С. Т. Иксатова криминалистік қҰжаттарды тану


Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу



бет2/4
Дата09.07.2016
өлшемі494 Kb.
#186681
1   2   3   4

3 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу- бұл хаттың, осыдан шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін қарастыратын криминалистикалық техника саласы.

Құжаттар- қылмыстық әрекеттер, қылмыс жасау құралдары немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде заттық дәлел болып табылады.

Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің 2 түрі бар:

- хатты криминалистикалық зерттеу;

- техника криминалистикалық зерттеу.

- хатты криминалистикалық зерттеу;

- техика криминалистикалық зерттеу.

Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша сөйлем мен қолжазба болып табылады. Сонымен бірге орындаушы авторлар мен олардың құрамы, жынысы, жасы, физиологиялық және профессионалды ерекшеліктері анықталады.

Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның мазмұны, жасалу материалы, оның мағынасын өзгерту мақсатындағы тиген іздері тексеріледі. Сонымен қатар, идентификациялық және диагностикалық мәселелер шешіледі. Осындай мәселелерді шешу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:

- химиялық-құжаттың материалдық құрамын анықтау;

- фототехникалық-сурет бойынша фотоаппараттарды салыстыру;

- фотоскопиялық –магнитті баспаның шифрлерін алу және т.б.

Қылмысты тергеуде заттық дәлел ретінджегі құжаттармен жұмыс істеудің ережелерін сақтау нұсқалынады.

а) құжаттармен бес саусақты қолғап немесе пинцеттерді қолдану арқылы жұмыс істеу;

ә) құжаттарды сулы немесе дым қолмен ұстауға тыйым салынады;

б) сулы немесе кір орындарға құжаттарды қоюға болмайды;

в) құжаттардың теріс немесе артқы жақтарына жазулар жазылмауы тиіс;

г) іске қатысты құжаттың шетінен тіреп тігуге болмайды, оларды конверттерге салып, конверт тігіледі;

д) құжатқа зияны тиетін әрекеттер қолданылмайды.



Хатты криминалистикалық зерттеу.

Жазуды үйрену ұзақ оқу мен жаттығу салдарынан қалыптасады. Осыдан қолжазба құралады, бұл адамның ортақ жүйке әрекетінің қалыптасқан ауыр жүйесі. Хат жазу қалыптасуының топталуы:

-техникалық қалыптасу-адамның жазу барысындағы отырысы немесе тұрысы, қағаздың жатуы, жазу құралын ұстау және т.б;

- графикалық қалыптасу - хат заңдылықтары мен олардың ұйқастығын қалыптастыру;

-хат сөйлемінің қалыптасуы-сөздің құрамы және мәтін мен тақырыптардың орнығуы.

Хат сөйлемінің қалыптасуы әр адамның белгілерін сипаттап, екі топқа жіктейді:

- хаттағы сөйлем белгілері;

- қолжазба белгілері.



Хаттық сөйлем белгілері-бұл адамның сауаттылығын анықтайтын мәтін мазмұнын құрау, сөздің даярлығы, кәсіби әрекет сипаты мен басқа да жағдайларды ұғындыру қасиеті.

Хаттық сөйлем грамматика, лексика және құрау стилі жағынан бағаланады:

а) граммматикалық белгілер орындаушының хат грамматика ережелерінен сауаттылығын немесе керісінше жағдайын көрсетеді. Осы ережелерді сақтау орфографиялық, синтаксистік немесе пунктуациялық қателерге әкеліп соқтырады. Бұл қателер салыстырушы белгі ретінде қарастырылады.

Жазбадағы кездесетін грамматикалық қателіктердің сипатына қарай орындаушының білім деңгейі төмен, орташа немесе жоғары болып анықталады;

ә) лексикалық белгілер жазушының жалпы сөздік даярлығын және оның жалпы білім алу мен кәсіби даму деңгейін сипаттайды. Хат бойынша адамды салыстыру оның хатты пайдалану ынтасын көрсетеді:

- кәсіпқойлық -белгілі бір мамандыққа арналған сөздер;

- архаизм-ескірген сөздер мен сөйлемдер;

- диалектизм-жергілікті жерлер диалектілерімен байланысты сөздер мен сөйлем оралмалары;

- жаргонды сөздер және олардың айтылуы белгілі бір топтағы адамдарға тән.

б) стилистикалық белгілер мазмұндаманың жазу тілін, қолжазбаның қалыптасуын түсіндіреді.

Ол әдеби тіл (көркем, іскерлік, ғылыми, бұқаралық) және жай сөйлем тілі деп 2-ге бөлінеді.

Кеңістіктегі түсінік пен мазмұндаманың мәні қысқа және көп сөзді болады.

Композициялық құрылыс нақты бөлшекті жазбалардың болуы (кіріспе, негіз, қорытынды) сөйлем түрлерін қолданушы ойдың мазмұн құрылысы бойынша анықталады (жай, күрделі, хабарлаушы, сұраушы және т.б.).

Қолжазба белгілері нақты және жеке болып келеді.

а) Жалпы қолжазбаны қозғалыс ретінде сипаттайды. Оған:

- қолжазбаның қалыптасуы-жазушының жылдам жазу жүйесі мен қолдану әдісі жоғары, орташа және аз қалыптасқан қолжазбалар;

- қолжазбаның иілуі жазбаша белгінің ұзартылған өсіндегі сызық жолымен анықталады. Тіке, көлденең, оңға иілген және солға иілген қолжазбалардың түрлері болады. Иілу тұрақты белгі болып саналмайды және қолжазбаның өзгерту мақсатында жиі өзгеріп тұрады;

- қолжазбаның жылдамдық қарқыны жол белгілерінің биіктігі мен олардың аралық ендерінің немесе жол белгілерінің биіктігі мен енінің сай болуы. Жылдамдық үлкен, орта және кіші болады.

- қолжазба мөлшері жолақ әріптерінің орташа биіктігі бойынша анықталады. Ірі жолақ әріптерінің биіктігі 5мм., орта 2 мм-5 мм дейін, майда 2 мм көп емес;

- қолжазбаның байланысы белгілі бірнеше әріптердің бір сөзде үзіліссіз қозғалыс арқылы жазумен сипатталады. Байланысына қарай жоғары байланысты қолжазба-5-6 әріптермен, орта байланысты -3-4 әріптермен, үзілісті 2-ден кем емес әріптермен байланысты орындалады. Бұл белгі тұрақты, себебі қолжазба байланысын ұзақ тәжірибесіз өзгерту мүмкін емес.

ә) қолжазбаның жеке белгілері бөлек әріптерді олардың элементтері мен әріа аралық қосындыны жазудағы әрекеттің ерекшелігін көрсетеді. Қолжазбаның жеке белгілеріне мыналар жатады:

- әріптер мен олардың элементтерін қосуда және орындаудағы қозғалыс формасы-тік сызықты, доға тәрізді, ілмек тәрізді, бұрыш тәрізді, иректі;

- қозғалыс бағыты-төменнен жоғары қарай, жоғарыдан төмен қарай, сол оралымды және оң оралымды;

- қозғалыстың сызылуы-әріп элементтері штрихтарының әр түрлі өлшемдеріне негізделумен сипатталады;

- қозғалыстың байланысы, яғни әріптердегі элементтердің бірігуі, сонымен бірге әріптердің өзара байланысы;

- нүктелердің басында, соңында, қиылысында және қозғалыстарының бірігуінде әріптердің шартты орналасуы;

- қозғалыстың жалғасуы онымен әр түрлі әріп элементтері мен олардың бірігуі орындалады;

- әріптерді орындағандағы қозғалыс күрделілігі-жай күрделенген және қысқартылған әрекеттер.

Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеу- бұл жазбаша құжаттарды жасайтын, өзгертетін және олардың белгілерін сипаттайтын әдістерді тексеруші болып табылатын пән, сонымен қатар тергеу мен соттық іс қарауға маңызы бар, салыстыру және басқа деректерді білу мақсатындағы құжаттарды қарау мен зерттеу әдістерін, құралдарын жақсартушы құжаттарды зерттеу бөлімі.

Құжаттарды зерттеу мақсаттары:

- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын анықтау (әдіс, шарт, уақыт);

- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау (тазалау, өшіру,қосымша жазу және т.б.);

- жай көрінетін көрінбейтін, сонымен қатар құйылған, жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған мәтіндерді табу;

- құжатты жасауда қолданылған материалдың топтық құрамын анықтау (қағаз, бояу, желім);

- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын анықтау;

- құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер үшін қолданылған құралдарды салыстыру;

- құжат жасаушыны идентификациялау.

Құжаттар түпнұсқалы және жасанды болады.

Түпнұсқалы құжаттар жарамды немесе жарамсыз болып жіктеледі.

Көрініп дайындалған, бірақ мәтіні өтірік маңызды құжаттар жасанды деп аталады. Жасанды құжаттардың екі түрі болады:

а) интелектуалды-берілген үлгідегі бланкта шындыққа сай келмейтін барлық белгілері бар құжат;

б) материалды –түпнұсқа құжатты тазалау, өшіру немесе барлық реквизиттері бар толық жасау жолымен өзгертілетін құжат.

Құжаттардың түпнұсқа бланктары сурет салу немесе бастыру арқылы жасалынады.

Қолжазбаларды зерттеу криминалистік сараптаманың кең түріне жатады. Оның негізгі мақсаты-орындаушыны анықтау. Негізінен сараптама көмегімен авторлыққа, қолжазба жазу шартына, жазушының мақсатына (жалған құжат жасау немесе жазуды бұрмалау), оның жеке қасиетіне және сыртқы белгілеріне (мысалы, жасы, мас екендігі және т.б.) қатысты көптеген мәселелер шешіледі. Аталған зерттеу объектілері ретінде жазудың тұрақты жеке ерекшеліктер көрінген көлемді қолжазбалар (күнделіктер, хаттар) және қысқа жазулар (қол қою, сандар, суреттер, белгілер) болуы мүмкін.

Жазуды криминалистік зерттеу бірдейлендіру (идентификациялау) теориясының жалпы ережелеріне, адамның жоғары жүйке қызметінің психологиялық деректеріне, лингвистика мәліметтеріне негізделеді. Соңғы уақытта осы мақсатта кибернетика, математика тағы басқа ғылымдар мүмкіндіктері кең қолданылуда.

Жаза білу ұзақ оқу мен жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қолжазудың жеке сәйкестік белгілері балалар 3-4 сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен олардың қолжазуы бойынша сәйкестендіруге жеткілікті жиынтығы, әдетте 5-6 сыныпта, яғни адамның орталық жүйке жүйесінің қызметімен байланысты күрделі қозғалу дағдыларының жиынтығы жазудың тұрақты сәйкестендіру белгілеріне қатысты байқалып, қалыптасады.

Адамның:


- техникалық дағдыларын (жазу кезіндегі отырысы, қағаздарды орналастыруы, жазу құралын ұстауы және т.б.)

- графикалық дағдыларын (жазу белгілерін және олардың тіркестерін жазу);

- жазбаша тілі дағдыларын (сөздік қоры мен мәтін, сөйлемдер құруы және т.б.) ажыратады.

Қолжазбада көрініс табатын техникалық және графикалық дағдылар жиынтығы адамның қолжазуын сипаттайды. Адамның жазу еркіндігінің ұқсас ерекшеліктері, күш салып жазуында, сыртқы ортаның, басқа да субъективті және объективті факторлар әсерінен қол басқанда қайталанбайтын көп ерекшеліктер жиынтығы пайда болады. Әр түрлі тұлғалардың жазуында жеке ұқсас белгілер кездесуі мүмкін, бірақ олардың жиынтығы әр адамда жеке болады.

Жазудың өзгеруіне әкелетін әр түрлі себептерге қарамастан, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан адамның жалпы қимылдау жүйесі (динамикалық стереотип) тұрақты болады. Яғни, адамды жазу бойынша сәйкестендіру мүмкіндігі жазуын әдейі бұрмаласа да немесе жасы ұлғайғанда жазуы өзгерсе де сақталып қалады.

Адамның қолжазуы ерекше жағдайларда жазғанда өзгеруі мүмкін, олар адамның жазу құралы мен заттарының әдеттен тыс қалыпты, жазушының көңіл күйі (мас болуы, толқуы және т.б.) адамның қозғалу аппаратының немесе жүйке жүйесінің бұзылуы (жарақаттар, жүйке аурулары және т.б.), жазуын әдейі бұрмалауы (басқа адамның қолына ұқсастырып жазу). Алайда көлемді қолжазба мәтінінде, қолдың өзіндік белгілерінің жиынтығы жиі сақталып отырады.



Жазба тіл белгілері-мәтінді мазмұндау әдісі, сауаттылығының жалпы деңгейі, тілінің стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктері, сөздік қоры.

Жазбаша тілдің келесі негізгі белгілері болады:



Стилистикалық белгілер-мәтіннің тілін, ойын, архитектоникасын, ойын жазу мәнерін сипаттайды. Тергеу тәжірибесінде кездесетін мәтіндегі мазмұндау стилі туралы сөз құрамы мен сөйлемдер құрылысы бойынша талдауға болады. Сондай-ақ ресми-іс, ғылыми, өндірістік-техникалық, публицистикалық, ауызекі сөйлеу стилі туралы айтуға болады.

Лексикалық белгілер-жеке кәсіп иелеріне, мекенге және т.б. тән жалпы сөздік қорды, терминдерді қолдануды сипаттайды. Олардың ішінде: профессионализмдерді (белгілі бір кәсіппен айналысушы адамдарға тән сөздер); архаизмдерді (көнерген сөздер мен сөз тіркестері); диалектизмдерді (белгілі бір жергілікті жерде қолданылатын тілдер мен сөз тіркестері); варваризмдерді (бөтен тілдің сөздерін қолдану); жаргондарды (тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі) атауға болады.

Грамматикалық белгілер- жазушының жазудың грамматикалық ережелері туралы білімін көрсетеді. Соған сәйкес, жазушының жалпы сауаттылық деңгейі төмен, орта және жоғары болып белгіленеді.

Жазу белгілері екі топқа бөлінеді:

- жазуды қол қимылы жүйесі ретінде сипаттайтын жалпы белгілер;

- ж еке әріптерді, олардың бөлшектерін және әріптерді қосып жазу кезіндегі қимыл ерекшеліктерін көрсететін жеке белгілер. Жалпы белгілерді шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады:

а) жазу-қозғалу дағдысының қалыптасу деңгейі мен сипатын көрсететін белгілер. Бұл қолдың дағдылануы және жалпы қабылданған жылдам жазу жүйесіне сәйкес болуы, чғни аса дағдыланған, орташа дағдыланған, аз дағдыланған жазу техникасын меңгеру; қимылдарды қадағалау-әріптерді жазу кезіндегі қимылдың нақтылығы мен жүйелілігі; олардың мөлшері, иілісін (жоғары, орта, төмен) сақтау; жазу жылдамдылығы (тез, жай, орта); жазу құрылымы-қимыл ауырлығы (қарапайым, жеңілдетілген, күрделіленген);

ә) қозғалыстың құрылымдық сипатын көрсететін белгілер: қимылдың басымды түрі (түзу сызықты-доғалау; домалақ; аралас), қозғалыс бағыты (оң айналмалы, сол айналмалы, аралас); кіші әріптердің орташа биіктігі бойынша анықталатын жазу мөлшері (шағын-әріптердің биіктігі 2 миллиметрге дейін, үлкен-5 миллиметрге дейін болғанда); көлденең бойынша қозғалыстың созылуы-қолдың екпін алуы, қысқа (кіші екпін), көсілмелі (үлкен екпін), орташа (кіші әріптердің биіктігі оның көлденеңіне тең); қолдың орамдылығы, яғни жазушының жазу құралын қағаздан айырмай бірнеше белгілерді жазу қабілеті-үлкен (6 және одан көп әріптерді бірге жазу), орташа (4-тен 6-ға дейін) және шағын (3 әріптен аспайтын); қолды басып жазу; күшпен (негізгі штрихтардың ені қосу штрихтарының енінен асып кетуі), орташа, баспай жазу және аралас жазу;

б) қол қозғалысының (топографиялық) және қолжазба фрагменттерінің кеңістікте орналасуын көрсететін белгілер. Олар құжаттың дербес фрагменттерін, тақырыбын, автордың қолын орналастыру ерекшелігінде пайда болады. Олардың сәйкестендірушілік маңызын бағалаған кезде мәтін фрагменттерін үйлестірудің жалпы ережелерін, қол қою орнын (бұрышта, ортада, төменгі қатарда), мәтіннің қағаз бетінің шетіне қатысты орналасуын, яғни: мәтін жолдарының қашықтығы, өлшемі, т.б. ескереді.

Қолжазудың жеке белгілері:

- әріптерді және олардың элементтерін жазу мен қосу кезіндегі қимыл түрлері (тіксызықты, доғалдау, ілгекті, бұрышты, иірімділі);

- жазу кезіндегі қозғалыс бағыты (төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге, сол айналмалы, оң айналмалы);

- қозғалыстың созылуы (ол әріптердің әр түрлі элементтерінің штрихтары көлеміне қатысты сипатталады);

- қозғалыстың байланыстылығы, яғни әріп элементтерінің қосылу түрі және әріптердің өзара қосылу түрлері (бірге не арақашықтықпен);

- қозғалыстың басталу, аяқталу, қиылысу және қосылу нүктелерінің бір-біріне қатысты орналасуы;

- әріптердің әр түрлі элементтерін жазудағы және оларды қосу қозғалысының жүйелілігі;

- әріптерді жазудағы қимыл күрделілігі (әдеттегі, күрделіленген, қарапайым) қимылдарды ажыратады.

Қолжазу авторын іздестіріп, сәйкестендіруде қолжазуды пайдалану іздестіру және идентификациялық міндеттерді атқару мақсатында қолданылады. Белгісіз тұлға жазған қолжазба мәтіні (қорқыту хаты, жалған медициналық рецептер және т.б.) табылған жағдайда, ол бойынша тексерудегі тұлғалардың жазуын салыстырып зерттейтін іздестіру кестесі жасалады. Іздестіру кестесін жасау үшін ең алдымен қолжазбаны мазмұны зерттеледі, жазу тілі мен қолжазудың белгілері талданады. Олардың ішінен ерекшеліктерін (көзге түсетін), сирек кездесетін және тұрақты белгілерін, негізінен-6-8-ін таңдап алады. Кестенің негізгі бөлімі осы белгілер сипаттамасы мен олардың графикалық суреттемелерінен тұрады. Одан кейін зерттеудегі құжатты жасауы мүмкін тұлғалар шеңбері анықталады және олардың жазуын тікелей тексеру, яғни құжатты жасаушы тұлғаны іздестіру ұйымдастырылады.

Сараптамаға материалдарды әзірлеу.

Қол жазу сараптамасын тағайындау үшін сарапшыларға зерттелуші құжат және қолжазудың авторы болуы мүмкін тұлғаның сапалы қолжазбалық үлгілері табыс етіледі. Құжаттың не фотосуреттің көшірмесі сарапшыға ерекше жағдайда ғана беріледі. Қолжазбаның еркін және эксперименттік үлгілерін ажыратады.



Еркін үлгілер-жасалған қылмысқа, қылмыстық істің қозғалуына қатыссыз орындалған қолжазбалар, қолдар. Оларға жеке и және қызметтік хат алысу құжаттары, өмірбаяндар, арыздар, конспектілер және т.б. жатады. Қолдың, қолжазудың еркін үлгілері шартты түрде зерттеудегі мәтінге (қолға) жазылу уақыты, жазу жылдамдылығы, қолжазбаны орындау жағдайы бойынша және жазушының күйіне сәйкес келуі қажет.

Әдетте қолжазудың еркін үлгілері ретінде, әр уақытта жазылған 5-6 бет қолжазба мәтіні және 10 (әр парақта 5-6 қол бар) қолдың еркін үлгілері талап етіледі.



Эсперименттік үлгілер-тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер тапсырмасы бойынша салыстырмалы зерттеу үшін арнайы орындалған қолжазбалар (қолдар). Олар зерттеудегі мәтінге мазмұны бойынша жақын болып, ұқсас жағдайда орындалуы қажет. Эксперименттік үлгілерді тергеушінің оқуымен жазып немесе кез келген мәтінді тұлғаның өзінің жазуымен алуға болады. Бұл жағдайда зерттеліп жатқан құжатта бар сөздер қайталанатын арнайы мәтін құрастырылады. Егер, қолжазу үлгілері алынып жатқан тұлға жазуын өзгертуге тырысса, онда оқып жаздыруды жеделдету, мәтін көлемін үлкейту немесе тұлға өз жазуына қандай өзгерту жасағанын ұмытып қалуы үшін үзіліс жариялау қажет.

Эксперименттік үлгілер сапасы зерттеудегі құжат жазылған қағаздай және (жалпақтығы, түсі, көлемі, сызығы бойынша) сондай жазу құралымен орындалуы қажет, мәтіннің көлемі 10-15 парақтан кем болмауы керек және зерттеудегі құжаттың толық мәтінін немесе жеке сөздерін (сөз тіркестерін) қамтуы тиіс. Эксперименттік қол қою әрқайсысы 10-15 қолды қамтитын 5-6 парақта орындалады.

Қолжазу сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қолжазу зерттеуін жүргізу үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетілуі тиіс. Сарапшы сұрақтарын нақты құрастыру қажет, мәселен, мәтінді, жеке жазуларды кім жазғанын, қолды кім қойғанын (нақты тұлғалар ішінен); бірнеше құжаттағы қолдарды немесе құжаттың үзінділерін бір немесе бірнеше тұлға орындағанын көрсетуі керек.

Қолжазбаны жазған тұлғаның жеке қасиеттеріне, оның психофизиологиялық күйіне, кәсіби қызметіне, құжатты жазу уақытына қатысты сұрақтар да жоғарыда аталғандай құрастырылуы тиіс. Мұндай зерттеу нәтижелерінің, әдетте, бағыт беруші (іздестіру) маңызы болады.

Қолжазбалардың қолжазу зерттеуін жүргізу әдістемесі туралы жалпы мәліметтерді:

- алдын ала зертттеу;

- жеке зерттеу;

- салыстырмалы зерттеу;

- нәтижелерді бағалау және қорытындыны тұжырымдау деп бөлуге болады.

Алдын ала зерттеу барысында сарапшы ұсынылған материалдың қолда барын олардың сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігін бағалайды, қойылған сұрақтарды анықтайды, құжатпен толық түрде, содан кейін нақты объектімен (мәтінмен, оның бөлігімен немесе қолмен) танысады.

Екінші сатыда зерттеудегі құжат пен үлгідегі жазу белгілері анықталып, талданады.

Үшінші сатыда анықталған белгілерін жалпы және жеке, дәл келетін және айырмашылығы бар белгілерді салыстыру жүзеге асырылады. Сарапшы зерттеудегі қолжазбадағы және орындаушысы болуы мүмкін тұлғаның қол қою үлгілеріндегі бірдей әріптерді жазу барысындағы қол қимылының қайталану жиілілігіне назар аударады.


3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі

Құжаттың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе клишеден басу арқылы дайындалады. Клишені баспаханалық шрифтті теру жолымен, фотоцинкографиялық тәсілмен, қолмен ойып жасау және басқа да тәсілдермен дайындайды. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өзіндік белгілері бар.

Сурет салу арқылы жасалған жалған бланктер штрихтарының, аттас әріптер мөлшерінің біркелкі есептігімен, суретінің стандартқа сай еместігімен мәтінде грамматикалық қателер мен қисындық (логикалық) қарама-қайшылық болуымен, қарындашпен жазылған және қара қағаз арқылы көшіру іздерімен ерекшеленеді. Қолмен ойып жасалған клишеге стандартсыз шрифт, белгілердің ұзынша элементтеріндегі түзуліктің бұзылуы, сөз жолының иірімділігі және т.б. тән.

Фотоцинкографиялық тәсілмен дайындалған клишеге штрихтардың шетіндегі бояу қабатының қалыңдығы және әріп штрихтарының қатты басылуы; суретке түсіру масштабын сақтамау себебінен таңба көлемінің түпнұсқадан өзгешеленуі; ұсақ штрихтар мен бөлшектердің анық болмауы; штрих шеттерінің тегіс болмауы және үзілуі, қышқылмен (кислота) өңдеу нәтижесінде әріп бұрыштарының дөңгеленуі тән.

Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау бұрынғы жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің болуына байланысты.

Жазуды тазартып өзгерту оның алғашқы мазмұнын өзгерту үшін штрихтарды механикалық жою болып табылады. Оның белгілері: құжатты жарыққа қараған кезде байқалатын қағаздың үстінгі қабаты құрылымының бұзылуы нәтижесінде, оның кедір-бұдырлы және жұқа болуы. Тазартып өшіру кезінде қасындағы жазба белгілерге де зақым келеді. Сонымен қатар, қағаздың бет жағында басылған және теріс жағында томпақ түрде жойылған мәтін бедері қалады. Кедір-бұдырлы қағаздың бояуды сору қабілетінің нәтижесінде жаңадан жазылған әріптердің, сандардың шеттері тегіс болмайды. Кей жағдайларда алғашқы мәтін штрихтарының қалдықтары басқа түсті бояу ретінде қалып қояды. Механикалық әсер ету іздері тегістеу нәтижесінде, қағазда пайдаланған заттың іздері қалып қояды.

Ерітіндімен өңдеу штрих бояуларын химиялық реакциялар (қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар) жолымен жазуды немесе оның бөліктерін қасақана жою. Ерітіндімен өңдеу белгілері қағаздың желімделінген жерінің бұзылуынан, өңделген жердің күңгірттенуі немесе түсінің өзгеруінен байқалады. Өңделген жер сарғыштанады; өңдеу затының әсерінен жарықтар пайда болады; жазу өңсізденеді; алғашқы мәтіннің көмескі көрінетін штрихтары, түрлі-түсті жазба іздері, өңдеуге түскен жердің және құжаттың қалған (суық сәуле тарату) айырмашылықтары байқалады.

Ерітіндімен өңдеу белгілерін лупа, микроскоп, ультрафиолеттік сәуледе зерттеу арқылы контрастылық фотосурет, көрінетін және инфрақызыл сәулелерін қолданып суретке түсіру арқылы айқындауға болады.



Жазуды жуып шаю-құжаттың бетінен штрихтарды әр түрлі ертінділер арқылы жою. Ерітіндімен өңдеуге тән белгілер жуып тазалау барысында да байқалады. Олар, әдетте, ерітіндімен өңдеуді анықтауға ұсынылған тәсілдермен анықталады.

Қосып жазу тәсілі құжаттың бос жерлеріне жаңа әріптер, сандар, сөздер және олардың тіркестерін енгізу арқылы оның алғашқы мазмұнын өзгерту болып табылады.



Қосып жазудың белгілері: алғашқы және жаңа жазу штрихтарының түсі мен шеттерінің, мәтінге жеке жазуларды енгізудің айырмашылығы, көлемі мен қол жазудың айырмашылығы; әріптер, сөз жолдары арасының тар не кең болуы және т.б.

Кейде қосып жазуды құжаттың мазмұнын оқу кезінде байқалатын қисындық қарама-қайшылық арқылы айқындауға болады. Қосып жазуды құжатты лупа немесе микроскоп көмегімен шашыраған немесе қиғаш түскен жарықта қарау арқылы анықтайды.

Фотосуреттерді көп жағдайда, адамның тұлғасын куәландыратын құжаттарда, құнды қағаздарда және т.б. алмастырады.

Кең тараған тәсілдер:

- фотосуретті толық ауыстыру;

- түсірілген суретті монтаждау (құжаттағы мөр таңбасы бар бұрынғы сурет бөлшегін қалдырып, оған басқа тұлға суретін жапсыру);

- ескі фотосуреттің бетіне басқа фотосуреттің эмульсиялық қабатының бөлшегін қондыру;

- құнды қағаздың бөлшегін айырбастау;

- нөмірлер жапсыру.



Құжат мазмұнының өзгеру түрі

Тазарту-тақырыптың алғашқы мазмұнын өзгерту мақсатында штрихтарды механикалық өшіру әдісін түсіндіреді. Оның салдарынан қағаздың беткі қабаты бүлінеді, ол құжатты жарықта қарауда бірден көріністің жұқаруы мен тегіс емес белгілері анықталады.

Тазарту барысында қорғаушы тор мен штрих қасындағы орналасқан жазба белгілері бұзылады. Сонымен қатар алынып тасталған мәтін орны парақтың оң жағынан батырылған, теріс жағынан томпиған түрдегі рельефті көрініс қалады.

Қағаздың сіңіруші қасиетінің көбеюінен қалыптасқан қайта жазылған әріптер, сандар қисық штрих шеттеріне иеленеді.

Механикалық әсер ету іздері тазартылатын мәтінді тегістеп өшіру мақсатында қолданған заттардың трасса сипатында пайда болатын салдарынан қалыптасқан іздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет