С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет88/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Дене салмағының индексі
Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі) – адамның дене салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін анықтауға болады. ДСИ есептеу формуласы:

ДСИ = дене салмағы (кг)


бойы (м)2

Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.



  • егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,

  • егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),

  • егер ДСИ > 30 – семіздік.

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20%-ы семіздікке жиі ұшырайды.

Семіздіктің 3 түрі бар:

- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);

- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);


- аралас түр.

paralife.narod.ru





Сурет 40
Семіздік түрі а – әйелдерге тән, б – еркектерге тән


Дене салмағының индексін анықтау дене салмағы артық адамдарда семіздікті ерте диагностикалауға және жүрек-тамыр ауруларының даму қауіпін болжауға мүмкіндік береді. Дегенмен бұл әдістің жеткіліксіздігі де бар. Адамның тамақтану жағдайын анықтаудың тура әдісі оның бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасын анықтау.


Бел айналымын өлшеу
Бел айналымы сантиметрлі лентамен қабырға асты аймақ пен жамбас сүйектері арасынан өлшенеді (ең жіңішке бөліктен) тыныс шығаруда. Бел айналымының қалыпты көрсеткіші: әйелдерде 80 см кем, ал еркектерде 94 см кем.
Сан айналымын өлшеу
Сан айналымы жамбастың ең шығыңқы бөлігінен өлшенеді, сантиметлі лента шап аралығы деңгейіне жақын көлденең қойылады.
Май қабатының жиналу сипаты бел айналымы көлемінің сан айналымы көлеміне қатынасымен анықталады, қалыпты жағдайда әйелдерде <0,85; еркектерде <1,0. Қалыпты жағдайда – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан көп, семіздікте – сан айналымының көрсеткіші бел айналымынан кем (сурет 41).




www.telenir.net/zdorove


Сурет 41.
Бел айналымының сан айналымына қатынасы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет