С. Т. Аллиярова, Қ. С. НҰржанова, А. Б. Карагизова



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата29.02.2024
өлшемі0.85 Mb.
#493348
1   2   3   4   5
СЕМІЗДІК-ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР-АУРУЛАРЫНЫҢ-ҚАУІП-ФАКТОРЫ-РЕТІНДЕ

Семіздікті емдеу 
Кейбір мамандардың пікірінше, семіздікті емдеу, тек қана дене салмағын төмендетуге бағытталмау керек, сонымен 
бірге, бел айналымының қалыпты шамаларда ұстау мен қауіп факторларын түзету болу керек.
Семіздіктің ұзақ мерзімді емделуінің мақсаты - жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті мен басқа да аурулардың 
қауіпін азайту, семіздіктің денсаулыққа кері әсерінің алдын алуы болып табылады.
Сонымен, семіздікті емдеудің негізгі мақсаты семіздікке байланысты аурулардың даму қауіпі мен пациенттің өмір 
сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады [14]. 
Қазіргі уақытта біртіндеп, салмақ тастау әдісі қабылданған (аптасына 0,5–1,0 кг-нан) 4-6 айдың ішінде және шыққан 
нәтижені ұзақ уақыт ұстап тұру.
АҚШ-та ешқашан темекі тартпаған 40-64 жас аралығындағы ақ нәсілді әйелдерде дене салмағы мен өлім 
арасындағы байланысты анықтауға арналған ұзақ мерзімді зерттеулер жүргізілген [15]. 43457 пациенттер 
арасындағы 12 жылдық бақылаудың нәтижесі: дене салмағы бар болғаны 5–10%-ға төмендетіп және ұзақ уақыт 
аралығында сол салмақты ұстап тұру арқылы, өлім-жітік пен аурулар деңгейі түсіп, денсаулық жағдайы жақсарып 
және бар аурулардың емделу болжамдары жақсарған (жалпы өлім саны 20%-ға азайып, жүрек-қантамыр 
ауруларының саны 9%-ға).
Жүрек-қантамыр қауіпін күнделікті аэробты шынықтырулар арқылы да түсіруге болады, мысалы аптасына 
ұзақтығы 40 минуттан 3-4 күндік жаттығулар, ал физикалық шынығулар холестерин мен артериалдық қысымды 
түсіруге септігін тигізеді [16].
Сонымен бірге, жүрек-қантамыр ауруларының қауіпін түсіру мақсатында бір жерде отыру уақытын қысқартудың 
қажеттілігі айтылады, мысалы: әр 30-60 минут сайын отырған орыннан тұрып, жүріп немесе жаттығу жасау кеңес 
беріледі [17].
Гаджеттердегі әртүрлі қадам санын есептейтін мобильді ұсыныстарды қолдану физикалық белсенділікті көтереді. 
Күніне орта есеппен 10 мың қадам жасаған жөн. Дәлелденген, мәселе ол, физикалық белсенділік пен диетаны бірге 
ұстанған бөлек әрқайсысың ұстанғанннан әлде қайда пайдасы үлкен [18]. 
Дұрыс тамақтану- профилактикалық шаралардың маңызды бөлігі.
Жүрек-қантамыр аурулары мен қант диабеті аурулары үшін қолданып отырған майлар мен көмірсулардың көлемі 
ғана емес сапасы да өте маңызды.
Жүрек-қантамыр ауруларының дейгейін төмендету үшін- жеміс-жидектер мен көкөністерді көптеп қоладану қажет, 
сонымен бірге майлылығы төмендетілген сүт өнімдерін, ақ ет, балық, өсімдік майларын рационға қосу қажет. Ал, 
тәттілер мен тәтті сусындарды, қызыл ет мөлшерін азайту қажет [18]. 
Егер емделу әдістері туралы айтатын болсақ, келесі түрлері белгілі: дәрілік , дәрілік емес және хиургиялық, уақыт 
талаптарына сай пайдаланып, өзгеріп келуде [19]. Ұзақ жылдар бойы, семіздіктің басты емі — қатаң емдәмдер мен 
физикалық белсенділік болып келді [20]. Емдәм ғылымындағы тәжірибе, өте қатаң емдәмдердің пайдасы жоқ 
екенін ділелдеді. Гипокалориялық тамақтану тек қанна салмақ қосуды уакытша тоқтатты, алайда қалыпты 
деңгейге жеткізбеді[21]. Бұл емделу түрін, яғни ашығу мен салмақ қосу аралықтарынан тұратын өмір-салтынан 
емделуші ерте ме кеш пе жалығатын еді [20]. Қазіргі таңда кең таралған емделу түрі — бұл, гликемиялық индексі 
төмен тамақтануға негізделген калориясы төмен емдәм болып табылады [22]. 


Физикалық белсенділіктің де рөлі арттылып айтылуда. 1999 жылы халықаралық симпозиумда физикалық 
белседілік семіздікті емдемейтіні, тек асқынып кетуден сақтайтыны туралы айтылған болатын [23]. Семіздікті 
емдеу мақсатымен, тек қана физикалық белсенділікті қолданған пациенттер, емдәмдерді және басқа да шараларды 
қолданған пациенттермен салыстырғанда, жеткен нәтижелері әлде қайда төменірек [24].
Барлық авторлармен көрсетіліп отырған емделу түрінің ең тиімдісі -дұрыс тамақтану мен өмір-салтының 
физикалық белснділік бағытында өзгерті. Алайда, семіздік дертін психикалық аспектерді қоса қарастырып емдеу 
қажет. Өйткені, тек қана 5-10 пайыз емделуші өз салмақтарын сол қалпында 2 жыл шамасында ұстайды [25].
Дәрілік заттарға келетін болсақ, семіздікті ұзақ уакыт емдеуге болатын дәрілік заттардың саны аса көп емес. Дүние 
жүзінде көп елдерде семіздікті емдеуге орлистат дәрілік затын қолдануға рұқсат берілген. АҚШ-та семіздікті ұзақ 
уақыт емдеу шараларына FDA (Food and Drug Administration) 5 дәрілік зат тіркелген: орлистат (1999), лоркасерин 
(2012), фентерамин/топирамат (2012), налтрексон/бупропион (2014) және лираглутид (2014) [26]. Көпшілігінің 
адам денсаулығына әссері жайлы клиникалық зерттеулер мен мәліметтер жеткіліксіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет