Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.
Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.
Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет [6, 29, 32].
Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.
Ұзына бойлай ауыстыру әдісі төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сур. 57 а).
Көлденең ауыстыру әдісі науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде, бірақ денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сур.т 57 б).
Жағдайы ауыр науқастың
төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.
2. Жастықтан тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына таза тыс кигізеді.
3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.
4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.
6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін басқа бүйіріне жатқызамыз.
8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.
9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.
10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.
12. Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.
13. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
14. Қолғапты шешеміз
15. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.