6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:
Бақылау, баяндау, жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар, сұрақ-жауып, аударма жұмысы, тест тапсырмаларды жағдаяттық тапсырмалар, пікірталас.
7. Көрнекі құралдар: кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск, үлестірмелі карточкалар.
8.Тапсырмалар:
1-тапсырма. Сұраққа жазбаша жауап беріңіздер.
Лексикография ғылыми нені зерттейді?
«Лұғат» сөзі қандай мағына береді?
Түркі тілінің ең алғашқы сөздігін кім жасаған?
Махмұт Қашқари кім?
2-тапсырма. Махмұт Қашқаридің өмірі мен творчествосы жайлы реферат жазыңыздар.
3-тапсырма. Салыстырмалы сөздіктен 10 сөзді алып жан-жақты зерттеу жүргізіңіздер.
4-тапсырма. Академик В.Радлов туралы білгеніңізді дәптерге жазып келіңіздер.
5-тапсырма. В.И. Дальдың, І. Кеңесбаевтың, Д. Ушаковтың шығарған сөздіктері туралы еңбектерді оқып, әрқайсысынан мәлімет жинаңыздар.
Түркі тілдерінің ең алғашқы сөздігі – Махмуд Хусаин ұлы Қашқаридің 1068 жыл жазылып біткен «Диуани лұғати түркі тілдері сөздігі» . Бұл сөздік өз заманында аса жоғары бағаланған. Сөздіктің құрысы, сөздерді жүйелеу тәртібі қиын болғанымен, оларды салыстыра түсіндіру жағынан күні бүгінге дейін көне түркі тілдері тарихы жөнінде аса құнды еңбек ретінде бағаланады.Бұл сөздік үш томдық еңбек болып ХХ ғасырдың басында ғана басылып тарады.
Сөздікте автор түрткі тілдері сөздерін ғана беріп қоймайды, ол тілдегі сөздердің кейде тарихын айтып, грамматикалық өзгешеліктерінен де мәлімет беріп отырады. Сонымен бірге өз заманындағы ру-тайпалардың, халықтардың топонимикасымен байланысты тарихи мәліметтердің этногенезін де айта отырады.
Атақты тюрколог профессор П.М. Мелиоранский «Араб филолог о турецком языке» деген атпен бұл сөздікті 1900 жылы Петербургте бастырып шығарған.
Бұл сөздік негізінен қыпшақ тілдеріне жақын бола тұра, оғыз тобына жататын тілдердің де фонетикалық ерекшеліктерін көрсете отырған.
Сөздік – шағын жасалған көне сөздердің сырын ашуға пайдас тиетін құнды ескерткіш.
Сөйтіп, тарихи сөздіктердің осы сияқты түрлері болса, соңғы кезеңде сөздіктердің түрлері көбейе бастады. Осы күнде салыстырмалы, түсіндірме, академиялық, шет тілдік, екі тілдік, көп тілдік, т.б. және фразеологиялық, терминологиялық, диалектологиялық, этимологиялық, энциклопедиялық, синонимдік чөздіктер деп бөлеміз. Бұлардың өзін тілдік материалына қарай тағы да бірнешеге бөлеміз.
-
Салыстармалы сөздік. Бір-біріне жақын, туыс бірнеше халықтың сөздік құрамын қамтитын сөздікті салыстырмалы сөздік дейміз. Салыстырмалы сөздік туыс тілдерді қамтуы жағынан көп тілдік сөздікке жақын.
-
Түсіндірме сөздік. Түсіндірме сөздік әдетте архаизмдерді де, неологизмдерді де, фразеологияны да, мақал-мәтелдерді де қамтып, кейде жеке сөздің этимологиясынан да мәлімет береді. Сонымен қатар ол сөздікте қазіргі тілдегі негізгі сөздермен бірге, туынды сөздер де қамтылады. Дегенмен күні бүгінге дейін ешбір сөздік белгілі бір тілдің сөздік құрамын түгел қамтыған емес.
Түсіндірме сөздік екі түрлі болып жасалады. Бірінде тілдегі сөздер алфавит тәртібімен реестр етіліп беріледі; екіншісінде сөздік ұя системасымен жасалады.
Түсіндірме сөздік бір тілдің негізгі сөз байлығын қамти отырып, сол тілдің әдеби тілінің нормасын қалыптастырады. Сондықтан оны норматив сөздік деп те атайды.
Қазіргі қазақ тілінің түсіндірме сөздігі ек том болып, проф. І.Кеңесбаевтың редакциясымен жарыққа шықты. Оның І томында 9 мыңдай, ІІ томында 12 мыңға жуық реестр сөз берілген. Сөйтіп, реестрдегі сөз санының шағындығына қарамай-ақ, осы түсіндірме сөздіктің шығуы – қазақ халқының мәдени өсуінің көрсеткіші.
-
Академиялық сөздік. Сөзді қамтуы жағынан түсіндірме сөздікке жақын болса да, бұл сөздіктің өзіне тән ерекшелігі болады. Мұндай сөздікте берілген әр сөздің статьясындағы мағыналары документацияланып, цитаттармен дәлелденіп отырады. Ол цитаттар әдеби тілмен жазылған ең көрнекті, таңдаулы шығармалардан алынады. Сөздің мағынасын анықтайтын цтат болмаса, яғни сөздің сол мағынасы әдебиетте кездеспесе, жұртқа түсінікті сөз бола тұрса да, ол сөз, әдетте, бұл сөздікке енбейді.
Тілдің сөз байлығын мо қамтуы нәтижесінде әрі әдеби тілді сұрыптап алуына байланысты, бұл да нормативтік сөздік деп аталады.
-
Энциклопедиялқ сөздік. Бір тілдің лексикасындағы кесек мағыналы сөздер, ғылыми-техникалық терминдер, басқа түрлі сөздіктерге енбейтін жер, ел, кісі аттары берілетін және әр сөздің этимологиясы тарихы қамтылады. Бұл сөздік ғылыми сөздіктердің ішіндегі ең толығы болып саналады. Ал көлемі жағынан ең үлкені.
-
Этимологиялық сөздік. Бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, этимологиясын талдап түсіндіретін сөздікті құрамдағы сөздердің бәрі бірдей кіре бермейді, тек түбір сөздің біразы ғана енеді.
Этимологилық сөздік дегеніміз – бір тілдің сөздік құрамындағы қандай түбірден қандай сөздер жасалғанын көрсететін сөздік.
Этимологиялық сөздік – бір тілдің лексикасындағы жеке сөздердің шығу, жасалу тарихын, түпкі төркінін білу үшін өте керек құрал.
-
Терминологиялық сөздік. Бір тілдің сөздік құрамындағы ғылыми-техника саласындағы арнаулы атаулардың сөздігін терминология сөздігі дейміз.
-
Синонимдік сөздер. Тілдегі сөздер (әрине, бір тілдің) кейде біріне-бірі синоним болады. Синонимдердің негізгі, тұрақты, ауыспа және контекстегі орнына қарай, қайсысы қай кезде киноним болып, бірінің орнына бірінің қолданылады.
6-тапсырма. Төмендегі берілген әріптерден басталатын түрлі ғылым саласына байланысты сөздерді тауып жазыңыздар.
Берілген әріптер
|
Терминдер
|
грамматикалық
|
экономикалық
|
медициналық
|
заң
|
биологиялық
|
А
Б
В
Г
Д
Ж
К
М
П
С
Т
Х
|
|
|
|
|
|
10. Бақылау (сұрақтар, тестілер, тапсырмалар, т.б.):
Коммуникативті компетенция бойынша:
-
Алғашқы сөздікті кім құрастырған?
-
Сөздіктің қанша түрі бар?
-
Салыстырмалы, түсіндірме сөздіктер қалай жасалады?
-
Академиялық, энциклопедиялық сөздік деген не?
-
Синонимдік сөздік қашан шықты?
Операционалды дағды компетенциясы бойынша:
берілген сөз тіркестерімен сөйлемдер ойлап жазыңыздар.
Іскер топтарп, бақылаушы-сарапшылар, саяси-экономикалық өзгерістер, қызығушылық таныту, назардан тыс қалу (қалмау), тыйым салу, экономикаға инвестициялар тарту, пікірдің қалыптасуы, экономикалық әлеуеті мол, табиғи қорларға бай.
Когнитивті білім компетенциясы бойынша:
Тестілер:
-
Лексикография ғылымы нені зерттейді?
а) сөйлем мүшелерін
ә) сөз табын
б) ғарыш айлағын
в) медицина саласын
г) сөздіктер әлемін
2. «Лұғат» сөзін қалай түсінуге болады?
а) сөздік қор деген мағынаны білдіреді
ә) түсінік деген мағынаны білдіреді
б) құбылыс деген мағынаны білдіреді
в) синтаксис деген мағынаны білдіреді
г) физиология деген мағынаны білдіреді
3. Алғашқы сөздікті кім жазды?
а) В. Виноградов
ә) Н. Ильминский
б) В. Радлов
в) М. Қашқари
г) П. Милиоранский
4. Жеке сөздің этимологиясынан мәліет беретін сөздік қалай аталады?
а) салыстырмалы сөздік
ә) синонимдік сөздік
б) түсіндірме сөздік
в) академиялық сөздік
г) этимологиялық сөздік
5. Ғылым мен техника саласының атауларын беретін сөздік?
а) академиялық
ә) салыстырмалық
б) терминологиялық
в) этимологиялық
г) синонимдік
10. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 77-79бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 45-46бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 100-102бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 168-170
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 49-53беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№30 тақырып. Аралық бақылау
2012 ж.
Әдістемелік нұсқау кафедра мәжілісінде қаралды
№____хаттама
«_____»___________20____ ж.
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент_______С.Қ.Суатай
-
Сабақтың тақырыбы: Аралық бақылау.
-
Мақсаты: Студенттердің өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.
-
Өзектілігі: Студенттердің өткен сабақ тақырыптарын қалай меңгергенін анықтау.
-
Міндеті:
-
Дұрыс оқуға, айтуға, жазуға, білуге үйрету.
-
Күнделікті өмірге қажетті сөздерді, медициналық терминдерді үйрету.
-
Термин сөздер мен әртүрлі сөздіктер жөнінде мағлұмат беру.
Сөздік диктант
І – нұсқа
-
Законодательство
-
Продажа автивов
-
Менеджер по связям с клиентами
-
Менталитет
-
Международная биржа
-
Мобильность
-
Мнение
-
Напряжение
-
Обращение
-
Обратный
-
Обязательство
-
Отвод
-
Отдел
-
Пенсия
-
Передышка
-
Перекладывать
-
Предположение
-
Разработка
-
Разногласие
ІІ – нұсқа
-
Жай сөйлемнің жасалу жолдары туралы айтыңыз.
-
Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен қандай айырмашылығы бар?
-
Құрмалас сөйлем деген не?
-
Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
-
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
-
Салалас құрмалас нешеге бөлінеді?
-
Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
-
Сабақтас құрмаластың баяндауыштары туралы айтыңыз.
-
Сабақтас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
-
Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
-
Салалас құрмалас мағыналық қарым-қатынасына қарай нешеге бөлінеді?
-
Салалас құрмаластың байланысу тәсілдері туралы айтыңыз.
-
Ыңғайлас салаластың жалғаулық шылауларына 5 сөйлем құраңыз.
-
Қарсылықты салаластың тыныс белгілері қандай?
-
Іліктес, себеп-салдар салаластың жасалу жолдары туралы айтып, мысал келтіріңіз.
-
Жұмысты басқаруда басшының ролі қандай?
-
Менеджмент пен фармацевтиканың байланысы туралы айтыңыз.
ІІІ – нұсқа
-
Ұтымды ұйымдастыру дегеніміз не?
-
Сөздіктануды қалай түсінесіз?
-
Терминдердің бүгінгі аудармасы туралы не айтуға болады?
-
Терминкомның бүгінгі жұмысы туралы газет-журналдан не оқыдыңыз?
-
Терминдерді аударған дұрыс па?
-
Сөздіктің неше түрі бар?
-
Сіз сабақ барысында қандай сөздіктерді пайдаланасыз?
-
20 медициналық терминдерді жатқа атаңыз.
-
Сабақтас құрмалас туралы айтыңыз.
-
Сабақтас құрмаластың жасалу жолдары туралы айтыңыз.
-
Сабақтас құрмалас мағынасы жағынан нешеге бөлінеді?
-
Шартты бағыныңқы сабақтастың сұрақтары қандай? Мысал келтіріңіз.
-
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмаласты жасалу үшін қай жұрнақтарды пайдаланса болады?
-
Себеп бағыныңқы сабасқтастың сұрақтарын айтып, 3 мысал келтіріңіз.
-
Мақсат бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не?
-
Махмұт Қашқаридің қандай еңбектерін білесіз?
-
10 медициналық сөзді түсіндірме сөздіктен тауып, мағынасын түсіндіріңіз.
-
Синонимдік сөздікті медицинада пайдалана ма?
-
Басшы өзін әріптестерінің алдында қалай ұстауы керек?
3.Өздік жұмыс бойынша сұрақ:
1. Қазақтың медицина саласындағы танымал қайраткерлері туралы не білесіз?
4.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілждері, пікірталас, сұрақ-жауап, аударма жұмысы, топпен жұмыс, сөйлесу.
5. Негізгі әдебеттер:
1. Бектұров Ш. , Бектұрова А. Қазақ тілі Қазақ тілі для начинающих . Алматы .Рауан 1994, 79-83бет
2. Мусинов А.М. Қазақ тілі Алматы 2005ж. 47-48бет
3. Қошанов А. Экономикалық орысша-қазақша сөздік. Алматы. Дайк-Пресс 2008, 102-105бет
4. М. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури Основы менеджмента Москва. Дело-1994, стр. 170-171
5. К.Ғ. Ахметов Менеджмент негіздері Алматы 2003 55-58беттер
Қосымша әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Қазақ тілі. Алматы, 2005 ж.
2. Қожахметова Х. 40 уроков казахского языка. Алматы, 1989 ж.
3.Мұрзалина Б. Қазақ тілі. Алматы 2003 ж.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері.
Қазіргі медицинаның жетістіктері.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке ақпарат көздеріндегі ғылыми-көпшілік мақалалардың жазылу-үлгісін, олардағы ғылыми ойдың берілу жолдарын үйрету. Ақпарат көздеріндегі медициналық мақалаларға талдау жасату арқылы студенттерге қазақ тілінің грамматикалық құрылымы, медициналық терминдердің қолданылуы туралы мағлұмат беру. Адамзат баласының ең басты байлығы денсаулық болғандықтан, денсаулық сақтау мәселесі, ұлт саулығы, болашақ ұрпақтың сау болып өсіп-өркендеуі сияқты мәселелерді өз бетінше талдай білу.
3. Тапсырмалар:
І. Медицина саласындағы соңғы жаңалықтарға шолу.
ІІ. Тәжірибеге жаңадан енгізіліп жатқан емдеу тәсілдерін оқып, танысу.
ІІІ. Қазақстандағы медицинаның дамуы жайлы мақалаларды білу.
ІV. Қазақ тіліндегі медициналық газет-журналдарды оқу.
4. Орындалу тәсілі. Конспект, реферат, эссе, баяндама, беріліген сұрақтарға жауап, талдау, глоссарий құрастыру, талдау (аналитикалық) шолуын жазу, бақылау жұмысы
5. Орындалу талаптары:
-
Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.
-
Ақпарат құралдары негізінде өзіне берілген тақырыпқа шолу жасау.
-
Өздік жұмыс ретінде берілген тақырыпқа реферат немесе конспект жасап, глоссарий жазу.
-
Ақпарат көздерінен тақырыбына қатысты барынша мол мағлұматтар келтіру.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8. Әдебиеттер:
1. Қазақ тіліндегі «Денсаулық», «Отбасы және денсаулық», «Парасат», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Жас алаш», «Айқын» т.б. газеттер мен журналдар.
2. Интернеттегі www.abai.kz, www.newskaz.kz , www.bbc.com сияқты әртүрлі сайттар.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
-
Қазақ тіліндегі қандай газет-журналдарды білесіз?
-
Өзіңіз таңдап алған газет немесе журналдағы медицинаға қатысты қандай мақалаларды оқыдыңыз?
-
Қазақстан медицинасының дамуына зор үлес қосып жүрген дәрігерлерді атаңыз.
-
Қазақ тіліндегі қандай ақпарат көздерін білесіз?
-
Өзіңіз таңдап алған ақпарат құралдарын медицинаға қатысты қандай мақалаларды
оқыдыңыз?
-
Ғылыми мақала дегеніміз не?
-
Ғылыми стиль туралы не білесіздер?
-
Ғылыми-көпшілік мақалалардың өзіндік ерекшеліктері туралы не білесіздер?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 2. Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Дәрігер мен науқас арасындағы сұхбат.
2. Мақсаты: Өздік жұмыс арқылы студентке игеріп отырған мамандығы бойынша кәсіби сөздік қорын байыту, медициналық терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Оларды әртүрлі аурулар бойынша рөлдік ойындар арқылы сұхбат жасай білуге баулу. Дұрыс диагноз қойып, аурудың түрін анықтауда дәрігердің қойған сұрақтарына науқастың нақты әрі айқын жауап беруінің маңызды екенін түсіндіру.
3. Тапсырмалар:
-
Дәрігер мен науқас арасында белгілі бір ауру бойынша сұхбат ұйымдастыру
-
Белгілі бір жүйе аурулары бойынша рөлдік ойындар өткізу
-
Белгілі бір жүйе бойынша іскерлік ойын құрастыру.
-
Белгілі бір жүйе аурулары жайлы мәліметтер келтіріп, жазбаша есеп (ақпарат) жазу.
4. Орындалу тәсілі. Жазбаша есеп (ақпарат), сценарий.
5. Орындалу талаптары:
-
Іскерлік ойын барысында дәргердің сөздік қорының барынша мол әрі түсінікті болуын қамтамасыз ету.
-
Сұхбатта науқастың жауабы ойын тақырыбына сай болуы.
-
Сұхбатта қолданылған медициналық терминдерді медициналық оқулықтардағы терминдермен салыстыру.
-
Рөлдік ойындағы медициналық сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін ашып көрсету.
-
Сөйлемдердің грамматикалық құрылымдары туралы қазақ тілі грамматикасы бойынша жазылған оқулықтарды пайдалана отырып, өз ойларын айту.
-
Рөлдік ойындардың сценарийінің жазбаша нұсқасын өткізу.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:
1.Доскеева Б.Ж. «Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған». Алматы, «Қайнар», 2002 ж.
2. Дәрменқұлова Р.Н. «Медициналық мәтіндер жинағы». Алматы, 2002 ж.
3. Дәрменқұлова Р.Н. «Қазақ тілі», Алматы, 2010 ж.
4. Рақышев А. «Қазақша-латынша-орысша анатомиялық сөздік».
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
1. Сұхбат бойынша қандай медициналық терминдер қолдандыңыз?
2. Рөлдік ойындардың сізге қандай көмегі болды?
3. Сізге берілген рөл өзіңізге ұнады ма? Неге?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 3. Орта ғасыр ойшылдары
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Орта ғасыр ойшылдары.
2. Мақсаты: Түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын Орта ғасыр мұраларының мәні өте зор. Сондай құнды рухани жазбалардың қазақ жерінде өте көп болуы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш. Сондықтан, бұл жердегі мақсат – жастардың көне ойшылдар еңбектерінің тәрбиелік мәнін жете түсініп, одан тағылым алуы.
3. Тапсырмалар:
І. Ұлы дала ойшылдарын білу.
Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи, Баласағұни
ІІ. Олардың өмірі мен еңбектері туралы жақсы білу.
ІІІ.Өзі таңдап алған бір ойшылдың айрықша еңбектеріне тоқталып, айта білуі керек.
ІV. Сол тұлғаның шығармаларын, еңбектерін оқуы керек.
4. Орындалу тәсілі. Реферат түрінде.
5. Орындалу талаптары:
-
Студент оқытушыдан нақты бір тақырыпты алғаннан кейін, өз тақырыбына қатысты оқытушы ұсынған және өз бетімен іздеп тапқан әдебиеттерді оқып, танысу.
-
Әдебиеттердің негізінде өзіне берілген ойшылдың қысқаша (1 бет көлемінде) өмірбаянын жазу. Шығармашылық жолына (1 бет көлемінде) шолу жасау.
-
Өздік жұмыс ретінде берілген ғұламаның бізге жеткен мұрасына тоқталып, қысқаша талдау (аннотация) жасау.
-
Ол туралы белгілі бір тұлғаның (ғалым, жазушы т.б.) пікірін келтіру.
6. Тапсыру мерзімі. Күнтізбелік жоспармен сәйкес болуы керек.
7. Бағалау өлшемі. 100 балдық жүйе.
1. Жұмыстың сапасы – 100 б.
2. Жұмыстың мазмұны – 100 б.
8.Әдебиеттер:
-
Мағауин М. «Ғасырлар бедері», Алматы, «Жазушы», 1991ж.
-
Жарықбаев Қ. «Ақылдың кені», Алматы, «Қазақстан», 1991ж.
-
Бердібаев Р. «Дәстүр тағылымы», Алматы, «Жазушы», 1973 ж.
-
«Даналардан шыққан сөз» (Құрас.Ұ.Асылов), Алматы, «Мектеп», 1987.
-
«Бес ғасыр жырлайды» (Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев), Алматы, «Жазушы», 1989, 1т.
-
Баласағұн Ж. «Құтты білік» (Ауд. А Егеубай), Алматы, «Жазушы», 1986 ж.
-
Сүйіншәлиев Х. «VIII-XVIII ғасырдағы қазақ әдебиеті», Алматы, «Мектеп», 1989 ж.
-
Бердібаев Р «Сарқылмас қазына», Алматы, «Мектеп», 1983 ж.
-
Жолдасбеков М. «Асыл арналар», Алматы, «Жазушы», 1990 ж.
9. Бақылау: Сұрақтар беру арқылы.
1. Орта ғасыр ойшылдары деп кімдерді айтамыз?
2. Өзіңіз таңдап алған ойшыл тұлға туралы не білесіз?
3. Ол ойшылдың халық, қоғам алдындағы қандай айрықша еңбектерін айта аласыз?
4. Сол тұлға өмір сүрген жылдарда қоғамда қандай өзгерістер болып жатқан еді?
5. Жүсіп Баласағұн толғауларының негізгі тақырыбы?
6. Махмұд Қашқаридің бізге жеткен еңбегі қалай аталады?
7. Ахмет Яссауи хикметтерінің идеясы неде?
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
№ 4. Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2012 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай
1. Тақырыбы: Әлеуметтік мәселелерге байланысты әр тақырыпта сауалнама жүргізу.
2. Мақсаты: Берілген тақырып бойынша студенттің нақты сұрақтар құрастыра білуі. Әртүрлі әлеуметтік мәселелерге байланысты мамандар (студенттер, тұрғындар, тұтынушылар, дәрігерлер т.б) арасында сауалнама жүргізіп, оған талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |