Қайталау сұрақтары 1. Бұрынғы КСРО туризм дамуы кезеңдеріне сипаттама беріңіз. 2. В.И.Ленин қол қойған декреттерінің одақтық туризм дамуында атқарған рөлі туралы айтып беріңіз. 3. Ағарту халық комиссариатының туризм мен экскурсияларды ұйымдастырудағы рөлі жөнінде әңгімелеп беріңіз. 4. Мәскеу мен Ленинградта туристік-экскурсиялық іс-әрекетпен айналысқан мекемелер мен ұйымдарды атап шығыңыз. 5. Кеңес туризмінің дамуында «Комсомольская правда» газеті қандай маңыз атқарған? 6. Пролетарлық туризм қоғамы (ПТҚ) қалай және қашан ұйымдастырылды? 7. «Совтур» мен Пролетарлық туризм қоғамы (ПТҚ) қашан біріктірілді және нәтижесінде қандай ұйым пайда болды? 8. Пролетарлық туризм мен экскурсиялар қоғамы (ПТЭҚ) жұмысы жөнінде айтып беріңіз. 9. Пролетарлық туризм мен экскурсиялар қоғамы (ПТЭҚ) қашан және неге жойылды? 10.Соғыс алдындағы жылдары туристік-экскурсиялық іс-әрекетінің қайта ұйымдастырылуы қандай түрде өткен? 11. Қай жылы туризм Бірыңғай спорттық классификацияға енгізілді? Бұл оқиғаның маңызы неде? 12. КСРО туризмінің 60- жылдарындағы дамуы туралы айтып беріңіз. 13. «Спутник» Халықаралық жастар туризмі бюросы (БММТ «Спутник») қашан және қандай мақсатта құрылды? 14. 70-жылдары туристік мамандары қайда және қандай түрде даярланған? Туризм аясындағы ғылыми-зерттеулерін кім жүргізген? 15. КСРО отбасылық туризмінің даму тарихы жөнінде әңгімелеп беріңіз. 16. КСРО-да 1970-1980 жылдардағы өзіндік және спорттық туризмінің дамуына сипаттама беріңіз. 17. КСРО бұқаралық туризмнің ең маңызды маршруттарын атап шығыңыз. 18. КСРО туризмі 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында қалай дамыған?