Активтілік. Электролит ерітінділерін термодинамикалық тұр-ғыдан сипаттап, өрнектегенде, ғылымға 1908 жылы Г. Льюис ен-гізген активтілік әдісі кең қолданылады. Иондар арасындағы электр статистикалық әрекеттесу нәтижесінде иондардың өзара байланысуы пайда болады, мысалы олардың қозғалуы баяулайды және әлсіз электролиттердегі диссоциациялану дәрежесінің азая-тыны сияқты ерітінділердің де кейбір қасиеттері өзгереді. Сондық-тан концентрация орнына активтілік қолданылады, кейде оны көзге көрініп, өлшеуге келе бермейтін немесе әсерлі концентрация ^деп те айтады. Термодинамикадағы концентрацияны активтілік-пен алмастыру арқылы идеал системаларға арналған теңдеулерді кәдімгі ерітінділерге қолдануға болады.
Концентрация мен активтілік а=ү-С теңдеу арқылы байланы-сады. Мұндағы: а — активтілік, ү — активтілік коэффициенті. Ак-тивтілік коэффициенті концентрацияға тәуелді шама және оның мәні көптеген электролит ерітінділері үшін анықтамалықтарда келтіріледі. Сондай-ақ, активтілік коэффициентін берілген элек-^ролит ерітіндісінің концентрациясы мен енді осы концентрация-иағы сол электролит ерітіндісін идеал жағдайда деп есептегендегі концентрация айырмашылығына теңеуге болады. Электролит ері-тінділерін шексіз сұйылтқан кезде, ондағы ионаралық өзара әре-Кеттесу, әсерлесу әлсірегендіктен, ерітінді активтілігі концентра-
цияға жақындайды, ал активтілік коэффициенті 1-ге ұмтыладыг яғни ерітіндіні сұйылтқан сайын С--0, а-С және ү-1.
Ерітінділердің әр түрлі қасиеттерін тәжірибе кезінде өлшеу арқылы активтілікті және онымен тікелей байланыста болатын активтілік коэффициентін анықтайды: ерітінді буының қысымы, қайнау температурасы, қату температурасы, осмостық қысымы немесе гальваникалық элементтердегі электрді козғаушы күшті өлшеу.
Ерітіндідегі иондар активтілігінің коэффициенті, осы ерітінді-дегі барлық иондардың концентрациясы мен зарядтарына тәуелді болатынын көптеген зерттеулер мен тәжірибелер көрсетті. Мұның шамасын сипаттау үшін, 1921 жылы Льюис иондық күш (I) үғы-
мын пайдалануды ұсынды: I=
Иондық күш дегеніміз әрбір ион концентрациясыныд заряд квад-ратына көбейтілген көбейтінді қосындыларыньщ жартысы екен. Ерітіндіде басқа иондар болмаса және осы электролиттегі ион-дық күш 1-ге тең болса, онда ол концентрацияға тең (І = С). Баоқа жағдайларда иондық күш моляльдік концентрацияға тең бол-майды. Мысалы, 1000 г суда 0,01 моль К2SО4 және 0,1 моль МgСl2 ерітілсе, онда
К+ S0~ 2 Мg2+ С1- I= . (0,02-12 + 0,01 -22 + 0,1 -22 + 0,2-12) =0,33
Тәжірибе кезінде иондық күштің заңдылығы дәлелденіп, тұжы-рымдалды. Ерітіндідегі электролиттің активтілік коэффициенті және оған орай электролит иондарының актизтілік коэффициенті иондық күшке тәуелді және ол ерітіндідегі басқа ион түрлеріне байланысты емес. Мүны басқаша айтқанда, ерітінділерде басқа ион түрлерінің болғанына қарамастан, ион күші бір-біріне тең бо-латын екі ерітіндінің активтілік коэффициенттері де, оныц ион-дарының активтілік коэффициенттері де бірдей екен.
Достарыңызбен бөлісу: |