С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет


лекция. Х.Оралтай. З.Қинаятұлы. Ә.Қара. И.Жеменей



бет8/11
Дата24.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
#78738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

9 лекция. Х.Оралтай. З.Қинаятұлы. Ә.Қара. И.Жеменей
Оралтай Хасан Қалибекұлы - белгілі қоғам қайраткері, журналист, публицист, қазақ диаспорасының шетелдегі көрнекті өкілі. 1933 жылы ҚХР Тарбағатай аймағы, Толы ауданында дүниеге келген. Әкесі 1940-1949 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың қайраткері болған. Х.Оралтай еңбек жолын Түркияда түрік жәш ағылшын тілдерін үйреніп, журналист болудан бастайды. Қазақ халқының үлттық болмысын, мәдениеті мен тарихын түрік оқырмандарына таныстырады. Измирде «Үлкен түрік елі» журналын, «Коммунизммен соғыс» газетін шығарады. 1968 жылы Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосына қызметке қабылданады. Мүнда әдебиет бөлімінің директоры болды. «Азаттық» радиосын үтымды пайдалана отырып, қазақ халқының теңдігі мен тәуглсіздігі үшін еңбек етті. Халқымыздың үлттық қүндылықтарың соның ішінде алаштық идея, Алаш қайраткерлерінің еңбектерін насихаттады. «Азаттық» радиосынан Алашорда жетекшілерінің шығармаларын таныстырумен қатар олардың өмірбаян деректері мен шығармаларын жинақтады. Ол «Алаш - Түркістан түріктерінің үлттық үраны» (1973) деген атпен шықты. Бүл кітап Алашқа арналған оң көзқарастағы түңғыш еңбек болды. Хасен Оралтай Қазақстанның «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. Қазір Мюнхен қаласында түрады.
З.Қинаятұлы. 1981 жылы мен алғаш Алматыға келдім. Сонда қалай қатты толқығанымды, қаншалықты қуанғанымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Елімді, жерімді өз көзіммен көріп, топырағын бассам арманым жоқ» деуші едім іштей. Жылдар бойы аңсаған арманым орындалды. Мен көз алдыма елестеткендей Алматыға емес, мүлде басқа өмірге тап болғандай күйге түстім. Алматы әсем қала екен. Алайда қазақтың тынысы тарылып кеткендей сезінгенімді жасыра алмаймын. Әсіресе, тіл, рухани жағынан. Қазақтың қарасы тым аз көрінді. Шыны керек, іштей жабырқап қайттым. Содан елге келгенімде үйге дос-жарандар жиылмай ма, жаңалықты асыға күтіп. Мен көргендерімді тамсанып айта бастадым. Ал іште жатқан басқа сырды ақтармай-ақ қояйын дедім. Мен алғаш көрген қазақстандық қазақтар – жарысқа келген балуан Әбілсейіт Айханов бастаған топ еді. Бұл – 1962 жыл болатын. Менің студент кезім. Жарыс болып жатқанда біз Айхановтардың тобын жақтасып, ұрандатып отырдық. Оған моңғолдар ренжіді. «Біздің азаматтарымыз бола тұра, бұларыңыз не?» дегендері ғой. Алайда ақсақалдар жағы жастарға ақыл айтып, тоқтатты. «Қанның аты қан. Бұлардың бұл әрекеті теріс емес» деп, бізге түсіністікпен қарады.

Моңғолиядағы 1990 жылғы демократиялық қозғалыс өте қарқынды жүрді. Бұл қозғалысты негізі, жастар бастаған. Мен сол жастарды қолдап, кеңесші болдым. Әрине, ондағы демократиялық идеологияны жалғыз мен жасадым деп айта алмаймын. Демократиялық партияның бағдарламасын жасауға көмектестім. Соның негізінде 15 ғалым қол қойып, Орталық комитетке хат жолдадық. Сол хат көп нәрсені өзгертуге түрткі болды. Партияның саяси бюросы толық құрамымен доғарысқа кетті. Негізгі заңға көп өзгерістер енгізіліп, демократиялық сайлау жүргізілді. Вице-президент – президенттің оң қолы. Президент қандай бір жағдайға ұшыраса, ел билігі кімнің қолына өтетіндігін моңғолдар да жақсы біледі ғой. Осының бәрін біле тұра істің артын ушықтырмай-ақ қояйын деп шештім. Содан кейін мен Парламенттің спикерінің орынбасары болып тағайындалдым. Бұл – ұлтқа еш зияны жоқ лауазым.

Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих институтының Ежелгі және орта ғасыр бөлімін

меңгеріп жүрмін. Біз, негізінен, Қазақ тарихының ежелгі дәуірінен бастап XVІІ ғасырға дейінгі кезеңді зерттейміз. Отандық тарихымызды үзіп-жармай ұлттың, халқымыздың біртұтас өмірбаяны ретінде зерттесек дейміз. Айтып отырғанымыз тек біздің пікір, идеямыз емес. Бұл – бүкіл қазақстандық тарихшылардың ұстанып отырған бағыты. Яғни тарихты бөліп-жаруға болмайды. Бұл бір-бірімен біте қайнасып жатқан дүниелер болуы тиіс. Біз қазақ тарихын Сақ, Үйсін, Қаңлы дәуірінен бастап, бүгінгі күнге дейін бірін де шет қалдырмай зерттесек дейміз. Ұлытаудың аты өзгеріп отырғаны болмаса, осы далада өсіп-өніп келе жатқан сол бір халық. Мәдениеті де сол. Аймағы да сол бір аймақ. Сақтап келе жатқан ата бейіті сол бір бейіт. Жағалап көшкен өзен-суы да бір. Қысқасы, тарих жалғасын тапқан. Біздің міндетіміз – сол жалғастықты үзбей зерттеу. Әрине, тарих жазылып жатыр. Бірақ әлі де атқарылатын жұмыстар жеткілікті. Біздің бөліміміз осы мақсатта «Қазақ мемлекеттігінің тарихы» атты монографияны қазақ және орыс тілінде дайындап, жуықта баспаға тапсырдық. Біз қазақ мемлекеттігі тарихын Ақ Орда мемлекеті тарихынан бастаған жөн деген пікірге келіп отырмыз. Бұл, негізінен, Жошы хан ұлыстық жүйесін әкеп қосқан бұрынғы шығыс Қыпшақ хандығы ғой. Астанасы да сол баяғы Сығанақ. Ұлы тарихшыларымыз қазақ мемлекеттігінің бастауын қазақ хандығының атасы Ұрыс хан Ақ Ордаға хан болған 1367-1368 жылдардан бастап санауды ұсынған. 1465 жылы қазақ хандығын құрған Керей, Жәнібектер – Ұрыс ханның шөберелері. Сонда біз қалай атасының ұлысын бір ел, шөбересінің ұлысын басқа мемлекет деп есептемекпіз. Қадырғали Жалайырдың «Бұ Жәнібек хан атасының ұлысын өзі басқарды» деген сөзі бар. Атасының ұлысы дегені Ақ Орда, ал Жәнібек шаңырағын қайта көтерген қазақ хандығы оның мұрагері. Ақ Орда және қазақ хандығы деп жүргеніміз іс жүзінде бір мемлекет. Қазақ хандығының қашан құрылғаны туралы тарихта жалғыз дерек бар. Оны Мұхамед Қайдар Дулати жазған. Онда Қыжыраның 870 жылы қазақ хандығы басталған деп жазады. Қазіргі григориан күнтізбесіне түсіретін болсақ, ол 1465-66-жыл. Мұны айтып отырған себебім қазір кейбір БАҚ-тар бұл датаны 1456 деп жазып жүр. Бұл дұрыс емес. Бұл сан қайдан шықты? XІX ғасырдың басында орыс тарихшысы Вельяминов-Зернов Қыжыра жыл санауын григорианға айналдырғанда текстологиялық қате жіберілгендіктен, бұл дата пайда болды. Қыжыра жыл санауын григорианға түсіретін екі түрлі тәсіл бар. Біріншісі – графикпен салыстырады. Екіншісі – формула түрінде. Ал Зерновтың кезінде ондай формула болмаған. Ол өзінің келтірген (1465) санына сенімсіз болған. Сондықтан бұл санды жақшаға алып, сұрақ белгісін қойған. Мұны М.Тынышпаев, С.Асфандияров, М.Мағауиндер сол күйінде қолданып, кейбір оқулықтарға кіріп кетті. Ештен кеш жақсы. Ендігі жерде қазақ хандығының құрылу датасын 1465 жыл деп түзесек, тарихтың алдында ұятты болмаймыз.


Ислам Жеменей. Қазақтың түркілік дәуірінен сыр шертетін қолжазбаны түпнұсқадан оқу арқылы тарихты зерттеуде кенже қалып отырмыз. Ресейдің шығыстанушы ғалымдары бізге қарағанда көш ілгері. Олардың дерек жинаудағы ұқыптылығы таңғалдырады. Ертеде саудагеріне дейін әрбір кітаптың құнын білген ғой. Саудалап, бұлдап, қадір-қасиетін біліп, ұстап жүрген. Кітаптың қадір-қасиетіне жету – отырықшылық мәдениетке ерте бейімделудің арқасы. Көшпенді өмірдің де жақсы жағы бар. ХVII-XVIII ғасырларда әбден орнығып, қалалық мәдениетті бойымызға сіңіруіміз қажет еді, сол кезде көптеген деректер қолымызда болды. Соларды ұстап қалар едік.

Қазір компьютердің рөлі күшті. Латынға көшсек, біз әуелі компьютердің тіліне жақындаймыз. Екіншіден, көптеген қажет емес дүниелерден арыламыз. Артық мақтаулар, керексіз саяси көзқарастар… Біздің жетпіс жылдық тарихымыз шынайы бағасын алған жоқ. Жетпіс жылдың ішінде не ұттық, неден ұтылдық, ғылыми тұрғыда әлі сарапқа салынған жоқ. Отарлау саясаты алфавитімізді өзгерту арқылы тарихымыздан бізді қалай ажыратса, міне, біз де қажет емес ақпаратты алмау үшін ондай алфавиттен ажыратуымыз керек ұрпағымызды. Мемлекеттің өзінің ұлттық идеологиясы болады ғой.


Ұлттық идеология біз қай күні тәуелсіздік алдық, сол күннен бері жүруде. Зиялы бар жерде ұлттық идеология қаласа да, қаламаса да жүреді. Оны жоқ деуге болмайды. Мәселе соны жүйелеуде. Тарих деген әрқашан алға жүріп отырады. Тек жүйесіздік пен жемқорлық, парақорлық тарихтың алға басуына кедергі жасайды.– Буржуазияның мемлекеттің, халықтың жақсы тұруын менің жақсы тұруым деп ұғуы – санасының ұлттық деңгейге өсуі. Қоғам дағдарысқа ұшыраса, ең бірінші зиян көретін сол байлар. Ендеше, неге өзінің жұртын ауқатты етуге, халықтың санасы мен мәдениетінің көтерілуіне көмектеспеске! Неге 100 мектепті мемлекет салуы керек? 100 мектептің орнына 300 мектепті мәселен, сол буржуазиямыз неге салмасқа!
16 миллион халық деген дамыған мемлекеттердегі бір қаладағы халық саны. Стамбулдың өзінде 17 миллион халық тұрады. Осынша байлықтың ішінде Түркиядан төрт есе үлкен аумақта отырмыз. Бізге жетпейтіні екеу: бірі – ұлттық сана, екіншісі – рухани тазалық. Рухани тазалық болмағасын біз дүниеауи ләззат тұрғысынан көбірек ойланамыз. Сұлулық конкурсына, иә бір мақтаншақ әншіге ақшаны аямай шашамыз келіп. Сол 100 мың долларға 10 отбасына 10 жеке үй салып беруге, иә жеке кәсіпкерлік орнын ашып беруге болар еді. Саяси биліктің екі қанаты – буржуазия, яғни байлар мен зиялы қауым. Саяси биліктің осы екі қанаты мықты болмаса, ол діттеген мақсатына жете алмайды.
–Түркияда бес жыл тұрған адаммын. Түріктерде мұнай да, газ да жоқ, кенге де бай емес. Көзіммен көрдім кедейлігін. Табиғаты сұлу, есесіне. 1980 жылы Тұрғыт Өзал билікке келгенде мынандай сөз айтты: «Айналайын, халқым, -деді. – Испан мемлекетінен неміз кем, ақылымыз аз ба, табиғатымыз жұтаң ба? Тарихымыз осал ма? Осман атамыз 700 жылдай империя құрған, неден сонша кедейміз? Иншалла, өзімізге сенсек, ол күн туады. Тек менімен бірге бол, түрік екеніңді ұмытпа!». Бүкіл мемлекетіндегі шығыстан батысқа дейінгі шекараға «мен түрік болғаным үшін мақтанамын!» деген ұранды жазғызды..
Мырза Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди» кітабын тұңғыш рет парсы тілінен қазақ тіліне аудардым. Бұл өзі төрт кітаптан тұрады. XIII ғасырда жазылған алғашқысында Шыңғысханның өмірге келуінен бастап, төрт баласының әлемді билегендігі жайлы айтылады. Шыңғысхан ұрпақтарының тарихын одан әрі XIV ғасырда Рашиддин деген тарихшы жалғастырады. Үшінші кітап Шыңғысханның ұрпақтары әлсіреп, саяси сахнаға Әмір Темір шыққан тұста дүниеге келген. «Зафарнаме», қазақша айтқанда «Жеңіс» кітабының авторы Шарафаддин Әлиязди. Бұл – XV ғасырдың туындысы.
Әмір Темір Шыңғысхан ұрпақтарының тоз-тозын шығарды, Мауреннахрды құрды. Бұларды енді біреу жазуы керек қой. Сонда тарихшы Мырза Хайдар отырып: «Е-е, әлемді билеген хан мен қаған ұрпақтарының тоз-тозы шықты-ау. Енді оларды мен жазбасам, кім жазады?» дегенді айтады. Оны не үшін ойлады? Ойландырғаны – алдыңғы жазылған үш кітап. 1533 жылы Саид хан қайтыс болғаннан кейін Мырза Хайдар Кашмирге барады. Сол жердің бай кітапханасынан мына үш кітапты оқиды. Рас, Шыңғысхан, оның балалары туралы көптеген кітаптар жазылған. Бірақ мына тоз-тозы шыққан ұрпағы туралы ешқандай кітап жоқ. Хатқа түсіріп, ұрпаққа қалдырайын деген оймен өзінің атақты «Тарихи Рашиди» еңбегін жазады. Автор ислам үшін болған ғазауат соғыстарына көп қатысқан. «Рашид» – тура жолда жүрушілер, яғни тура жолда жүрушілердің тарихы. Тағы бір себебі ислам дінін қабылдауға мұрындық болған Әршададин деген бір тәжікті құрмет тұтқандықтан. Үшінші себебі, «мен жетім қалғанда 24 жыл бойы мені өз баласынан артық көріп, өнердің бәрін үйретті» деп Саидханға риза болғандықтан, баласы Рашиддің атын қойған.


Қара Әбдіуақап 1961 жылы 19 қарашада Түркияның Стамбүл қаласында. туған. 1982 жылы Боғазичи университетінің Электроника бөлімін бітірді. Еңбек жолын Стамбұл қаласындағы Ататүрк әуежайында электроника департаментінде техник маман болудан бастады. 1986 жылы Стамбүл университетінің тарих факультетін бітіреді. 1986-1988 жылдары Стамбүлда «Қазақ түркілері қорында» басқару алқасы мүшелігіне сайланады. 1987-1988 жылдары Стамбүлдағы Осман Мемлекеті мүрағатында жүмыс істейді. 1988-1995 жылдары Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосының қазақ редакциясында жүмыс істеді. 1994 жылдары Мюнхен қаласында «Европа Қазақтары» деген атпен кітапша шығарған. 1995 жылы Германиядан Түркияға қайтып, Мимар Синан университетіне оқытушы жәж ғылыми қызметкер ретінде жүмысқа кірді. 1997 жылы осы университетте «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары» атты магистрлік, 2002 жылы «Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Осы жылдың қараша айында докторлық диссертациясы «Түркістан жалыны. Мүстафа Шоқайдың өмірі мен күресі» деген атпен Стамбұлда жарық көрді. 2004 жылы бүл кітап қазақшаға аударылып, «Мұстафа Шоқай. Өмірі, күресі, шығармашылығы» деген атпен Алматыда «Арыс» баспасынан жарық көрді.

13. Емтихан-бақылау сұрақтары
1. 2008 жылы Алаш үкіметінің құрылғанына неше жыл толды?

1. 60жыл


2. 70жыл

3. 80жыл


4. 90жыл.

5. 55жыл


2. Оспан батырдың атағы қай жылдары шықты?

1. 1960-1967жж

2. 1940-1951жж .

3. 1939-1963жж

4. 1925-1930жж

5. 1940-1943жж



3. Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгілт өкіметіне қарсы қарулы көтеріліс қай жылы ұйымдастырылды?

1. 1929ж


2. 1933ж

3. 1937ж


4. 1939ж

5. 1940ж.



4. Есімқан , Ырысқан Шысай өкіметімен келісімге келіп қару-жарағын тапсырып бітім жасағанда қандай батыр қаруын тапсырмай елден бөлініп қашып кетті?

1. Қабанбай

2. Бөгенбай

3. Оспан.

4. Керей

5. Жанібек



5. Оспан батыр қай жылы дүниеге келді?

1. 1898ж


2. 1899ж

3. 1891ж


4. 1900ж

5. белгісіз.



6. 1899 жылы Оспан батырдың туғандығын кім анықтады?

1. Хасан Оралтай.

2. Міржақып Дулатов

3. Мұқтар Әуезов

4. Әлейхан Бөкейханов

5. Нұрқожа Оспанов



7. Оспан батыр нешінші жылы атылды?

1. 39ж


2. 43ж

3. 51ж.


4. 56ж

5. 59ж


8. Қазіргі коммунистік Қытайда Оспан Исламұлын қалай атайды?

1. «Батыр»

2. «Шпион»

3. «Банды Оспан».

4. «Осман»

5. «Қашқан»



9. Оспан батыр қай өлкеде дүниеге келді?

1. Алматы

2. Пекин

3. Алтай аймағы.

4. Орынбор

5. Шымкент



10. Оcпан батырдың руы?

1. Керей.

2. Тоқтамыс

3. Қыпшақ

4. Арғын

5. Сүгір


11. Оспан батыр қай жылы дүние салды?

1. 1973ж


2. 1915ж

3. 1981ж


4. 1985ж

5. 1986ж.



12. 1940 жылғы Алтайдағы ұрыста Кеңестің неше генералын өлтірілді?

1. 2 генерал.

2. 3 генерал

3. 4 генерал

4. 5 генерал

5. 6 генерал



13. Ышқынты шайқасында қай генералды өлтірілді?

1. Сулейменов

2. Иванов

3. Разборов.

4. Константинов

5. Банке


14. Ышқынты шайқасында орыстар нені талап етті?

1. қару-жарақ

2. бұйымдар

3. асыл тастар

4. генералдың басын.

5. ақша


15. Ырысхан батыр Ышқынты шайқасының соңында орыстардан не талап етті?

1. алтын


2. күміс

3. қазақтың ең соңғы басшыларының басын.

4. ескерткіш

5. ақша


16. 1941 жылы Оспан тобында неше адам болды:

1. 5


2. 7.

3. 8


4. 9

5. 6


17. Қай жылдан бастап Оспан батыр тобы көбейе бастады?

1. 1940ж


2. 1941ж

3. 1942ж.

4. 1945ж

5. 1944ж


18. Кімнің нұсқауымен 1943 жылы Монғол өкімет басшысы Оспан батырға барып жолықты?

1. Мао Цзедұңның

2. Сталиннің

3. Шың Шысайдың

4. Ланпангтың

5. Гредневтің



19. Монғол өкімет басшысы маршал Чойбалсан Оспан батырмен қай жылы жолықты?

1. 1942ж


2. 1943ж.

3. 1945ж


4. 1946ж

5. 1944ж


20. Маршал Чойбалсан қай елдің өкімет басшысы?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Монғолия.

4. Жапония

5. Қытай


21. Чойбалсан Сталиннің нұсқауымен қай батырға жолықты?

1. Дәлелхан

2. Есімхан

3. Оспан.

4. Ырысхан

5. Жәнібек



22. Маршал Чойбалсанмен Оспан батырдың кездесуін кім ұйымдастырды?

1. Мадарин

2. Сталин

3. Чойбалсан

4. Ланпанг

5. Греднев



23. 1943 жылғы Чойбалсан мен Оспан батырдың кездесуінде болған КГБ генералы?

1. Чойбалсан

2. Пахомов

3. Ланпанг.

4. Иванов

5. Петров



24. Чойбалсанмен Оспан батырдың кездесуіндегі Кеңес одағының елшілері?

1. Греднев

2. Пахомов

3. Ланпанов

4. Иванов

5. барлығы дұрыс.



25. Чойбалсанмен Оспан батырдың кездесуіндегі Кеңес одағы елшілері туралы мақаланы 1995 жылы қандай газет жариялады?

1. Ардын эрх.

2. Жас Алаш

3. Жас Қазақ

4. Қытай қазақтары

5. Егемен Қазақстан



26. Оспан батыр әскерлеріне қандай көмек көрсетілді?

1. қару-жарақ.

2. азық-түлік

3. киім-кешек

4. алтын

5. дәрі-дәрмек



27. Оспан батыр әскеріне қанша винтовка берілді?

1. 396


2. 395.

3. 396


4. 658

5. 625


28. Неше мың оқ-дәрі Оспан әскеріне бөлінді?

1. 300мың

2. 200мың.

3. 100мың

4. 400мың

5. 500мың



29. Отыз жеңіл пулемет қандай батыр әскерлеріне берілген?

1. Есімхан

2. Ырысхан

3. Оспан.

4. Дәлелхан

5. Жәнібек



30. 1943 жылы 45 автомат, 2000 граната, 6 ауыр пулемет кімге берілді?

1. Есімхан

2. Ырысхан

3. Оспан.

4. Керей

5. Дәлелхан



31. Чойбалсан қазақтардың беделдерімен бірге Қазақтың ханы деп кімді жариялады?

1. Әлихан төрені

2. Дәлелханды

3. Оспанды

4. Қалибек хакімді

5. Нұрғожайды



32. 1944 жылы 6 наурызда Чойбалсан радио арқылы кіммен сөйлесті?

1. Шың Шысаймен

2. Сталинмен

3. Мадаринмен

4. Ланпангпен

5. Гредневпен



33. Оспан батырмен кезігіп жақсы қарым- қатынас орнатқанын кім жариялады?

1. Сулейменов

2. Иванов

3. Чойбалсан.

4. Константинов

5. Петров



34. 1945 жылы Оспан батыр қай аймақты азат етті?

1. Қашқар

2. Құлжа

3. Алтай

4. Тарбағатай

5. Іле


35. Оспан батырдың ісіне 1945 жылы қай мемлекет әскерін беріп көмек көрсетті?

1. Ресей


2. Өзбекстан

3. Монғолия.

4. Жапония

5. Қытай


36. Монғолия әскерінің көмегіне қай мемлекет тарапынан адамдар болды?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Қазақстан.

4. Жапония

5. Қытай


37. Кеңес Одағы мен Монғол өкіметі қай жылдан бастап Оспанмен араздаса бастады?

1. 1935 ж

2. 1945ж.

3. 1955ж


4. 1965ж

5. 1925ж


38. Алтайды қандай батыр азат етті?

1. Қалибек хакім

2. Есімхан

3. Оспан.

4. Зайсанов

5. Дәлелхан



39. 1944 жылы 12 қарашада құрылған республика?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Алтай


4. Шығыс Түркістан.

5. Қытай


40. Шынжанда Шығыс Түркістан Республикасы құрылғандығы қай жылы қабылданды?

1. 1934ж


2. 1944ж.

3. 1954ж


4. 1964ж

5. 1924ж


41. 1944 жылы құрылған жаңа өлкені қай батыр жан-тәнімен қорғауға бел байлады?

1. Зайсанов

2. Дәлелхан

3. Оспан.

4. Қалибек хакім

5. Ырысхан



42. 1945 жылы 6 қыркүйекте қай аймақ толық азат етілді?

1. Іле


2. Тарбағатай

3. Алтай

4. Қашқар

5. Құлжа


43. Шығыс Түркістан Республикасы 1944-1945 жылдары қандай екі үлкен мемлекеттің қыспағына түсті?

1. Қырғызстан- Қытай

2. Өзбекстан- Қытай

3. Қазақстан- Қытай

4. КСРО-Қытай.

5. Қытай-Үндістан



44. 120 шақырым жердегі Манас өзенінің бойына қай мемлекеттің әскерлері орналасты?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Қазақстан

4. Шығыс Түркістан.

5. Қытай


45. 1944-1945 жылдары КСРО мен Қытайдың қыспағына түскен мемлекет?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Қазақстан

4. Шығыс Түркістан

5. Үндістан



46. КСРО мен Қытай қай республиканы өз қыспағына алды?

1. Қырғызстан

2. Өзбекстан

3. Қазақстан

4. Шығыс Түркістан.

5. Қытай


47. 1946 жылы қандай өкімет құрылды?

1. Шыңжаң.

2. Шығыс Түркістан

3. Батыс Түркістан

4. Сарсүмбе

5. Шысай


48. Шыңжан өлкелік бірлескен өкіметі қай жылы құралды?

1. 1935ж


2. 1946ж.

3. 1955ж


4. 1955ж

5. 1925ж


49. Солтүстік Батыс Қытай әкімшілік мекемесінің 1946 жылы бастық болып кім сайланды?

1. Жан Жыжұң.

2. Оспан

3. Чойбалсан

4. Лан Панг

5. Греднев



50. Шығыс Түркістан өкіметінің бұрынғы төрағасы кім?

1. Жан Жыжұң

2. Ахметхан

3. Чойбалсан

4. Лан Панк

5. Греднев



51. Әйгілі Оспан батыр өлкелік өкіметінің мүшесі , қосымша Алтай аймағында кім болып тағайындалды?

1. әкім


2. губернатор

3. әскербасы

4. төре

5. хан


52. Оспан батыр 1945 жылы қыста қай қалаға көшіп барды?

1. Сарсүмбе.

2. Үрімжі

3. Құлжа


4. Пекин

5. Қашқар



53. Сарсүмбе қаласында губернаторлық міндетін өтеген батыр?

1. Жан Жыжұң

2. Оспан

3. Чойбалсан

4. Лан Панк

5. Греднев



54. Қай жылы Оспан ауылы Көктоғай ауданының Кууй деген жеріне қоныс аударды?

1. 1935ж


2. 1946ж.

3. 1955ж


4. 1965ж

5. 1925ж


55. Сарсүмбе қаласында Оспан батыр неше жыл тұрды?

1. 2жыл


2. 5жыл

3. 1жыл.


4. 6жыл

5. 3жыл


56. 1948 жылы Оспан батырмен Үрімжіде жеке кездесуге келген полковник?

1. Дәлелхан.

2. Құрманхан

3. Мәнен


4. Чанкай

5. Нұрқожай



57. Оспан батыр қай жылы қолға түсті?

1. 1935ж


2. 1951ж.

3. 1955ж


4. 1965ж

5. 1925ж


58. 1951 жылы Оспан батыр қай жерде тұтқынға алынды?

1. Мақай.

2. Қанымбал

3. Орынбор

4. Алтай маңы

5. Қарағанды



59. Оспан батыр қай ел қолынан атылды?

1. Қытай .

2. Япония

3. Моғолстан

4. Үндістан

5. КСРО


60. Оспан батыр қашан ату жазасына тартылды?

1. 1935ж 28 сәуір

2. 1951ж 28 сәуір .

3. 1955ж 28 сәуір

4. 1965ж 28 сәуір

5. 1925ж 28 сәуір



61. Ресейдің Қазақстанды отарлау процесі қай ғасырда жаңа сипат ала бастады?

1. ХХ ғ. Басы.

2. ХІ ғ. Аяғы

3. ІХ ғ. Басы

4. ХІХ ғ. Басы

5. ХХ ғ. Ортасы.



62. Қазақ халқының мұң-мұқтажын жоқтап осы қараңғы түнектен халықты алып шығуды қазақ халқына бостандық, теңдік алып беруді мақсат еткен қазақ зиялылары?

1. Мұстафа Шоқай

2. Әлихан Бөкейханов

3. Міржақып Дулатов

4. Жүсіпбек Аймауытов

5. Барлығы дұрыс.



63. Бұкіл саналық ғұмырын тек қазақ халқының емес бүкіл исі түркі жұртының бостандығы мен тәуелсіздігіне арнаған, осы мақсатын жүзеге асыруды өзінің мұратына айналдырған кім болды?

1. Мұстафа Шоқай.

2. Әлихан Бөкейханов

3. Міржақып Дулатов

4. Жүсіпбек Аймауытов

5. Сұлтанмахмұт Торайғыров



64. М.Шоқайдың әкесі кім болған?

1. Үкімет патшасы

2. Мектеп оқытушысы

3. Генерал-губернатор

4. Торғай Хиуа ханының датқасы

5. Білім және мәдениет қайраткері.



65. Торғай датқаның үшінші ұлы:

1. Сыздық

2. Әліш (Әлмұхамед)

3. Қойгелді

4. Нұртаза

5. Мұстафа




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет