Физикалық белсенділіктің де рөлі арттылып айтылуда. 1999 жылы халықаралық симпозиумда физикалық
белседілік семіздікті емдемейтіні, тек асқынып кетуден сақтайтыны туралы айтылған болатын [23]. Семіздікті
емдеу мақсатымен, тек қана физикалық белсенділікті қолданған пациенттер, емдәмдерді және басқа да шараларды
қолданған пациенттермен салыстырғанда, жеткен нәтижелері әлде қайда төменірек [24].
Барлық авторлармен көрсетіліп отырған емделу түрінің ең тиімдісі -дұрыс
тамақтану мен өмір-салтының
физикалық белснділік бағытында өзгерті. Алайда, семіздік дертін психикалық аспектерді қоса қарастырып емдеу
қажет. Өйткені, тек қана 5-10 пайыз емделуші өз салмақтарын сол қалпында 2 жыл шамасында ұстайды [25].
Дәрілік заттарға келетін болсақ, семіздікті ұзақ уакыт емдеуге болатын дәрілік заттардың саны аса көп емес. Дүние
жүзінде көп елдерде семіздікті емдеуге орлистат дәрілік затын қолдануға рұқсат берілген. АҚШ-та семіздікті ұзақ
уақыт емдеу шараларына FDA (Food and Drug Administration) 5 дәрілік зат тіркелген: орлистат (1999), лоркасерин
(2012), фентерамин/топирамат (2012), налтрексон/бупропион (2014) және лираглутид (2014) [26].
Көпшілігінің
адам денсаулығына әссері жайлы клиникалық зерттеулер мен мәліметтер жеткіліксіз.
Достарыңызбен бөлісу: