С. Д. Якушева педагогикалық шеберліктің негіздері педагогикалық мамандықтар бойынша орта кәсіптік білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім мекемелерінің оқу процесінде қолдануға арналған оқулық



бет86/114
Дата06.05.2024
өлшемі4.79 Mb.
#500649
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114
пед шеберлік

Ҧсынылған әдебиеттер


Бадмаев Б.Ц., Малышев А.А. Сөйлеу шеберлігіне ҥйрету психологиясы. — М., 1999.

Мəдениет негіздері жəне сөйлеу өнері: оқу қҧралы / Ю.П.Богачев, В.А.Лапшин, Т.Ф.Посадскова, З.А.Шелестова. — М., 1999. Булатова О. С. Педагогикалық əртістік: оқу қҧралы. — М., 2001. Вежбицкая А. Тіл, мəдениет, таным. — М., 1997.




Карнеги Д. Өз-өзіне деген сенімділікті қалай жасауға болады жəне көпшілік алдында сөйлеп, адамдарға əсер қалдыру. — М., 1989. Клюев Е.В. Тілдік қарым-қатынас: оқу қҧралы. — М., 1998. Михневич А.Е. Лектордың шешендік өнері. — М., 1984.


Овчарова Р.В. Мектеп психологиясының анықтамалық кітабы. — М., 1996.

Педагогикалық шеберлік негіздері: оқу қҧралы / И. А. Зязюн,


И.Ф.Кривонос, Н.Н.Тарасевич жəне т.б.; И.А.Зязюннің редакциясымен. — М., 1989.




Панасюк А.Ю. Жанжалды қалай жеңуге немесе жеңу өнері. — М., 1998.


Скворцов Л.И. Тіл, қарым-қатынас жəне мəдениет. — Л., 1990. Соколова В.В. Сөйлеу мəдениеті жəне қарым-қатынас жасау мəдениеті. — М., 1996.
6 - с а б а қ


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ЖАСАУ ШЕБЕРЛІГІ

а б а қ т ы ң м а қ с а т ы : қарым-қатынас жасау шеберлігін қалыптастыру, оның қҧрылымдық бөліктерін тҥсіну, қарым-қатынас жасау кезінде тҧлғалық ерекшеліктерін анықтау.




1-тест. Сіз ӛз ойыңызды айтып бере аласыз ба?

ҧ с қ а у л ы қ . Әрбір келтірілген сҧрақтарға «иə» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет.


Сіз тҥсінікті болғанын ойлайсыз ба?


Сіз əңгімелесушінің жасына, біліміне, ақыл-ойына жəне жалпы мəдениетіне сəйкес келетін сөздерді таңдап аласыз ба?


Сіз айтудан бҧрын, ойды мазмҧндау тҥрін ойластырасыз ба?


Сіздің берген тапсырмаңыз жеткілікті дəрежеде қысқа ма?

Егер əңгімелесуші сізге сҧрақты, сіз айтып болғаннан кейін қойса, ол сізді тҥсінді деп санайсыз ба?


Сіз жеткілікті деңгейде анық, əрі дəл сөйлесіз бе?


Сіз өзіңіздің ойыңыз бен сөзіңіздің қисындылығын қадағалайсыз ба?


Сіз, айтқан сөзіңізде не тҥсініксіз болғанын анықтайсыз ба? Сіз сҧрақ қоюға тҥрткі боласыз ба?


Сіз əңгімелесушіге, олардың ойы мен көңіл-кҥйін тҥсіну ҥшін сҧрақ қоясыз ба?


Сіз болған жəйтті пікірден ажыратасыз ба?


Сіз əңгімелесушінің пікірін жоққа шығаруға тырысасыз ба?
Сіз, əңгімелесушілердің қашанда сізбен келісуіне тырысасыз

ба?

Сіз, өзіңізге мҥлде тҥсініксіз кəсіби терминдерді қолданасыз
ба?

Сіз сыпайы əрі жылы шырай танытып сөйлесесіз бе?


Сіз өз сөзіңізден шыққан əсерді қадағалап отырасыз ба?
Сіз ойласу ҥшін ҥзіліс жасайсыз ба?
Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у .

5-11, 12, 13 –сҧрақтарға «жоқ» деген жауап ҥшін 1 ҧпай жəне қалған сҧрақтар бойынша «иə» деген жауап ҥшін 1 ҧпай деп есептеңіз.


Жалпы ҧпай саны мынаны білдіреді:

12 —16 ҧпай — жақсы нəтиже;


10 —12 ҧпай— орташа нəтиже;


ҧпайдан төмен — нашар нəтиже.


2-тест. Сіз жайдарысыз ба?

ҧ с қ а у л ы қ . Келтірілген сҧрақтарға «иə», «жоқ», «кейде» деп жауап беру қажет.


1. Сізді бірдей іскерлік кездесу кҥтіп тҧр. Сізді оны кҥткен қалыптасқан жолдан ауытқыта ма?


2. Сіз дəрігерге баруды, тіпті төзуге болмайтын жағдайға дейін кейінге қалдырасыз ба?


3. Сізде, жиналыста, кеңесте немесе осыған ҧқсас іс-шараларларда, қандай да бір тақырыпта баяндама, хабарлама жəне ақпарат беру тапсырылғанда, абыржушылық немесе наразылық туындай ма?


4. Сізге, өзіңіз мҥлдем болмаған қалаға іссапарға шығу ҧсынылды. Сіз осы іссапарға бармауға тырысасыз ба?


Сіз кіммен болса да өз уайым-қайғыларыңызбен бөліскенді ҧнатасыз ба?


Сіз, егер көшеде келе жатқан бейтаныс адам сізге өтініш жасап жатса (жолды көрсету, сағат неше екенін айту жəне т.б.) оған ашуланасыз ба?


Сіз «əкелер мен балалар» мəселесі бар екендігін жəне əртҥрлі ҧрпақ өкілдерінің бір-бірін тҥсінуі қиын болатынына сенесіз бе?


Танысыңызға, оның сізге, бірнеше ай бҧрын қарызға алған 30 рубльді беруге ҧмытып кетенін айтуға ҧяласыз ба?


Мейрамханада немесе асханада сізге анық сапасыз тағам берілді. Сіз тəрекелкені ысырып тастап, жай ғана реніш айтып ҥндемеуді жөн көресіз бе?


Бейтаныс адам екеуіңіз оңаша қалғанда, сіз онымен əңгімелесіз бе жəне егер əңгіменің ол бірінші болып бастағанына ызалы боласыз ба? Осылай ма?


Сізді кез келген ҧзын кезек, ол қайда болса да (дҥкенде, кітапханада, театр кассасында) шошыта ма? Сіз кезекте тҧрып жəне кҥтуден жалыққаннан гөрі, өз ниетіңізден бас тартқанды жөн көресіз бе?


Сіз жанжал жағдайларды қарастыру бойынша қандай да бір комияссияға қатысудан қорқасыз ба?


Сізде əдеби шығарма, өнер, мəдениетті бағалауда өзіңіздің жеке өлшемдеріңіз бар жəне ешбір «бөтен» пікірді бҧл есепке қабылдамайсыз. Бҧл осылай ма?


Сізге жақсы таныс мəселе бойынша анық қате тҥсінік тҧрғысынан, əлде бір жерде «кулуарлард» айтылған пікірлерде, сіз ҥндемей қаласыз ба əлде жанжалдасасыз ба?


Сізді осы немесе өзге қызмет бабындағы мəселе немесе оқу


тақырыбы бойынша мəселенің басын ашуға көмектесуді сҧраған жағдайда сізде өкініш сезімі туындай ма?

Сіз өз пікіріңізді (ой, бағалау) қандай нысанда баян еткенді жөн санайсыз – жазбаша ма, əлде ауызша ма?


Н ə т и ж е л е р д і ө ң д е у .


«иə» деген жауапқа – 2 ҧпай; «кейде» - 1 ҧпай; «жоқ» - 0 ҧпай. Жалпы ҧпай саны қосылады жəне жіктеуші бойынша, қай адамдар санатына жататындығы анықталады.


30-32 ҧпай – сіз анық тіл табыса алмайсыз. Жақын адамдарыңыз ҥшін сізбен тіл табысу қиын. Сізге ҧжымдық кҥшті талап ететін істе иек арту қиын. Көпшіл болуға, қарым-қатынас жасауға, өз-өзіңізді бақылауға тырысыңыз.


25-29 ҧпай – сіз аз сөйлейсіз, жалғыз қалғанды ҧнатасыз, сондықтан да сізде достар өте аз. Жаңа жҧмыс жəне жаңа байланыс орнату қажеттілігі, егер сізді байбаламға салмаса, онда тепе-теңдік кҥйден ҧзаққа дейін шығарады. Сіз өзіңіздің осы мінезіңізді білесіз жəне өз-өзіңізге риза емессіз, бірақ осы бір наразылық танытуыңызбен шектелмеңіз, сіздің еркіңізде осы мінезіңізді еңсеру өз еркіңізде. Қандай да бір кҥшті қызығушылық болғанда, сіз «кенеттен» толық жайдарылықты сезінетін кездер болмай ма? Тек қана өзіңізді аздап серпілтіңіз.


19-24 ҧпай – сіз көпшілсіз, өзіңізге бейтаныс ортада өз-өзіңізге толық сенімді боласыз. Туындаған жаңа мəселелер сізді қорқытпайды, жəне солай бола тҧрғанымен, сіз бейтаныс адамдармен қарап-қарап араласасыз, жанжалдар мен пікірталастарға лажсыздан қатысасыз.


14-18 ҧпай – сізде біршама ашықсыз. Сіз білуге қҧмарсыз, қызықты əңгімелесуші адамды бар ынтаңызбен тыңдайсыз, басқалармен қарым-қатынаста біршама төзімдісіз жəне қызбалыққа салынбай, өз пікіріңізді қорғап қаласыз. Бейтаныс адамдармен кездесуге қандай да бір қобалжусыз барасыз, сол мезетте сіз шулы компанияларды ҧнатпайсыз, ал əдеттен тыс əрекеттер мен көп сөйлеушілік сіздің жҥйкеңізге тиеді.


9-13 ҧпай – сіз біршама көпшіл адамсыз, білуге қҧмарсыз, сөзуарсыз жəне тҥрлі мəселелер бойынша əңгімелескенді ҧнатасыз. Бейтаныс адамдармен танысуды ҧнатасыз. Көпшіліктің назарында болғанды жақсы көресіз, ешкімге өтінішін орындаудан бас тартпайсыз, алайда оны ҥнемі орындай алмауыңыз мҥмкін. Жылдам ашуланасыз, бірақ тез қайтасыз. Алайда сізге шыдамдылық, төзімділік жəне кҥрделі мəселелермен кез болғанда өжеттік жетіспейді, бірақ егер қаласаңыз, сіз кейін шегінбеуге өзіңізді мəжбҥр ете аласыз.


4-8 ҧпай – сіз, өте көпшілсіз, ҥнемі мəн-жайды біліп отырасыз.


Пікірсайыстарға қатысқанды жақсы көресіз. Кез келген мəселе бойынша өз пікіріңізді айта аласыз, тіпті егер ол туралы жеңіл-желпі тҥсінігіңіз болса да. Барлық жерде де өзіңізді жайлы сезінесіз. Кез келген істі қолыңызға ала аласыз, бірақ оны ақыр аяғына дейін ҥнемі жеткізе бермейсіз. Осы себептен басшылар мен əріптестеріңіз сізге аздап қауіптеніп əрі кҥмəнмен қарайды. Осы жəйттерді ойласыңыз!

3 жəне одан да аз ҧпай – сіз тым ашықсыз. Сіз көп сөйлейсіз, сөзшеңсіз, сізге қатысы жоқ істерге араласасыз. Өзңііз мҥлде білмейтін мəселені шешуді өз мойныңызға алаасыз. Ерікті жəне еріксіз айналаңызда əртҥрлі жанжалдарға себеп боласыз. Қызбасыз, өкпешілсіз, кейде əділетсіз боласыз. Адамдарға — жҧмыста да, ҥйде де – сізбен өте қиын. Сізге өзіңізді жəне өз мінезіңізді қолға алу керек. Бəрінен бҧрын, өзіңізді төзімділікке, ҧстамдылыққа, адамдарға қҧрметпен қарауға тəрбиелеу керек.


Әрине, тест нəтижелерін шынға айналдырмаған жөн. Алайда егер сіз осы тəрізді сҧрақтар негізінде өзіндік талдау жҥргізу қажет деп есептесеңіз, онда өз бетімен, айналаңыздағылармен қарым-қатынасты реттеуге байланысты қиындықтарды тҥсіну жəне жоюға ықылас білдіру деген сөз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет