Сабаққа дайындық сұрақтары:
Антисептика туралы түсінік. Антисептика түрлері.
Механикалық антисептика. Жараларды біріншілік және екіншілік хирургиялық өңдеу туралы түсінік, олардың принциптері мен кезеңдері.
Физикалық антисептика: кептіру, тампондау, жаралар мен қуыстарды дренаждау, вакуумдық өңдеу, вакуумдық аспирация, сұйықтықтың импульсті ағынымен емдеу, аспирациялық-жуу әдісі, УФО, лазерлік сәулелену, ультрадыбыстық кавитация, гипербарикалық оксигенация, озон терапиясы.
Химиялық антисептика. Әр түрлі химиялық заттарды қолдану әдістері. Антисептиктердің жергілікті және жалпы қолданылуының түрлері.
Биологиялық антисептика, биологиялық антисептиканың түрлері. Биологиялық антисептиктер. Дененің иммундық күштеріне әсер ету әдістері. Пассивті және белсенді иммундау. Иммунокоррекция және иммуностимуляция.
Асептика туралы түсінік. Түрлері. (Ағылшын тілінде).
Ауа контаминациясы жолдарындағы микрофлорамен күрес. Жанаспалы және имплантациялық микробтық контаминацияның алдын алу.
Операциялық киімдерді, киім-кешектерді, хирургиялық қолғаптарды, таңу және тігу материалдарын, хирургиялық аспаптарды, дренаждарды стерильдеу.
Химиялық зарарсыздандыру мен дезинфекцияның заманауи құралдары мен әдістері. Стерильділікті бақылау.
Хирургтің қолын өңдеу және дайындау әдістері. Хирургиялық өрісті дайындау және өңдеу әдістері.
Сабақты өткізу форматы: ауызша сұрау, МСQ тестілерін және ситуациялық есептерді шешу. № 1, 2 практикалық дағдыларды игеру. Қашықтықтан оқыту кезінде сабақтар бейнетіркеумен Moodle, ZOOM, Cisco Webex платформасында өткізіледі.
Бақылау: бағалау – жиынтық, ауызша жауап, МСQ тестілері мен ситуациялық есептерді шешу, практикалық дағдыларды көрсету негізінде қойылады.
СОӨЖ үшін тапсырмалар: Жергілікті жансыздандырудың жекелеген түрлерінің техникасы: көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері, енгізу әдістері, мүмкін болатын асқынулар және олардың алдын алу жолдары. Новокаинді блокадаларды қолдану көрсеткіштері, түрлері және техникасы.
СОӨЖ бақылау: кеңес беру кезеңінде кері байланыс, СОӨЖ бойынша сұрақтар аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізіледі, формативті бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |