С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет


Лекция материалдарының мазмұны



бет2/11
Дата24.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
#78738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Лекция материалдарының мазмұны



І бөлім

Кіріспе
Арнайы курстың пәні. Пәннің анықтамасы. Қазақ тарихының құрамдас бөлігі ретінде маңызы. Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Хронологиялық шеңбері. Деректік материалдар, арнайы әдебиет. Шетел қазақтарының зерттелу тарихы. Диаспорология (диаспоратану) ғылымының тарих саласымен байланысы. Диаспора, ирредент ұғымдарына түсініктеме беру.
Әдебиеттер:

      1. Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыры хақында) // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Қайдаров Ә. Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын. // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Сартаев С. Қуат күшіміз бірлікте. // Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

6. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы, 2007.



2 дәріс. Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстануы.


  1. Ақтабан шұбырынды заманында Шыңжан бетіне өткен қазақ ауылдары. Алтай, Тарбағатай, Ереңқабырғадағы қазақтың көшіп барған алғашқы жылдарындағы Қытай үкіметі тарапынан жасалған шаралар.

2. ХІХ ғ. ортасындағы отарлау саясаты салдарынан қазақтың Шығыс Түркістанға өтуі.

Тайпиндер көтерілісі. Ұйғырлар қозғалысы. Қытайдың толқушыларға қолданған жазалау шаралары, оның қазақ халқына тигізген зардабы.

3. “Петербор келісімі” немесе орыс-қытай шекарасы бөлінуден кейінгі Шыңжанды тұрақтап қалған қазақтың өмірі. Шекарадағы қақтығыстар. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде Жетісудан Шыңжанға өтіп кеткен қазақтың Қытай өкіметіне қарау туралы шешімі. XX ғ. 20 – 30 жылдарындағы саяси өмір. Алтайдағы қазақтардың үдере көшуі. Оларды қайтару туралы Қытайдың жауыз әрекеті. Үндіқытайдағы (Гималай тауындағы) қазақ көші мен қытай жендеттері арасындағы қақтығыстар.
Әдебиеттер:


  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.


3 дәріс. Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы.
1. ХІХ ғ. 60-80 жж. қазақтың Алтайдан Қобда бетіне өту тарихы. Төре сайлау. Ұлыстарға бөліну, оларды жеке билеу. «Абақ Керей ережесі». Қобда бетіне қоныстанған ауылдар саны. Монғол хандығы тарапынан жасалған жеңілдіктер. «Жер – жайылым» мәселесі. 1869 -1870 жылдардағы көш.

2. “Жалама айдаған жыл” немесе 1912 жылғы қазақ халқының қасіреті.Д. Амурсанаевтың озбырлығы. «Өріктікөл соғысы» немесе «Қалмақ қырылған» оқиғасы.

3. ХХ ғ. 20-30-жж. Моңғолиядағы қазақ халқының саяси қуғын-сүргіннен көрген зардабы.

«Аз ұлттар ортасына нағыз халықтың әкімшілік ұйымдарды орнату» ұраны. Ламалар қозғалысы. Оның қазақ дін басыларына тигізген зардаптары. Байларды кәмпескелеу. «Эсергу» айдау». «Мұқыр қырғыны» оқиғасы. «Кенжебек айдаған жыл».

4. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы моңғол қазақтарының тұрмысы. Мәдениеті мен шаруашылығы. Саятшылық. Құс салу. Киіз үй жасау. Мал санын арттыру.
Әдебиеттер:


  1. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары.

Өлгий-1992. 36-бетте.

  1. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.



4 дәріс. Үндістан, Иран, Ауған қазақтарының қоныстану тарихы
1. Үндіқытай зобалаңы. Кашмирдегі дүрбелең. Үнді шекарасындағы тосқауыл. Қазақ ауылдарының Кашмирдегі саяси баспанаға ие болуы.

2. ХХ ғ. 30-50-жж. Үндістандағы саяси оқиғалар. АҚШ, Ұлыбритания, Франция елшілерімен жүргізілген көшбасшылардың келіссөзері. Қазақтардың Ұлы Моғолдың соңғы билеушісі Кіші Мұхаммед II кездесуі.

3. Иран, Ауғаныстандағы қазақ диаспорасы. Арал бойынан Парсы, Ауған жеріне барған қазақтың тарихы. Бәндер-Түркімен, Горган, Гүмбез-Қауыс аймақтарындағы қазақтың ахуалы. Ауғанның Апқол, Бағлан, Пұлқұмыр, Дочы елді – мекендерінде тұратын қазақтың өмір салты.
Әдебиеттер:


  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

5 дәріс. Түркиядағы қазақтың тарихы
1. Қазақтың Түрік еліне қоныстану тарихы Гималай, Кашмир, Парсы шығанағы, Араб елдері, Өлі теңіз арқылы Кіші Азияға қоныстанған қазақ ауылдары. Зәйтүн –Нұрында қоныстанған Өр Алтай балалары. Станбұл мен оның айналасындағы қазақ ауылдары.

2. «Түркістан легионы» немесе Түркиядағы түркі (мұсылман) халықтарының ұйымы « Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» бұқаралық ақпарат құралдары.

3. Түркиядағы қазақтардың мәдениеті. Кілем тоқу. Былғары илеу. Киімнің сәнді үлгілері.
Әдебиеттер:


  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

6 дәріс. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Шет елдердегі қазақтардың Отанға оралу мәселесі.
1. 1992 жылғы алғашқы Үлкен Құрылтай (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылуы) жиынының мәні, мақсаты, оның жемісі, алыс-жақын шетелдерден келген қандастарға арнаған Елбасының құттықтау лебізі, «Ана тілі азбасын, Атамекен тозбасын» - Академик Қозыбаев бастаған ұлт зиялыларының құрылтайға келгендерге арнау сөзі, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бағдарламасын жасау.

2. Қазақстан мен елден тысқары өткен үлкен-кіші құрылтайлардың мәні мен мақсаты, Кельндегі (2002) Еуропа қазақтарының кіші құрылтайы, Қазақстаның Мәскеудегі, Париждегі өткен мәдени, этнографиялық-фольклорлық күндері. Түркістан қаласындағы Дүниежүзі қазақтарының 2 құрылтайы (2001), 2008 жылы Түркістан қаласында өткен оралмандардың “мәдени –этнографиялық’’ фестивалі.

3. Шетелдегі қазақтың Отанға оралу мәселесі, «Ұлы көштің» алғашкы легі (1991-1995 жж. елге оралған қазақтың саны, олардың орналасу жағдайы, жұмыспен қамту мәселелері), 1996 -2000 жж. оралмандарға бөлінген квота есебі, 2001-2006 жж. Өзбекстан, Моңғолия, Ресей, Ауған, Ираннан келген оралмандарды орналастыру мәселесі, «Нұрлы көш» бағдарламасы, Елбасының 2008 ж. халыққа Жолдауындағы оралмандарға берілетін квота санын арттыру.
Әдебиеттер:


  1. Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.
II бөлім.

Шетелдегі қазақ зиялылары.

7 дәріс. Оспан батыр Исламұлы
1. Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. “Үш аймақ” әрекеті. Есімхан, Ырысхан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елінің Шың Шы-Сай өкіметіне қарсы қарулы көтерілісі. Оспан батырдың КСРО, Моңғол елдерімен араздығы. Шығыс Түркістан жұмхұриятының құрылуы.

2. Оспан батыр –Алтай аймағын азат етуші әрі осы аймақтың губернаторы. Қайраткердін жаңа үкіметтен бас тартуы. Жаңа майдан ұйымдастыруы .

3. Оспан Исламұлы – “Қуыршақ үкіметтің” құрбаны. КСРО, Моңғол үкіметінің Оспан батырға қарсы ұйымдастырған іс-шаралары. Алтай аймағы губернаторлығынан бас тартуы. АҚШ, Ұлыбритания елшіліктерімен байланысы .Оспанның қолға түсуі мен жазалануы.
Әдебиеттер:

1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.


Қосымша әдебиет:

  1. Сәмитұлы Ж. Алтайда неше Оспан болған? Қазақ тарихы. 1995, №4.

  2. Қайратұлы Б. Даланың соңғы нояны. “Егемен Қазақстан”, 2008, 22-наурыз.

  3. Қ.Қиысхан. Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейханның басын әкеліп беріңдер. / Қостанай таңы. 2009, 27 қаңтар.



8 дәріс. Мұстафа Шоқай – ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық көтерілістің көрнекті қайраткері.
1. Түркістан автономисының құрылуы мен М.Шоқайдың қызметі. Түркістан жұмхұрияты немесе «Уақытша үкіметтің» Халық кеңесі. М.Шоқай –Түркістан автономиясының Ұлттық кеңес төрағасы. Петербор пікір таласы (1917 ж). «Орыстардың орнына татар ,башқұрттарды қабылдап алу» идеясы. Ашхабад келісімі (Бұқар әмірлігі мен Закаспий маңындағы ағылшын корпусы арасында). Озбыр саясатқа қарсы пікірлері.

2. Батыс Еуропадағы алғашқы Түркістан эмиграциялық орталығы және оған М.Шоқайдың қосқан үлесі. Баку мен Тифлистегі қызметтері. Түркия арқылы Германия мен Францияға баруы. Эмиграциядағы «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» басылымдарының негізін қалауы. М.Шоқайдың жұмбақ өлімі.


Әдебиеттер:

1. Алаш қозғалысы. Материалдар жинағы. А., 2009 ж.

2. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.
9 дәріс. Х.Оралтай. З.Қинаятұлы. Ә.Қара. И.Жеменей.
1. Хасан Оралтайдың “Елімайлап өткен өмір” шығармасы. Бұл еңбек бір жағы әдеби, екінші жағынан тарихи монография деген баға алды. Автор шетелдегі ұлт көсемдері мен зиялыларына қатысты жаңа деректер келтіріп, аталған еңбегінде кейбір тарихи шындықтың бетін ашты. Тарихи очерк Х.Оралтай мен оның айналасындағылардың ғана өмірбаянына қатысты емес, ол еңбек сонымен қатар Шығыс Түркістаннан бастау алатын көшті Еуропаға дейін апарған дерегі мен дәйегі мол шығарма (Алматы, 2005).

2. Зардыхан Қинаятұлының “Жылаған жылдар шежіресі” монографиясы. «Моңғолиядағы қазақтар» еңбегі.

Сонау түркі заманынан келе жатқан найман, керей тайпаларының ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр аралығындағы Шығыс Түркістан, Қобда бетіне дейін көшіп келген қонысын орыс, қазақ, моңғол ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп, өз зерттеуін қоса жазды. Онда Моңғолия қазақтары тарихындағы елеулі оқиғалар орын алған (Алматы 1995).

3. Әбдуақап Қара – шоқайтанушы ғалым:

“Мұстафа Шоқай” еңбегі

Оспан батыр жөніндегі еңбегі. Магистрлік диссертациясын “1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары” атты тақырыптан (1997) бастап, 2002 жылы докторлық диссертациясын “Мұстафа Шоқайдың өмірі мен күресі” тақырыбында Станбұлда қорғады. Ол 2004 жылы қазақшаға аударылды. “Оспан батыр” еңбегі (Астанада 2009 жыл).

4. Ислам Жеменей – философ-ғалым. «Иран қазақтары» еңбегі. 1929-1933 жылдар аралығында “Қызыл табан, шұбырынды” деп тарихта қалған Маңғыстау қазақтарының Түркімен арқылы Иранға барған көші. Ондағы қазақтың бүгінге дейінгі өмірі баяндалады. Парсы қазақтарының көбіне мәдениеті, тұрмысы, білім алу, жұмыспен қамтылу мәселелері қаралған. Сонымен қатар Ауған жеріне өтіп кеткен, жолда Түркіменстанды мекендеп қалған кейбір қазақ ауылдары жөнінде де деректер бар.
Әдебиеттер:


  1. Алаш қозғалысы. Материалдар жинағы. А., 2009 ж. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  2. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  3. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.


  1. Семинар сабақтарының тақырыптары

І бөлім

1 тақырып. Қазақ халқының Шығыс Түркістанға қоныстануы.
1. ХVІІІ ғасырдың 40-70 жж. Алтай тауын асқан Абақ Керейдің тарихы.

2. ХІХ ғасырдың 60 жж. Шығыс Түркістанға өткен қазақ ауылдары.

3. 1881 жылдан кейінгі Қытайдың құрамында қалған қазақтың тарихы.

4. Шығыс Түркістан мемлекетінің құрылар тұсындағы қазақтың өмірі.


Тақырыптың мақсаты – ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап Шығыс Түркістан аймағын қоныстанып қалған қазақтың ХХ ғасырдың ортасына дейінгі өмірімен таныс болу.
Бірінші сұрақ Ақтабан шұбырынды заманында Шыңжан бетіне өткен қазақ ауылдарының тарихи кезеңі, Алтай, Тарбағатай, Ереңқабырғадағы қазақтың көшіп барған алғашқы жылдарындағы Қытай үкіметі тарапынан жасалған шаралар жайында талданады.

Екінші сұрақ ХІХ ғ. ортасындағы отарлау саясаты салдарынан қазақтың Шығыс Түркістанға өтуі, төре сайлау, Тайпиндер көтерілісі (Ұйғырлар қозғалысы), Қытайдың толқушыларға қолданған жазалау шаралары, оның қазақ халқына тигізген зардабы жөнінде.

Үшінші сұрақта “Петербор келісімі” немесе орыс-қытай шекарасы бөлінуден кейінгі Шыңжанды тұрақтап қалған қазақтың өмірі, шекарадағы қақтығыстар, 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс кезінде Жетісудан Шыңжанға өтіп кеткен қазақтың Қытай өкіметіне қарау туралы шешімі қаралады.

Төртінші сұрақ XX ғ. 30 – 50 жылдарындағы саяси өмір. Алтайдағы қазақтардың үдере көшуі, оларды қайтару туралы Қытайдың жауыз әрекеті, Үндіқытайдағы (Гималай тауындағы) қазақ көші мен қытай жендеттері арасындағы қақтығыстар жөнінде.
Әдебиеттер:

  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.


2 тақырып. Қазақ халқының Батыс Моңғолия жеріне қоныстану тарихы.
1. Қазақ ауылдарының Батыс Моңғолия жеріне қоныстануы.

2. Моңғол қазақтарының 1912 жылғы алғашқы дүрбелең.

3. Моңғолиядағы байларды кәмпескелеу оқиғасы.

4. Моңғолиядағы қазақтың мәдениеті.


Тақырыптың мақсаты – Алтайдан Батыс Моңғолия жерін қоныстанған қазақтың тарихымен танысу.
Бірінші сұрақ ХІХ ғ. 60-80 жж. қазақтың Алтайдан Қобда бетіне өту тарихы, төре сайлау, ұлыстарға бөліну, оларды жеке билеу, «Абақ Керей ережесі», Қобда бетіне қоныстанған ауылдар саны, Монғол хандығы тарапынан жасалған жеңілдіктер, «жер – жайылым» мәселесі, 1869 -1870 жылдардағы көш жайында.

Екінші сұрақ “Жалама айдаған жыл” немесе 1912 жылғы қазақ халқының қасіреті, Д. Амурсанаевтың озбырлығы, «Өріктікөл соғысы» немесе «Қалмақ қырылған» оқиғасы жөнінде.

Үшінші сұрақта ХХ ғ. 20-30-жж. Моңғолиядағы қазақ халқының саяси қуғын-сүргіннен көрген зардабы, «аз ұлттар ортасына нағыз халықтың әкімшілік ұйымдарды орнату» ұраны, ламалар қозғалысы, оның қазақ дін басыларына тигізген зардаптары, байларды кәмпескелеу, «Эсергу» айдау», «Мұқыр қырғыны» оқиғасы, «Кенжебек айдаған жыл» оқиғалары қаралады.

Төртінші сұрақ ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы моңғол қазақтарының тұрмысы, мәдениеті мен шаруашылығы, саятшылық, құс салу, киіз үй жасау, мал санын арттыру жөнінде.
Әдебиеттер:

    1. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

    2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

    1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

    2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары.

Өлгий-1992. 36-бетте.

    1. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

    1. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.



3 тақырып. Өзбекстан, Түркімен, Қырғыз, Тәжікстандағы қазақтың тарихы.
1. ХХ ғ. басындағы қазақтың ахуалы.

2. Мәдениеті.


Тақырыптың мақсаты – Қазақстанмен шектес жатқан елдердегі қазақ ирредентінің шекара бөлінген кездегі қалып қоюы, кеңес үкіметі тұсындағы олардың этномәдени өміріндегі өзгерістерді ашып көрсету.
Бірінші сұрақты талқылаған кезде бұрынғы Қоқан, Хиуа хандықтары мен Бұқар әмірліктері тұсындағы қазақ-қырғыз, қазақ-өзбек, адай-түрікпеннің қарым-қатынасынан хабардар болу. Ташкент, Жизақ, Науаи облыстары мен Қарақалпақ еліндегі қазақтың қоныстану ерекшеліктері. Өзбекстандағы қазақтың санына қатысты даулы мәселелер. Кенесары Іле, Жоңғар Алатауына барған кездегі қазақ ауылдарының қырғыз жұртында қалып қоюы назарда болу керек. Түркімен қазақтарының ахуалы. Демографиялық өсу көрсеткіштері. Жер–су реформасы және ұлт – азаттық көтеріліске дейін Тәжіктің Гулаб елін мекендеп қалған қазақтың тұрмысы. «Қазақ гүзардан» асқан Адай – Қосай елі.Түркімен, қарақалпақ арқылы қуғын-сүргіннің салдарынан және сауда жолымен тәжік жеріне асып кеткен қазақтардың барған уақытын анықтау.

Екінші сұрақ бойынша қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрінің сақталуы, қисса-дастан, жыршы-жыраулық дәстүр, шаруашылығы, оқу-білім, ұлттық мектепетерде оқу мәселесі, үй тұрмысы, кілем тоқу, зергерлік, қолөнер, жұмыспен қамтылудағы кейбір олқылықтар.үй салу, әдеп-ғұрыптар, қолөнер, жергілікті жердегі қызметте кездесетін кейбір мәселелер талқыланады.
Әдебиеттер:

  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.
4 тақырып. Қазақ жерлерінің Ресей әкімшілік аумағында қалып қоюы.
1. Ресей қазақтарының революцияға дейінгі өмірі.

2. ХХ ғасырдағы Ресей қазақтарының өмірі.

3. Ресейдегі қазақ ұлттық орталықтар.
Тақырыптың мақсаты – саяси реформалардың салдарынан Ресей аумағына өтіп кеткен қазақ жерлерінің тарихымен таныс болу.
Бірінші сұрақ Сібірдегі байырғы қазақ өмірі, Алтайдың Құлынды өлкесіндегі Керей, Найман тарихы, Омбыдағы «Он алтынның зары», Орынбор қазағының тарихы, Түмен, Қорған Аштархан мен Еділ бойындағы қазақтың салтындағы ерекшеліктер жайында.

Екінші сұрақ КСРО кезіндегі Ресейдегі қазақтың Қазақстанмен байланысы, қазақ тіліндегі оқулылықтармен қамту мәселесі, газет-журналдар шығару, мал, егін шаруашылығы, қолөнері жөнінде.

Үшінші сұрақта Барнауылдағы «Атамұра» қазақ мәдениет орталығы, «Аманат», «Болашақ» ұлттық – мәдени автономияларының заңды рәсімделмей қалуы, «Асыл мұра» ұлттық мәдени орталығының жай-күйі, РФ–дағы 50 жергілікті, 6 аймақтық қазақ ұлттық орталығының жай-күйі қаралады.
Әдебиеттер:


  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

5 тақырып. Үндістан, Иран, Ауған қазақтарының қоныстану тарихы
1. Қазақтардың Кашмирге қоныстануы.

2. ХХ ғ. 30-50-жж. Үндістандағы саяси оқиғалар.

3. Иран, Ауғаныстандағы қазақ диаспорасы.
Тақырыптың мақсаты – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы отарлаудың салдарынан қарақалпақ, түркімен, тәжік жерлері арқылы Иран мен Ауғанстанға, сондай-ақ ХХ ғасырдың 30-50 жж. Қытай мен КСРО-ның саяси қысымына шыдамай Үндістанға барып қоныстанған қазақ ауылдары тарихының кезеңдерін талдау.

Бірінші сұрақты талқылаған кезде Үндіқытайдағы дүрбелең, Үнді шекарасындағы тосқауыл, Қазақ ауылдарының Кашмирдегі саяси баспанаға ие болуы, Гималай арқылы Үндістанға өтіп бара жатқан көштің жаппай індетке ұшырауы, үнді шекарасында бөгеліп қалуы, қазақ ауылдарының Кашмир ауданындағы саяси баспанаға ие бола алмай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция елшілерімен жүргізілген көшбасшылардың келіссөзері, қазақтардың Ұлы Моғолдың соңғы билеушісі Кіші Мұхаммед II кездесуі, Үндістан үкіметіне арызданғаны қаралады.

Екінші сұрақ бойынша Түркияға баруға шамасы келмей, Кашмир аймағында қалып қойған қазақ ауылдарының халықаралық ұйымдар, шетелдік консулдар мен елшілерге жазған хаттары, үкімет мүшелерімен жасаған сұхбаттары, шетелдік басылымдарға берген мәліметтері, Бабырдың соңғы ұрпақтарының бірі – ІІ Мұхаммед шахпен жолығуы талданады.

Үшінші сұрақ Арал бойынан Парсы, Ауған жеріне барған қазақтың тарихы, Бәндер-Түркімен, Горган, Гүмбез-Қауыс аймақтарындағы қазақтың ахуалы, Ауғанның Апқол, Бағлан, Пұлқұмыр, Дочы елді – мекендерінде тұратын қазақтың өмір салты, парсы, тәліб елдеріне барғандағы көрген қиыншылықтары, олардың орналасуындағы кейбір шеттетулер, Иран патшасының Қазақстанға сапарынан кейінгі парсы халқының қазақ диаспорасына деген оң көзқарасы, олардың тұрмысының жақсаруы, шаруашылығы, оқу-білім, үй салу, әдеп-ғұрыптар,жұмысқа қабылдануы мен оқу мәселесі жайында.
Әдебиеттер:


  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

6 тақырып. Түркиядағы қазақтың тарихы
1. Қазақтың Түрік еліне қоныстану тарихы.

2. «Түркістан легионы» ұйымы.

3. Түркиядағы қазақтардың мәдениеті.
Тақырыптың мақсаты – ХХ ғасырдың 30-50 жж. саяси қуғын-сүргіннен Түрік елін паналап барған қазақтың тарихынан хабардар болу.
Бірінші сұрақ Гималай, Кашмир, Парсы шығанағы, Араб елдері, Өлі теңіз арқылы Кіші Азияға қоныстанған қазақ ауылдары, Зәйтүн –Нұрында қоныстанған Өр Алтай балалары, Станбұл мен оның айналасындағы қазақ ауылдарының көшіп баруы жайында.

Екінші сұрақ бойынша Түркиядағы түркі (мұсылман) халықтарының ұйымы «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» бұқаралық ақпарат құралдары қаралады.

Үшінші сұрақ Түркияға барған қазақтың кілем тоқу, былғары илеу, киімнің сәнді үлгілерін тігу бойынша қаралады.
Әдебиеттер:


  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.

  3. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  4. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.
7 тақырып. Батыс Еуропа мен басқа да алыс-жақын шет елдердегі қазақтардың қоныстану тарихы.
1. Венгриядағы қазақ жұрты. Германия, Англия, Франциядағы қазақтың көшіп бару тарихы.

2. АҚШ-тағы қазақ диаспорасы.


Тақырыптың мақсаты – Кейінгі орта ғасырлардағы Еділ-Дунай арқылы Шығыс Еуропаны қоныстанған қыпшақтар, ХХ ғасыр басындағы отарлаудың салдарынан Қытай, Үндістан жерлері арқылы Түркияға, сондай-ақ Батыс Еуропа мен Америкаға оқу-білім іздеп барып, сонда тұрақтап қалған қазақ жастарының өмірімен танысу.
Бірінші сұрақ бойынша Қыпшақ даласынан Кавказ, Қырым арқылы поляктың жерін басып, венгр еліне барған, кейін сонда тұрақтап қалған мадьяр жұрты және ХХ ғасырдың 50-80 жж. Түрік елінен Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде білім алған қазақ жастарының сол жерде бір-бірімен некелесіп, қызмет бабымен қалып қойғандығы, Мюнхен, Кельн, Берлин қазақтары. Лондон, Париждегі азғана қазақ., Будапештің айналасындағы Мадьяр – Қыпшақтар мен олардың байырғы салт ұстану ерекшеліктері, Еуропа қазақтарының тілі, мәдениет тұрғысындағы кейбір мәселелері, Еуропадағы «Азаттық радиосы», қазақтардың қазіргі кездегі Қазақ елімен байланысы, бұқаралық ақпарат тарату, тіл, салт-дәстүр ұстануы қаралады.

Екінші сұрақты талқылаған кезде ХХ ғасырдың ортасынан бастап Еуропадан Солтүстік Америкаға жеткен қазақтардың АҚШ астанасы, сол маңдағы ірі қалалар мен елді-мекендерге қоныстанып, ел әкімшілігі тарапынан қолдауға ие болуы, Вашингтон мен Нью-Йорктегі қазақ диаспорасы, олардың Қазақстанмен қарым- қатынасы, АҚШ тарапынан жасалатын көмек-мұқтаждар, Еуропа мен АҚШ-тағы қазақ ұл-қыздарының білім алу деңгейі, олардың бүгінгі тұрмысы, елшілікпен байланысы талқыланады.
Әдебиеттер:

  1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

  2. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

II бөлім.

Шетелдегі қазақ ұлт зиялылары мен көрнекті өкілдері
Бөлімнің мақсаты – ХІХ ғасырдың аяғынан бүгінге дейінгі шетелдегі қазақ арасынан шыққан, сондай-ақ эмиграцияда жүріп, ел тағдырына жанашыр болған ұлт зиялылары мен көрнекті өкілдердің өмірі және шығармашылығымен таныс болу.
8 тақырып. Ақыт қажы Үлімжіұлы
Тақырып Алтайдағы қазақ ұлт зиялыларының ұстазы болған Ақыт қажының өмірі мен шығармашылығы, діни тұрғыдағы өсиет өлеңдері, нақыл сөздері, Қазанда басылған кітаптары (8 кітаптың авторы), Шыңжан мен Қобдадағы мешіт-медреселерді салуға қосқан үлесі, діни сауат ашу және ұстаздық қызметі, Алтай, Қобда бетіндегі діни сауатты ізбасарлары (Күдері, Жәлел, Дөңтай, Тілеуберді, Қылыш молдалар) жайында қаралады.
Әдебиеттер:

  1. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

  1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары. Өлгий-1992. 36-бетте.

  3. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

  1. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991, 4 б.



9 тақырып. Халифа Алтай. Ислам Қабышұлы.
Бірінші сұрақ Қазақстан Діни басқармасының құрметті өкілі Х.Алтайдың өмірі мен қызметі, шетелдегі қазақ диаспорасы жөнінде қалдырған еңбектері, пікірлері, діни ұстаздығы, теолог-ғалым ретінде құранды алғаш қазақшаға аударғандығы, ұлт, дін жайындағы ғылыми еңбектері, қажылық сапары жайында қаралады.

Екінші сұрақта И.Қабышұлының “Моңғолия қазақтарының тарихы” монографиясы, қазақ халқының Қобда бетіне қоныстану тарихының кезендері, Баян-Өлгей қазақтарының мәдениеті, тұрмысы, өнері, шаруашылығы жөнінде жазған ғылыми еңбегі (Баян-Өлгей, 1960), «Құпия шежіре», «Алтын дәптерді» қазақ тіліне аударып, деректердегі қазақ халқының қалыптасуына кейбір келтірілген мәліметтерге көзқарасы талданады.
Әдебиеттер:

  1. Халифа Алтай. Алтайдан ауған ел. А., 2005.

  2. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

  3. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

  4. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.


10 тақырып. Махмет Құлмұхамед. Нығмет Мыңжан.
Бірінші сұрақ көрнекті ғалым Махмет Құлмұхамед жайында.

Екінші сұрақта Н.Мыңжанның “Қазақтың қысқаша тарихы” ғылыми еңбегі, қазақ тарихына қатысты қытай мұрағат деректерін пайдалану арқылы жаңа бетбұрыс жасауы, бұрынғы отаршылдық идеяға басқаша бетбұрыс жасау арқылы, қазақ тарихының өткені мен бүгініне жаңа пікір қалыптастырундағы еңбегі талданады.
Әдебиеттер:

  1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

  2. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

  3. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

8. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі

а) негізгі әдебиет


    1. Ислам Қабышұлы. Моңғолия қазақтарының тарихы. Баян-Өлгей. 1980, 18 б.

    2. Жеменей И. Иран қазақтары. Алматы, 2007.

    3. Қазақ диаспорасы: кешегісі, бүгіні, ертеңі. Ғылыми конференция материалдары.

Семей – Баян-Өлгей. 2009.

    1. Қиянатұлы З. Жылаған жылдар шежіресі. Алматы, 1995.

    2. Сарай А. Революциядан бұрынғы Моңғолия қазақтары.

Өлгий-1992. 36-бетте.

    1. Оралтай Х. Елім-айлап өткен өмір. Алматы, 2005, 67-б.

    2. Еуразиялық интеграция және қазақ диаспорасы. Материалдар жинағы. Алматы,

2007.

    1. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. А., 1993.

    2. А.Сарай - Революциядан бұрынғы қазақ халқы. Баян-Өлгий, 1991.


ә) қосымша әдебиет


      1. Қабышұлы И. “Құпия шежіренің” құпиясы. \Егемен Қазақстан, 2007, 20 желтоқсан.

      2. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.

      3. Назарбаев Н.Ә. Құшағымыз бауырларға айқара ашық. Мына кітапта: // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. С.Мұқанов. Қытайға саяхат. // Жұлдыз. – 1959 - №5.

      2. Толыбеков С.Е. Общественно-экономический строй казахов в

ХVІІ-ХІХ вв. Алма-Ата. 1959.

      1. Тортаева Ә. Шығыс Түркістан қазақтары. // Қазақ тарихы. –

1998, №1.

      1. М.Тәтімов. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 бет.

      2. Омарбеков Т. Голощекин Қазақстанда. \Лениншіл жас. 1990, 5 тамыз.

      3. М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков. Тарих тағылымы не дейді? А.,1993.

      4. Тәтімов М. Ауылдағы демографиялық ахуал. А.,1990, 64 б.

      5. Тәтімов М. Демография және халықтану. \\ Қазақ тарихы. 2004, № 6.

      6. Қозғанбаева Г.Б. Қазақ диаспорасы қашан, қалай пайда болды?// Қазақ тарихы,

1995. №4, 43-49 б.

      1. Шәрбақынұлы З. Киелі қанның тамшысы. Көкшетау,2005.

      2. Мауқараұлы А. Қызыл қырғын.// Ақиқат, 1994, №9.

      3. Сәмитұлы Ж. Алтайда неше Оспан болған? Қазақ тарихы. 1995, №4.

      4. Қайратұлы Б. Даланың соңғы нояны. “Егемен Қазақстан”,

2008, 22-наурыз.

      1. Төлепберген М. Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат.

\Егемен Қазақстан, 2006 жыл 7-қазан.

      1. Кәмалашұлы Б. Малды сетерлеу. "Қазақ елі", 1996, 20 қыркүйек.

      2. Мауқараұлы А. Көшпенді керейлер. Шалқар, 1994.

      3. Тынышбаев М. Қазақ халқы тарихынан мәліметтер. Алматы, 1990.

      4. Есімов Қ. Қазақстан тарихы деректануы - Қарағанды, 1999.

      5. Күзембайұлы А., Әбіл Е. История Казахстана. С-П, 2004. 7-е изд.

      6. Ә.Марғұлан. Тамғалы тас жазуы \\ Жұлдыз, 1984. №1.

      7. Қозыбаев М.Қ. Ата тарихы туралы сыр (Қазақ халқының тағдыры хақында) // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

      1. Қайдаров Ә. Ана тілі азбасын, атамекен тозбасын. // Дүниежүзі

қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.

26.Сартаев С. Қуат күшіміз бірлікте. // Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Алматы, 1993.



Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақстан тарихы кафедрасы

Шетел қазақтарының тарихы

пәні бойынша студенттерді оқыту бағдарламасы



(SILLABUS)

050114 “Тарих”, 050115 “Құқық және экономика негіздері”

мамандықтары

оқыту формасы – күндізгі

кредит саны – 2 (90 сағат)





Оқыту түрі




күндізгі

күндізгі қысқартылған

сырттай

сырттай қысқар

тылған


жеделдетілген

кредит саны

2

-

-

-

-

аудиториялық сағаттар

30

-

-

-

-

лекция

15

-

-

-

-

семинар (практикалық)

15

-

-

-

-

оқытушының басшы-лығымен өтетін сту-денттердің өз бетімен істейтін жұмыстары

15

-

-

-

-

студенттердің өз беті-мен істейтін жұмыстары

45

-

-

-

-

емтихан (семестр)

7,8




-

-

-

Қостанай, 2010 ж.
Аталмыш студенттерді оқыту бағдарлама (SILLABUS) Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушы тарих магистрі, Қ.Қиысханның авторлық жұмысы. Оның негізіне 2005 жылғы мамырдың 5 жұлдызындағы 289 нөмірлі Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің бұйрығымен бектілген нөмірі 050114 «Тарих» мамандығы бойынша дайындалды. Аталған пән бойынша типтік бағдарлама жоқ.
Қиысхан Қыдырбек: тел. 565-219, моб. тел. 8-705-329-05-33.

Шетел қазақтарының тарихы – 2 кредит 8 семестр



Курсты өткізу уақыты мен орны – кесте бойынша




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет