Ауруханаға түскен барлық науқастар санитарлы-гигиеналық өңдеуден өтеді. Санитарлық өңдеудің көлемі және әдіс сұрақтарын дәрігер шешеді, оны мейірбике бақылауымен кіші медициналық қызметкер жасайды. Қабылдау бөлімінде науқасқа жасалатын санитарлық өңдеу шараларына мыналар жатады:
гигиеналық ванна, душ немесе денесін сүрту,
Санитарлық өңдеудің толық және толық емес түрін ажыратады.
Толық санитарлық өңдеу үш құрамдас шарадан тұрады: адамдарды жуу; киімдері мен жеке заттарын дезинфекциялау (дезинсекция); адамдарды уақытша немесе үнемі жатқызуға арналған бөлмелерді дезинфекциялау (дезинсекция).
Толық емес санитарлық өңдеу - терінің ашық жерлерін, киімнің, аяқ киімнің сыртын, жеке қорғаныс заттарын механикалық тазалау және өңдеу, немесе жеке химияға қарсы пакеттермен сүрту, бетін, мойнын, қолын таза сумен жуу, респиратор немесе газқағарды (противогаз) уақытша шешкеннен кейін, тамағын және аузын шаю. Бұл зақымдалу ошағында авария-құтқару және басқа жедел жұмысы кезінде жасалынады және уақытша шара болып табылады.