ТАРАУ І
ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНА
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ
Медициналық қызметтің мазмұны және түрлері
Денсаулық сақтау – азаматтардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған саяси-әлеуметтік, экономикалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, ауруларды емдеу және алдын-алу және мәдени сипаттамасы бар іс-әрекеттердің жиынтығымен танылатын жүйе.
Медициналық қызмет орта және жоғарғы медициналық білімі бар физикалық тұлғалар мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін заңгер тұлғалардың қызметін қамтиды.
Медициналық көмектің түрлері:
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
Біліктілікті медициналық көмек;
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек;
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек;
Медициналық -әлеуметтік көмек.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медициналық білімі бар қызметкерлермен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайда медициналық көмек арнайы білімі жоқ азаматтармен де көрсетіле алады: өзіндік көмек, қоршаған адамдардың көмегі, санитарлық нұсқаушы, «әлеуметтік» мамандықтың өкілдері (парамедиктер)- полиция, өрт сөндірушілер және басқа да шұғыл жағдай қызметшілері, қоғамдық көлік жүргізушілері.
Біліктілікті медициналық көмек - жоғарғы медициналық білімі бар қызметкерлерімен диагностикалау, емдеу мен медициналық сауықтандыру әдістерін талап етпейтін ауруларды қарағанда көрсетіледі.
Арнайы мамандандырылған медициналық көмек – «жеке мамандардың» (кардиолог, невропатолог және т.б.) кеңесі ретіндегі немесе көпсалалы аурухана бөлімшелерінде медициналық сауықтыру мен емдеу, диагностикалауды қажет ететін ауруларда әр сала мамандарымен жүзеге асырылады.
Жоғары мамандандырылған медициналық көмек – диагностикалаудың жаңа заманауи технологиялар, емдеу мен медициналық сауықтыруды қажет ететінауруларда бейінді мамандармен орындалады (мысалы, эндовидеохирургия, трансплантация).
Достарыңызбен бөлісу: |