түріПрактикум
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
 
Қажетті құралдар мен заттар: Петри табақшалары, сорғыш қағаз
жуылған кварц құмы, пинцеттер. 
 
 
33-жұмыс. Ақ сүттіген тұқымдарының өнуіне
фитохромның тигізетін əсері 
 
Зерттеу мақсаты
: ақ сүттіген тұқымдарының өнуіне фито-
хромның тигізетін əсерін зерттеу. 
 Зерттеу объектілері: ақ сүттіген тұқымдары. 
Қысқаша түсініктеме. Фитохром – өсімдіктердегі көптеген 
өсу мен даму процестерін бақылайтын пигмент. Фитохром екі 
түрде: қызыл сəулені жəне қашықтағы қызыл сəулені сіңіретін 
болуы мүмкін. Фитохромның осы екі түрі бір-біріне айналады. 
Осы екі түрдің физиологиялық əсері бірдей емес, бір-біріне 


86 
қарама-қайшы болады. Қызыл сəуле өсімдік тұқымдарының 
өнуін қоздырады, ал қашықтағы қызыл сəуле керісінше тежейді. 
Бұл процеске фитохром қатысады.
 Əдістеме. Тəжірибе алдында ақ сүттіген тұқымдарын 8-20 са-
ғатқа қараңғы боксқа өндіруге қояды. Осы уақыт аралығында 
тұқымдар ісінеді, бірақ жарықтың жоқтығынан өнбейді. Тəжірибе 
қойғанда бақылау вариантындағы тұқымдарды қараңғы бокста 
қалдырады, ал тəжірибе варианттарын: қызыл сəулемен – 2 минут; 
қашықтағы қызыл сəулемен – 4 минут; қызыл сəулемен – 2 минут 
+ қашықтағы қызыл сəулемен – 4 минут сəулелендіреді. Осыдан 
кейін қараңғы боксқа қайта қояды. Бірнеше тəуліктен кейін 
бақылау жəне тəжірибе варианттарындағы өнген тұқымдардың 
санын санайды. Алынған мəліметтерді 34-кестеге тіркейді. 
34-кесте
 
Ақ сүттіген
 
тұқымдарының өнуіне фитохромның тигізетін əсері 
Вариант 
Тұқымдардың 
жалпы саны 
Өнген тұқымдар 
саны % 
– 
көрсеткіші 
бақылау (қараңғы)
қызыл сəуле 
қашықтағы қызыл сəуле 
қызыл сəуле +
қашықтағы қызыл сəуле 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет