С. Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет37/83
Дата12.04.2023
өлшемі6.43 Mb.
#472086
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83
Сембинова-1

Рөлдер
Аудитория
Форма
Тақырып
Рөлді
таңдау
үшін тақырыпты
кімнің жақсы аша
алатыны
ескерілуі тиіс. Ол
5-6
адамнан
тұратын
әлеуметтік топ
немесе
жеке
тұлға
болуы
мүмкін
Мәтіннің кімге
арналатыны
анықталады. Ол
белгілі
бір
адамдар тобы
немесе белгілі бір
ұйым, әлеуметтік
топ, жеке тұлға
болуы ықтимал
Мәтін
және
аудитория
ерекшелігі
ескеріліп, ойды
баяндау үшін
жанр таңдалып
алынады.
Мысалы, төменгі
сынып
оқушыларына
ертегі түрінде
болса,
ересектерге
баяндама, өлең,
эссе, т.б. алуға
болады.
Айтылатын ойды
ұтымды жеткізу,
оны терең ашу
үшін тақырыптың
атқаратын рөлі
ерекше.
2-қадам. Рөл, аудитория, тақырып, баяндау формасы ескеріліп, қажетті
материал жинақталады.
58


3-қадам. Жинақталған материал ой елегінен өткізіліп, баяндау үлгісінің
жанрына сай қағаз бетіне түсіріледі.
4-қадам. Егер топтық жұмыс болса, топта тағы бір рет талқыланады,
жаңа идея мен ой қосуға болады, түзетулер енгізіледі.
5-қадам. Дауыстап оқылып, көпшілікке ұсынылады.
Бұл әдісті екі түрлі жолмен жүзеге асыруға болады. Біріншісінде бәрі
құпия болады. Мәтін оқылған соң кімнің атынан, қандай аудиторияға
арналғаны, қайсы жанрда жазылғаны және тақырыбы қандай болуы мүмкін
екендігін тыңдап отырғандар табады.
Ал екіншісінде рөл бірден беріліп, кімге арналатыны, қай формада
жазылатыны, тақырыбы алдын ала ескертіледі. 
Мысалы, «Менің атым Қожа» туындысын өткенде Қожа болып сөйлеуге,
автор атынан баяндауға, оқырман рөлінде көрінуге болады. Әр пәннің
ерекшелігіне байланысты тақырып таңдалып алына береді. Экономика
сабағында ақшажеке кәсіпкер немесе заңгер атынан да сөйлеуге болады.
Жарнама
Бұл да - ойды ұтымды жеткізудің және
шыңдаудың бір әдісі. Өтіп отырған тақырыпқа
байланысты оның маңызды элементін алып жарнама
жасауға болады. Жарнама тілі қысқа, қызықты, ұтқыр
болуы абзал. Сонымен қатар айтқанына сендіре
алатындай нанымды шығуы тиіс. Жарнама күнделікті өмірімізде жиі
кездесетіндіктен, онымен бәрі таныс. Тек нені жарнамалау керек және мақсаты
қандай соны нақты анықтап алса болғаны. Ойды қысқа да нұсқа жеткізуге,
соған қарамастан ең негізгі мәселені айта білуге үйретеді.
Зерттеушілердің көбі жарнама ғылымның арнайы бір саласына жатқызса,
практиктер басқару, кәсіпкерлік пен іскерлік өрісінен іздегісі келеді, ал
жарнамалық хабарландырулар әзірлеуге қатысы бар мамандар шығармашылық
үдерістің өзіндік бір түрі деп санайды. 
Күнделік
Әдетте күнделік мемуарлық әдебиеттің алғашқы үлгісі
іспеттес. Ол – автордың күнделікті немесе белгілі бір
кезеңдерде жазылатын жазбасы. Күнделік бірінші
жақтан жазылады, датасы қойылып отырады, қысқаша баяндалады. Әркімнің
59


өзі үшін жазылатындықтан, неғұрлым шынайы болады, ойы ашық беріледі.
Оны көп адамға оқыта бермейсің, тіпті ешкімге де оқытуға болмайды деуге
болады. Сол себептен де күнделікті әдеби жанрдың бір түрі ретінде ұсынған
жөн. Өтілген тақырып бойынша жазғыза отырып, нені ұққанын, не қиындық
тудырғанын білуге де болады немесе оқу материалын қаншалықты
меңгергенін бағамдауға ықпал етеді. Күнделік жазу барысында жаңа бір
жанрды меңгереді, тақырып туралы ой қозғай отырып, есінде сақтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет