С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет117/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Теріні ылғалды сүрту
Теріні ылғалды немесе дезинфицирлеуші ертіндімен сүртеді, мысалы, одеколонмен, 10% камфор спиртінің ертіндісімен, тағам сірке қышқылымен, су және спирт бірдей бөліктерінің ертіндісімен. Алдымен бет терісін, құлақ артын, содан кейін мойнын, арқасын, қолтық астын және кеуде қуысын сүртеді.
Ылғалды сүртінуді өткізу үшін мына жабдықтар қажет: клеёнка, жайма, астауша, жылы су, сірке немесе камфор спирті, майлықтар, орамалдар.
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты клеёнканың үстіне салынған жаймаға жатқызамыз.
2. Алдын ала дайындалған астаушаға жылы су құйып, оны мына пропорцияда спиртпен араластырамыз (немесе алма сірке суымен): 1 ас қасық 1 литр суға.
3.Алынған ертіндіде майлықты матырып алып науқастың жоғарғы дене бөлігін сүртеміз, мұны бетінен және мойнынан бастап, қолдарымен, арқасымен және кеудесімен аяқтаймыз.
4. Науқастың тазарған дене бөліктерін құрғатып сүртеміз.
Ерекше зейінді шат аралық аймағының, қолтық асты аймағының, ал әйел адамдарда – сүт бездерінің астының терісіне аударған жөн. Салмағы артық әйел адамдарда ерекше зейінді кеуде асты қатпарларына аудару қажет, себебі баздану жиі дамиды. Жылы сумен мұқият жуғаннан кейін құрғатып, ұнтақ себеміз.
Терісі зақымдалған науқастарда инфицирленудің алдын алу мақсатында күтімді сақтықпен жасаймыз.
Теріде жедел іріңді қабынуы бар науқастарға дәкені – ылғалды, кебу байламдарын саламыз. Ылғалды кепкен байлам емдік ертінділерге малынған 5-6 қабатты дәкеден тұрады; оны теріге қойып, гигроскопиялық мақтаның жұқа қабатымен жабады және дәкемен бір-екі рет бекітеді, байламды 3-4 сағат сайын ауыстырады. Араласқан «быламық» қоспасын теріге тәулігіне 2 рет дәке-мақталы тампонмен жағады. Жақпаларды тікелей теріге немесе жұмсақ тінге жағып, жеңіл бекітеді.
2.6 Ойық жаралардың алдын-алу және күтім жасау
Ұзақ төсек режимінде жатқан науқастарда ойық жараның дамуы мүмкін, әсіресе науқас көп уақыт бойы арқасымен жатқан қалпында болса. Басқа себептеріне терінің жүйесіз күтімі немесе оның болмауы, ыңғайсыз төсек немесе төсек жаймасын сирек ауыстыру, дұрыс тартып салынбауы жатады.
Ойық жаралар – терінің және жұмсақ тіндердің шығыңқы сүйектермен төсек арасында ұзақ жаншылу әсерінен беткей немесе терең зақымдалып, семуі [6, 7, 29, 32].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет