ҚАТУ «Ет және ет өнімдерін өндіру цехы» ысталған шұжық өнімін алу үшін қолданылған құрал-жабдықтар
Еттартқыш МИМ 600М – ет және балык етін ұсақтауға арналған машина.Өнім электроқозғалтқыш арқылы шнекті айналдырып,қабылдағыш тор,пышақ,16 диаметрлік тор,пышақ пен 5мм диаметрлік тор арқылы ұсакталады.Өнімділігі 600кг/сағ.,қуаттылығы 2,2кВт, үшфазалы,габариттері 560x 540x 420мм ,жалпы массасы 48кг.
Фаршараластырғыш ИПКС-019 –механикалық араластыруға арналған құрал.Өнімділігі 400кг/сағ.1 минутта 35 оборот жасайды, 5 лопос арқылы фаршты араластырады,қуаттылығы 0,8квт,габарит өлшемі ұзындығы 800мм, ені 650мм, биіктігі 1100мм.Жалпы салмағы 70кг.
Вакуумдық шприц ИПКС-047 - сосиска,сорделька,шұжық оболочкаларын дайын фаршпен толтыруға арналған машина.Өнімділігі 800кг/сағ,сосиска үшін 200кг/сағ,бункер ауданы 100л,ротор минутына 40-140 оборот жасай алады,импульсты,үздіксіз жұмыс жасайды,үш насадкасы бар: сосискаға 21-24мм,сорделька 34мм,шұжыққа арналған.
Тоңазытқыш камера КХ-3 – мини цехтарға, гипермаркеттерге,үлкен асханаларға арналған тоңазытқыш.Ет,балык,полуфабрикаттарды суыту, каттыру,сақтау үшін қолданылады.Т 20-35°С, ылғалдылығы 55%.
ҚАТЗУ «Ет және ет өнімдерін өндіру цехы» дайындалған шұжық өнімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде кез келген өнім өндіргенде оның сапасы адам өміріне тікелей байланысты екендігін айтып кетсек артық болмайды. Себебі, адам, өнім болсын, қызмет көрсету түрі болсын олармен күнделікті кездесіп отырады.Сонымен қатар оның сапасы төмен болса, адам өмірі мен денсаулығына едәуір қауіп төндіреді.
Жоғары сапалы өнім шығаруға міндетті шарттың бірі болып шикізатты дұрыс таңдау мен өндірістің технологиялық процесін қатаң сақтау табылады. Санитарлық гигиеналық шаралар мен ережелерді сақтау, химиялық қоспаларды дұрыс пайдаланып,шамадан тыс қоспау болып табылады. Адам қоғамының алдында тұрған басты мәселелердің бірі ол таза және сапалы тағам өнімдерін тұтыну. Қазіргі кезде біздің елімізде өнімдердің сапасына үлкен көңіл бөлініп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |