анықталып отыр [6]. Дегенмен, артериалды қант қысымы және қант диабетіне байланысты қауіп, сонымен қатар
физикалық шынығу және алкогольдің әсерінен қорғаныс ерлерде әйелдерге қарағанда бірнеше есе жоғары болады
[7]. Жас әйелдер, егер олар қауіптің негізгі 5 факторынан аулақ болса (шылым шегу,
артериалды қан қысымы,
гиперхолестеринемия және артық дене салмағы) жүректің ишемиялық аурулары және жүрек қантамыр аурулары
сирек кездеседі [8].
Семіздік пен жүрек - қантамыр ауруларының асқынуы арасындағы анық байланыс Фрамингемдік зерттеулерден
алынған мәліметтер бойынша анықталынды [9].
26 жыл бойына жүрек-қантамыр ауруы жоқ 5209 ер және
әйел адамдар бақылауға алынып, семіздік жүрек-
қантамыр ауруларының асқынуының қауіп факторы екені анықталды, әсіресе әйелдерде.
Көптеген логистикалық талдаудың нәтижелері көрсеткендей, зерттеудің басында салыстырмалы дене салмағы
жүректің ишемиялық ауруларының (стенокардия,
тұрақсыз стенокардия, миокард инфаркта, кенеттен қайтыс
болу), жүректен
өліп кетуді, ерлерде жүрек қан айналымының функциясының жетіспеушілігінің дамуына болжам
жасайтын рөл атқарады.
Семіздіктің болжам жасауына әсері адамның жасына, систологиялық артериалды
қан қысымы дәрежесіне,
холестеринге, шылым шегуге және глюкозаға деген тәуелсіздіктің бұзылуына байланысты емес. Әйелдерде
салыстырмалы дене масссасы миокард инфарктінің, жүрек функциялырының
жетіспеушілігінің, сонымен бірге
жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім санының дамуына маңызды статистикалық байланысқа ие. Семіздік-
жүрек-қантамыр аурулары үшін, ұзақ мерзімді болжамдық маңызға ие, әсіресе 50 жасқа дейінгі науқастарға.
Жас ұлғайған сайынғы дене массасының ұлғаюы жүрек — қантамыр ауруларының
пайда болу қауіпін ұлғайтады,
басқа факторларға тәуелсіз, мысалы: бастапқы дене массасына немесе басқа семіздікке алып келетін факторларға.
Денсаулық және тамақтану бойынша Ұлттық зерттеулердің National Health and Nutrition Examination Surveys
(NHANES) мәліметі бойынша, АҚШ-та соңғы 20 жыл ішінде орта жасар (34-54) әйелдер арасында миокард инфаркті
көбейіп кетті, бұған салыстырғанда осы жас аралығындағы ерлер арасында төмендеу [10].
EuroHeart зерттеулері көптеген маңызды кардиологиялық зерттеулерге, әйелдер жеткілікті түрде тартылмағанын
көрсетті [11]. Әйелдер арасындағы жүрек - қантамыр ауруларының алдын алу шаралары бойынша жасалған
заманауи ұсыныстар ерлердің қатысуымен өткізілген зерттеулер негізінде жасалған [12]. Соныдықтан, әйелдерде
профилактика, диагностика және жүрек-қантамыр аурулары бойынша дәлелді деректер базасы жеткіліксіз, соның
салдарынан әйелдер арасындағы емдік шаралар ерлерге қарағанда төмендеу болуы мүмкін.
Үлкен база мәліметтерінің талдауы көрсеткендей еуропоид нәсілінің өкілдері арасында
дене салмағының индексі
(ДСИ) 20 дан 24,9 кг/м2 дейінгі жағдайда, өлім саны біршама төмен; ал
шығыс-азияда, Қытай, Корея, Жапонияны
қоса есептегенде - 22,6 дан 27,5 кг/м2-қа дейінгі жағдайда [13].
Достарыңызбен бөлісу: