«Туризм географиясы» (Fremdenverkehrsgeographie) ұғымын
географиялық терминологияға енгізіп, оның қамтитын ауқымын анықтау
әрекетін австриялық ғалым И.Страднер жасады* [102]. Оның пікірінше,
географияның дәл осы пәні туристік қозғалыстың өзі және онымен байланысты
экономикалық салдарларымен бірге осы аумақтың тартымдылығын құратын
туристік қасиеттерін (табиғаттық және табиғаттық емес) қамтуы міндетті. Осы
қасиеттер туристік карталарда көрсетілуі қажет, ал
туристік карталарды
құрастыру туризм географиясының кезекті міндеті болып табылады.
И.Страднер аумақтардың туристік пайдаланылу деңгейі мен олардың халық көп
шоғырланған қалалық және өнеркәсіптік орталықтарға немесе байланыс
жүйесіндегі орналасу реті арасындағы өзара байланыстылығына ден қояды.
Осы жұмыста туристік аудандастыруға, туристік қасиеттерге, әсіресе бір
туристік аймақтың (аумақтың) (Verkehrgebiet, Verkehrsbezirk) басқа аумақтарға
ұқсатпайтын айырмашылығын көрсететін табиғи ортасы элементтерінің
бірыңғайлығына алғашқы рет назар аударылған. Жиі қолданатын осындай
аумақтарды саяси немесе әкімшілік шекаралары бойынша бөлу әдісін Страднер
қате деп есептеген. Аудандастыру қағидаларын анықтау әрекетін жасап,
туристік аймақ ұғымына, мысалы, Альпіні, Карпатты, Адриатикалық
жағалауды, Боден көлін жатқызды, ал олардың шекаралары сол кездегі саяси
шекараларымен мүлдем ұйқаспаған.
Страднердің жұмысы туризмнің
географиялық зерттеулерінде, әсіресе,
оның зерттеу тақырыбын анықтау жағынан жасалған үлкен қадам болғаны
жөнінде ешқандай күмән жоқ. Кейінгі зерттеулер туризм географиясының
ауқымын коммуникациялық мәселелері сияқты элементтерімен толықтырып,
кеңейтті. Туристік қозғалыстың өсуі ХХ ғасырдың басынан-ақ көптеген елдерге
әлеуметтік-экономикалық әсерін тигізіп, оны халық шаруашылығының ең
тиімді салаларының бірі ретінде түсініп, «туристік өнеркәсіп» [42] деп атай
бастаған.
Туристік құбылыстардың географиялық
сипатына географтар ХІХ
ғасырдың өзінде назар аударған [102], бірақ осы мәселені толық түрде бірінші
болып К.Шпютц [105] талдаған. Автор өз жұмысында туристерді қабылдайтын
елдер мен аймақтардың экономикалық, қоғамдық және мәдени қатынастарының
өзгеруіндегі туризмнің рөлін талай рет көрсеткен. Сонымен
қатар Шпютц туристік қоныстану торының кеңістіктік дамуы мен
«қонақжайлық кәсібі» (Gastgewebe) дамуының әсерінен болған кенттердің бет-
әлпеттерінің өзгерістері жайлы көп жазған. Сондай-ақ, Шпютц туристік
қозғалысының әсерінен болған табиғи және мәдени ландшафтарындағы
өзгерістерді зерттеу қажеттілігін атап көрсеткен.
Басқа географтар Шпютцтың зерттеулерін тереңдетті және географиялық
талдауларында туристік статистиканы [38, 102] туристік құбылыстар ауқымы
жөніндегі ақпараттың негізгі дерекнамасы ретінде үлкен көлемде пайдаланды.
__________
*J.Stradner. «Der Fremdenverkehr». – 1. Aufl., Graz, 1905, 2. Aufl., Graz, 1917.
110
Осы кезеңнің соңында осы саланың қарқынды дамуы, әсіресе, Берлинде
Туризмнің зерттеу институтының пайда болуына байланысты неміс туризм
географтарының ғылыми іс-әрекетінің жандануы байқалды
(1935-1945 жылдар
кезеңі жөніндегі тарауды қараңыз).
Осы кезеңде Р.Глюксманның*, А.Грюнтальдың алғашқы еңбектері,
туристік құбылыстарды географиялық қырынан
қарастыру әрекетін жасаған
Г.Вегенердің** шығармасы жарық көрді. Автор туризм мен табиғи және,
әсіресе, мәдени қасиеттері арасындағы өзара байланыстылығына ерекше ден
қояды. Сонымен қатар Г.Вегенер туристердің демалыс орнын таңдау түрткілері
мен туристік қозғалыстың айналадағы ландшафтқа (табиғи және мәдени)
тигізетін әсерін зерттеді.
Қарап тұрсақ, осы кезеңде туризм географиясы бойынша зерттеулер неміс
тілді елдерде жүргізілген. Бұл Еуропаның осы бөлігінде, әсіресе, Австрия мен
Швейцарияда қарқынды түрде байқалған туристік қозғалыс географиясына
байланысты болған. Өз кезегімен, Германияда өтіп жатқан урбанизациялау мен
индустриялану үрдістері халықтың жаңа демалыс аумақтарына деген
сұранысын тұғызған. Осы елдерде туристердің қаптап келуінің оң да, теріс те
салдарлары көбейе бастаған. Бір жағынан, туристік қозғалыс белгілі
экономикалық пайда әкелді, басқа жағынан қарасақ, туристердің асып кеткен
түрде шоғырлануы және осыған байланысты аумақтардың қарқынды игерілуі
территорияның туристік қасиеттерінің жоғалу қауіпіне әкелген.
Қолдағы тарихи дерекнамаларға сүйенсек,
аталған елдер туристік
құбылыстардың географиялық зерттеулерін алғашқы болып өткізгені
анықталады. Қарсылас пікірлер [83] кездессе де, басқа еуропалық елдерде бұл
саладағы зерттеулер кейін ғана басталған. Дамыған туризмнің «классикалық»
елі Италияның өзінде осындай зерттеулер 1899 жылы ғана басталды [83, 102],
ал туризм географиясының жүйелі зерттеулері тек ХХ ғасырдың жиырмасыншы
жылдарының басында ғана тіркелген. Мұнда А.Мариоттидің іс-әрекеті өзіне
назар аударады. Ол көптеген еңбектерін жазумен бірге, туризмге байланысты
мәселелер жөнінде 1925 жылы Рим университетінің туристік
шаруашылығының Жоғарғы курстарында дәрістерін оқып, белсенді
дидактикалық және насихаттау жұмыстарын жүргізген.
Туристік қозғалыс ХІХ ғасырдан бастап жолға қойылған, ал
осы
ғасырдың соңында бұқаралық кәсіпке айналып кеткен Францияда географтар
туристік құбылыстарын зерттеу жұмыстарының шағын ғана көлемінде
қатысқан. Осы кезеңдегі туризм мәселелерімен айналысқан аз ғана француз
географтарының бірі Р.Бланшардың көзқарасы бойынша, туризм, дәлірек
айтсақ, осы елде ұғым ретінде қабылданған «туристік өнеркәсіп» (l′ industrie du
tourisme) «елдің шетелдіктер көруі қажет көрікті жерлерін пайдалану» болып
__________
*R.Gluksmann. «Die wissenschaftliche Durchdringung des Fremdenverkehrs». – «Verkehr
und Bader», Jg.1929 № 40.
**G.Wegener.
«Der Fremdenverkehr in geographischer Betrachtung»
[B:].
«Fremdenverkehr. Beitrage…hrsg.von der industrie und Hadelskammer zu Berlin». – Berlin, 1929.
111
табылады. Осы мақсатта кіріс жолдарын жабдықтап демалыс жағдайлары мен
туристік қызмет көрсету түрлерін лайықты түрде жоспарлау қажет деп
пайымдаған [42]. Осындай пайымдауға негізделіп, Бланшар өз зерттеулерін [16]
жүргізген, ал кейбір зерттеушілер [20] Бланшардың Альпы жөніндегі еңбегін
француз туризм географиясындағы алғашқысы деп есептеген.
Қарастырылып отырған кезеңнің соңында туристік проблемалар Құрама
Штаттары географтарын қызықтыра бастаса да,
басылымдардың көбі
отызыншы жылдардан бастап қана жарық көрді. Американ географтары
зерттеулерінің басты тақырыбы демалысқа арналған табиғи орта ресурстарын
қорғау мәселелері болды [20].
Достарыңызбен бөлісу: