Мижериков В.А., Юзефавичус Т.А. Педагогикалық қызметке кіріспе: оқу қҧралы.
жасөспірімдердің кейбір мҧғалімдердің сабағында себептерін ескермей сабаққа дайындықсыз келгені ҥшін қанағаттанарлықсыз бағаны қойғаны ҥшін қарсылықтар;
жауап бергені ҥшін оларды ҧялтатыны немесе оларға ҧзақ ақыл ҥйрететініне қарсылық білдірді.
Тағы да жасөспірімдердің ашуын туғызғандар:
ескертусіз алынатын бақылау жҧмыстары;
сабақ сҧрау барысында оқушылардың əзілдерінің қолайсыздығы; жасөспірімдердің мҧғалімдердің сҧрақтарына жауап беруге бас тартқаны ҥшін ашуланып айқайлауы;
ҥйге берілмеген тапсырманы сҧрауы жəне т.б.1.
Танымал отандық педагог В. Н. Сорока -Росинский өз уақытында өз жҧмысында «ізгі» ниетпен өз пікірлері бойынша назар аударуға тҧрарлық барлығын қолданып көруге тырысатын педагог-авантюристтердің категориясына назар аударды. Мҧндай педагогтар өздерінің əрекеттерін оқу-əдістемелік кеңеспен немесе білім беру мекемесі əкімшілігімен келіспей, рҧқсатсыз оқыту əдістемесіне жəне мазмҧнына өзгерістер енгізуге бейім. Олар ҧсынылатын міндетті оқулықтар мен ғылыми-əдістемелік əдебиеттің орнына оқушылардан олардың лекцияларын жаттап алуды , оқулықтардың орнына тек олардың конспектілерін пайдалануды талап етеді. Өз пəнін оқыту барысында шығармашылық тəсілді олар осылай тҥсінеді.
Педагогикалық қызметтің ерекше қҧрамдасы ретінде педагогикалық қателіктер туралы əңгіме соңында олардың алдын алу бойынша жалпы ҧсыныстарға тоқталайық. В.А.Мижериков пен Т.А.Юзефавичустің2 кеңестерін негізге ала отырып, біз олардыжеке, отыз жылдық педагогикалық тəжірибемізге негізделген өз ҧсыныстарымызбен толықтырдық.
Кəсіби қызмет барысындағы өз əрекеттеріңізді «істегенімнің дҧрыстығына кҥмəн келтіремін» позициясынан жҥйелі тҥрде талдау жҥргізіңіз. Кҥмəнданыңыз. Қызмет барысында өзіңізге басқа адамдардың көзімен қарауды ҥйреніңіз. Өз ойларыңызбен пікір таластырыңыз. Кҥнделік жҥргізіп, өз ойларыңызды жазыңыз жəне т.б.
Болжалды шешімдердің салдарын жобалаңыз.
Оқу курсының барлық пəндерін мҧқият ҥйреніңіз, əсіресе педагогика мен психологияны. Өзіңіздің жеке тəжірибеңізді асыра бағаламаңыз, педагогикалық қызметіңізді кҥнделікті көргендеріңіз бен стереотиптермен емес, ғылыми негіздермен салыстыра отырып қҧраңыз.
Журавлев В. И. Педагогикалық жанжалтану негіздері: оқулық. — М., 1995.
Мижериков В.А., Юзефавичус Т.А. Педагогикалық қызметке кіріспе: оқу қҧралы. - М.,
«Қателіктер журналын» жҥргізіңіз. Оларға қҧндылық ретінде қараңыз. Талдау жасалған қателік қайтадан «орға тҥспеуге» мҥмкіндік береді.
Қателік жасау мҥмкіндігінен қорықпаңыз, ойлаудың жаңа əдеттерін қалыптастырыңыз. Қорқыныш жаңсақтықтан сақтамайды.
Қалыптасқан оқу жағдаятын бағалай отырып, оны шешудің альтернативті жолдарын, талдау дайындығын қалыптастырыңыз.
Қате жалпылаудан аулақ болыңыз («Мен семинар сабаққа жеткіліксіз дайындықпен келдім жəне қиын жағдаяттан өзімнің жалпы ой-өрісімнің арқасында шықтым, демек, əр сабаққа мҧқият дайындықтың қажеті жоқ»).
Стереотиптерге жəне «соқыр» еліктеуден аулақ болыңыз. Басқа адамдарың, сіздің тəлімгер-педагогыңыз болса да, ой тҧжырымын өз сеніміңізге алмаңыз. Шамаға қарай сыни болыңыз жəне өз-өзіңізді сынаңыз! Басқа адамдарға (мҥмкін, болашақ əріптесіңізге) өз қатысыңызды біреулердің тҧжырымы негізінде жасамаңыз.
Асырып айтудан аулақ болыңыз. «Тҥймедейді тҥйедей» етпеңіз.
Адамдардың теріс əрекеттерін, олардың лайықсыз қылығын сізге қолайсыздық тудыру тілегі ретінде қабылдамаңыз. Мҧндай қылықтың негізінде адамдардың өз проблемалары жəне оларды шеше алмау себептері жатыр.
Қателік жасаған болсаңыз, мойымаңыз. Өзіңіздің теориялық деңгейіңізді ҥнемі көтеріп отырыңыз.
Тəжірибелі педагогтардың сабақтарына қатысыңыз, бар жаңаны өзіңізге сіңіріңіз.
***
Адал ниетті педагогті қателік жасау мҥмкіндігін болдырмауға талпынысы сипаттайды. Педагогикалық қызметтің субъектісі ретінде ол ҥнемі мазмҧны жəне дəрежесі бойынша кҥрделі тҥрлі педагогикалық міндеттерді шешеді. Ешқашан қателеспеуге ҥйретуге болмайды. Бірақ педагогтың тиімді əрекетін шынайы педагогикалық жағдаяттарда ҧсынуды жəне білуді қалыптастыруға болады жəне қажетті.
Педагогикалық шеберлікті игеру əр педагогке тек тəжірибенің, теориялық білім мен практикалық біліктілігін кіріктіру негізінде мақсатты жеке-психологиялық өзін-өзі білімін жетілдіру барысында ғана қол жетімді. Дəл тҥсінген кəсіби қызмет педагогикалық шеберліктің көзі – тҧлғаның жалпы мəдениеттік, іскерлік қасиеттері жəне педагогтың кəсіби қҧзыреттілігінің тҧтастығы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |