Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.
Коротков әдісі бойынша артериалды қысымды өлшеу әдісі ДДҰ ұсынысы бойынша АҚ өлшегенде мына ережелерді сақтау қажет:
Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау. Науқас орындықтың арқасына тіреп отыруы (немесе жатуы керек) қажет, 5-минуттық демалудан кейін өлшеу тыныштықта жүргізіледі. Тіреу болмаған жағдайда, өлшегенде алынған сандар шын мәнінде 7/11мм.с.б.б. жоғары көрсетеді.
Науқас отырғанда аяғын айқастыруға болмайды.
Кофе және қою шай қабылдамау (тексерудің алдында бір сағат бұрын), темекі шекпеу (30 минут ішінде), симпатомиметиктерді қолданбау (назалды және көз тамшылары).
АҚ өлшеу алдында қуықты босатып (кіші дәретке бару) алу қажет, себебі толып тұрған қуық қысымы артериалды қысымды 15/10мм.с.б.б. дейін көтеруі мүмкін.
Қысымды өлшеп жатқанда сөйлесуге және қозғалуға болмайды.
Екі қолды да өлшеу қажет. Кейіннен артериалды қысымның жұмыс деңгейі қалыптасқанда, қан қысымы жоғары болған қолын ғана өлшейді.
Манжет қысқа және/немесе тар болмауы керек, ол артериалды қысым деңгейін жалған жоғары көрсетуі мүмкін (сур. 51).
Сурет 51.
АҚ өлшеу ережесі
Шараның орындалуы:
Науқастың қолы киімінен босатылуы керек (киімін орауға болмайды – бұл қолын және артерияның басылуына әкеледі!). Науқастың қолын жазған күйде тегіс қатты белдемшеге (үстел немесе керуеттің шеті) қойып, алақанын жоғары қаратып, барынша босаңсытып отыру қажет.
Манжетті иыққа салып, манжеттің ортасы жүрек деңгейіне сәйкес болғаны дұрыс (гидростатикалық күштің әсерін болдырмау үшін), ал оның төменгі шеті шынтақ бүгуінен 2-3 см жоғары орналасқаны дұрыс. Манжетті салу тығыздығы: манжет пен науқас иығы арасына бір саусақ сиятындай болуы керек.
Манжетті аппаратпен және алмұртпен байланыстыратын резиналы түтіктер білектің ішкі жағынан өтуі қажет. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұруы керек.
Шынтақ бүгуінен пальпациялау арқылы пульсті анықтау.
Иық артериясының пульсациясы бар нүктесіне фонендоскоптың мембраналы басын қояды.
Ауа айдағыштың (алмұрт) тетігін жауып, пульс жоғалғанша және тағы шамалы (20-30 мм с. б.б. дейін) манжетке ауа айдайды.
Тетікті ашып, манжеттен ауаны жайлап шығарады, Коротков тондарының пайда болуын және жоғалуын естіп, жазып алу. Манометрдің шкаласында пайда болған бірінші тон санын есте сақтау– бұл систолалық қысым.
Манжеттен ауаны шығаруды тондар жоғалғанша жалғастырады. Тонометрдің соңғы дауысты тонына сәйкес келетін шкаладағы сан – диастолалық қысым.
Барлық ауаны шығарып, манжетті шешу керек. Манометрдің тілі 0 белгісінде тұрғандығына көз жеткізу.
Фонендоскоптың басын 70% спиртпен екі рет залалсыздандыру.
АҚ көрсеткішін жазу.
АҚ қайта өлшеуді манжеттегі ауаны толық шығарғаннан кейін, бірнеше минут аралығында бір ғана қолда 3-8 ретке дейін өлшеу жүргізіледі. Нәтижесі бір-біріне сәйкес келгенше өлшейді. АҚ мәліметтерінің орта мәні нәтижесі дұрысы деп есептеледі [26, 32].