С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет


лекция. Үндістан, Иран, Ауғанстан қазақтарының қоныстану тарихы



бет7/11
Дата24.04.2016
өлшемі0.98 Mb.
#78738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

4 лекция. Үндістан, Иран, Ауғанстан қазақтарының қоныстану тарихы

Қазақ диаспорасының Үндістанға таралуы Қытайдағы оқиғаларға байланысты болды. XX ғ. 30-жылдарында Шыңжаңда хань ұлтынан өзге халықтарды ұлттық және діни жағынан кемсіту күшейе түседі. Аз ұлт өкілдері, оның ішінде, қазақтар да, көтеріліске шығады.

1936ж. 18 мың қазақтың Барколден Цинхайға миграциясы басталды. 1 мыңға жуық отбасы Баркөлде қалып, Алтайға қайта оралды. 1938ж. 500 қазақ отбасы Моңғолияға кетті және 5 мың қазақ Тибеттен өтіп, Үндістанда қоныстануды шешті. 1940ж. қыркүйегінде 5 мың қазақ Тибетке жетіп, бір жылдан астам уақыт Тибет руларымен соғысты. Тибетте суықтан, аштықтан, қарлы аурудан жөне мейірімсіз тибеттердің оқтарынан 2 мыңға жуық қазақ көз жұмды. Қалған 1000 отбасы немесе 3039 адам 1941жылдың қыркүйегінде Үндістанның шекарасында орналасқан Демчок деген жерге келіп жетті. 18 мыңдай қазақтар Алтайдан Ганьсу мен Синхайға жер аударылды немесе өздері қашып барды. 4 мыңдай қазақтар оңтүстікке қарай жылжуды жалғастырып, тибеттіктермен соғыса жүріп, 1 жылдан аса көшкен ел 1941 ж. Гималай арқылы Үндістанның Кәшмір қаласына жетті, көп адамдар жолда мерт болды. Бұл босқындар Үндістандағы қазақтардың алғашқы ірі толқыны болды.1942ж. сәуірінде Британдық Үкімет қазақтарды Равалпиндидің қасындағы Тернава ауылына жүк көліктерімен әкелді. Музаффер Абадед лагерінде басталған жұқпалы аурулар қазақтардың Тернавада да соңынан қалған жоқ. Аурудың кесірінен күн сайын 15-20 адамға дейін көз жұматын. Қашқындардың саны бір жыл көлемінде 3 мыңнан 1,200 адамға дейін қысқарды.

1943ж. наурызында қазақтарға Тернавадан кетуге рұқсат берілді. 450 қазақ Орталық Үндістанда орналасқан Бхопал жеріне кетгі.

2 жыл көлемінде қазақтар Бхопалда тұрды, кейінірек бұл ауданға Қазақбат деген ат берілді. Бхопалда қазақтарға «Қазақ орталығын» ашуға рұқсат берілді.

1944ж. қазақтар топтасып Дели, Калькутта қалаларына көше бастады. 1948ж. қазақтар бұл қалалардан кетуге мәжбүр болып, Пәкістанға - жаңа мұсылмандық мемлекетке көшті.



1944 ж. Шыңжаңға гоминдан әскері енгізілді. Бұл жерде қалған қазақтар тағы да бас сауғалауға кірісті: олардың бір бөлігі (27164 адамды құрайтын 5.128 отбасы) уақытша паналау үшін Шығыс Қазақстан облысының аумағына өтті. 1949 ж. Қытайда билік басына коммунистік партия келеді. 1949—50 жж. күзі мен қысында қазақтар қытайлық коммунистермен келіссөз жүргізіп, діни бостандық, көшпелі өмір салтын сақтау және Шыңжаңда еркін кешіп-қонуға рұқсат ету кепілдіктері мәселесін талқылады. 1950 ж. 28 наурызда Баркөл ауданында қазақтар құрылтайы болып өтті, онда Шыңжаң қазақтарының бұдан былайғы тағдыры сөз болды: туған жерді тастап, жақындарының өмірін сақтап қалу керек пе, өлде тең емес шайқаста айқасып өлу керек пе? Көпшілігі Үндістан бағытында жылжуды жалғастыру керек деп шешті. Олар Тибет өлкесіндегі Гималай таулары арқылы 2 мың шақырым жерді жаяу азаппен жүріп өтті. 1951 ж. тамыз айында босқындар үш топ болып Үндістан шекарасына жетті. Бұл Кәшмірге келген қазақтардың екінші толқыны болатын. Бір айға созылған келіссөзден кейін қазақтар Үндістанға енгізілді. Алайда көп ұзамай Үндістанның төуелсіздік алуына байланысты қазақтар тағы да қиыншылыққа ұшырады. Тілі мен діні басқа елде күн көру оңайға түспеді. Олар мұсылман болғандықтан, жаңа құрылған мұсылман мемлекеті Пәкстанға көшуге мәжбүр болды. Мұнда қазақтар қорғансыз кедейлік жағдайында өмір сүрді. Қытайға қайта оралар жолдары кесілген, Пәкстанда тұрақтап тұра алмай, азаматтық алу қиындық тудырып, болашақ күмәнді болғандықтан, қазақтар түпкілікті қоныс табу мәселесіне қайта айналып оралды. 1951 ж. қазан айында Пешаварда "Қазақ босқындардың шығыстүркістандық ассоциациясы" құрылып, қазақтарды Түркияға эмиграциялау мәселесімен айналыса бастады. 1952 ж.13 наурызда Туркияның министрлер кабинеті N3/14 595 немірлі шешім қабылдап, шығыстүркістаңдық қазақ босқындарының Үндістаннан, Пәкстаннан және Сауд Арабиясынан келуіне рұқсат етті.
5 лекция. Түркиядағы қазақтың тарихы
Түркия еліне қазақ көші 1933-37 жылдары Алтай аймағынан Шығыс Түркістанның Баркөл, Құмыл аймақтарына көшіп барады. Бұл көштердің өзіндік саяси себептері болды. Қазақ елі отарлаушы күштердің қысымынан, бірі-Кеңес Одағы, бірі-Қытай империясы өз отанынан босып, бас сауғалауға мәжбүр болды. Сол уақыттарда ол аймақта ұзақ тұра алмай, Қытай елінің ішкі өлкелеріне Шыңқай, Гансу аймағындағы мұсылман дүнген ағайындарға барып, паналайды. Қиын-қыстау заманды бастарынан өткізе жүріп, он жылдай Үндістан-Пәкістанда, сонан соң 50-жылдардың басында Түркия үкіметіне өздеріне баспана сұрап, өтініш түсіреді. 1952 жылдың 13 наурызында Түркияның министрлер кабинеті өзінің №3/14595 шешімімен қазақ босқындарын түрік мемлекетіне қабылдайтыңдығын мәлімдейді. Сол кездегі елдің президенті Джелал Баяр, үкімет басшысы Аднан Мендерес және он алты үкімет мүшелері қол қойған арнайы құжат қабылданады. Осы жылдың қыркүйек айында (қайсібір деректерде 15 қарашада) Кашмирден шыққан қазақ босқындарының алғашқы тобы Ыстамбұлға келіп жетеді. Алтайдан басталып, Үндістан мен Пәкістан арқылы жүрген бұл көш 1956 жылы көктемде аяқталған еді.

Қытайдан Кашмирге, Ауғанстанға, Пәкістанға көшіп барған босқын казақтардың Түркияға жеткенге дейінгі жолын кімдердің ұйымдастырып, кімдердің қаржыландырғаны туралы сұрақтар туады. Әрине түрік үкіметінің Қазақтарды ездеріне көшіріп алуы кезінде ақшаны да өздері тапқанын аңғаруға болады. Сонымен бірге Годфри Лиастың "Казахский исход" монографиясында 1952-1954 жылдары қандастарымызды Пәкістаннан Түркияға көшіріп алу мәселесі бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қордан қаржы бөлуді қарастырғанын келтіреді. Зерттеуші Жак Вернанттың «Бежество в после военном мире» деген монографиясында Түркияның мұсылман босқындарды көшіріп алуының кейбір мәселелері қамтылған.

Тарих парақтарына сүйенсек, осыдан жарты ғасыр бұрын Түркияға табан тіреген жалпы қазақтардың қатары 20 мыңнан астам. Олардың 1800-дейі Түркияның оңтүстік аймағындағы Ұлықыстау ауданындағы Болқар тауының баурайында қазақ ауылы болып қоныстанған еді. Осылай 1957 жылы Қазақ ауылы бой көтерді. Туған жерге деген сағыныштан болар, ауылдың атын "Алтай" деп қояды. Алтай аулында 200-дей қазақ жанұясы тұрды.Ал қалған Түркия қазақтарының 95 % Стамбұлдың "Зейтін мұрын" ауданында өмір сүреді.

Түркияға қазақтардың қоныс тебуіне жарты ғасырдан астам уақыт етті. Осы мезгіл ішінде Түркия қазақтарының өміріндегі ең маңызды оқиға 1991 жылғы 16 желтоқсанда орын алды. Сол күні Қазақстан өзінің бағымсыздығын, яғни тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария еткені мәлім. Түркиялық қазақтар, жалпы қазақ тарихында зор маңызға ие осы оқиғаны жүрекжарды қуанышпен карсы алды. Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші бо.тып Түркия Республикасы таныды. Мұның өзі, Түркия қазақтарының қуанышын еселеп өсіріп жіберді.

Тәуелсіздіктен бұрын Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстары шектеулі болды. Өйткені, ол кезеңде, әлем батыс жөне шығыс блок болып екіге бөлініп, өзара салқын соғыс бүкіл ызғарымен жүріп жатқан-ды. Ал Қазақстан мен Түркия болса бір-біріне жау блоктар ішінде орын алып, бір-бірімен туыстық байланыс орната алмады. Қазақстан, Кеңестік социалистік республика ретінде Варшава, Түркия болса НАТО тобына тәуелді еді.

Сол себепті, атамекендегі азаматтардың Түркиядағы қазақтармен байланысқа енуіне ыңғайлы жағдай болған жоқ. Сонымен қатар, Қазақстаннан Түркияға туристік сапармен аттанғандарға, ондағы қазақтарды капитализмнің қол жаулықтары ретінде қарап, өздеріне олардың әрқашан түрлі қастандық әрекеттер жасанды деп күдіктенді. Оларға, шетел қазақтарының алтындарын дорбалап алып қашқан байлардың ұрпақтары екені айтылды. Бүгінде кейде осы пропаганданың әсерімен шетел қазақтарына қашқын байлар кезімен қарағандар кездесуі, міне, осы жағдайдың салдары. Бұған ұқсас жағдай Түркияда да қалыптасты. Осылайша, түркиялык бір қазақтың атамекенмен байланысқа енгендеріне күдікпен қаралды. Оларға коммунист, кеңестік жансыз немесе сатқын деген айдар тағылды. Тіпті бұлар үшін заңдық тексерулер жүргізілгені де байқалды. Екі бауырлас ел болған Қазақстан мен Түркия арасындағы осынау орынсыз да негізсіз қиын-қыстау кезең, Кеңес Одағының күйреуі және Қазақстанның тәуелсіздігіне қол жеткізуімен аяқталды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, шетелдердегі отандастармен 70 жылдай үзіліп қалған байланыстарын кайта қалпына келтіруге жол ашылды. 1992 жылы қыркүйек айында, Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өткізілді. Оған түркиядан 104 адам катысты. Құрылтай қонақтарында ерекше толқу мен тебіреніс байқалды. Оларда атамекенге алғаш рет қадам басып, ел мен жерге қауышудың қуанъшты сезілді. Ондаған жылдар бойы жүректе жазылмайтын жара болып жүрегін ел сағынышы, жер сағынышы аяқталған еді. Құрылтай жұмысы күзінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының іргетасы қаланды. Қазақстандағы басшылардан өзге қауымдастықтың төралқа мүшелігіне Түркия тарапынан қазақтарының кеш бастаушы ақсақалдарының бірі Дәлелхан Жаналтай сайланды. Мұның өзі атамекеннің Түркия қазақтарына деген ықылас, құрметінің бір белгісі ретінде жоғары бағаланды.

Кейінірек тағы бір маңызды мәдени ісшара Түркияда жасалды. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына. байланысты Стамбұл мен Маниса қалаларының қазақтар көптеп тұратын екі көшесіне Абайдың аты салтанатпен берілді.

1997 жылы наурызда Стамбұлда қазақтардың кіші құрылтайы еткізілді. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Франция, Германия, Швеция, Австрия және Голландия өкілдері қатысты. Түркия үкіметі де қолдау көрсеткен сол құрылтайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы мен Қазақ түріктері қоры бірігіп ұйымдастырды. Құрылтай кезінде, Қазақ түріктері қорының жаңа салынып біткен бес қабатты гимаратының түсаукесерін Түркия Сыртқы істер министрі Тансу Чиллер ханым жасады.

Түркия қазақтары үшін айтулы күндердің бірі, 2001 жылы Стамбұлда болып өтті. Халықаралық жоғары дәрежелі бір кездесу үшін Стамбұлға атбасын тіреген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия қазақтарының өкілдерін қабылдады. Олардың атамекен туралы ой-пікірлеріне назар аударып, өтініш - тілектеріне көңіл бөлді. Мұның өзі, Түркия қазақгары үшін ерекше құбылыс болды.

2002 жылы Стамбұлда қазақтардың Түркияға орналасқанына елу жыл толуы кеңінен аталып өтілді. Осы жылдың күзінде Түркістан каласында Дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы өткізілді. Оған да түркиялық қазақтар көптеп шақырылды.

2003 жылы Стамбұл қаласының қазақтар кептеген шоғырланған Зейтінмұрын ауданы маңызды бір оқиғаға куә болды. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, жаңа салынған Абай атындагы бастауыш мектептің тұсаукесерін жасады. Бұл, Елбасының Түркия қазақтарына деген қамқорлығының айқын бір көрінісі ретінде бағаланды.

2006 жылдың тамыз айының соңғы күндерінде Түркия Республикасының Нигде және Измир қалаларында, Үлықышла ауданының Алтай ауылында Шығыс Түркістан қазақтарының Түркия жеріне қоныс аударуына және Алтайкей-қазақ ауылының қалануына жарты ғасыр толуына арналған шаралар болып өтті. Нигде қаласында Абылай ханға арналған ескеткіш ашылып, орталық сарайында "Алтайдан Анадолыға 50 жылдан соң деп аталатын ғылыми конференция ұйымдастырылып, Шымкент пен Нигде қалалары арасындағы бауырластық қатынастар жөнінде келісім шарт жасалды. Оған Еуропадан және Түркияның түрлі аймақтарынан қазақ Диаспорасы өкілдері қатысуымен етілді.

Бұған дейін Түркия Қазақстанға, қазақ халқына деген өзінің ыстық Ықыласын танытып, Анкара, Стамбүл сияқты қалаларда Абайға, Мағжанға, Әуезовке ескерткіш тұрғызған болатын.

Бірақ осы игі шараларға қарамастан қазіргі таңда Түркия қазақтарының алаңдататын жайлар бар. «Ең кұрығанда, жиырма мыңнан астам қандасымаз тұратын Түркияда 1 орта казақ мектебі салынса» - дейді Түркиядағы қазақ қоғамының төрағасы Дәруіш Қылыш. Негізінен жергілікті Қазақтарға дәи осы қоғам әлеуметтік және экономикалық тұрғыда көмек көрсетеді. Оның деңгейі ұлттық – мәдени орталықпен тең. Жастар жағы алаңсыз түрік тіліне оқуға көшкен. Сондықтан қазақ тілі мен салт-дәстүрімізді сақтап қалуда қауіп болып отыр.

Түркияда сондай-ақ «Түрік қазақтарының әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоғамы», «Қорқат ата қоры», «Шығыс Түркістан қоғамы», және «Ахмет Иассауи қоры» секілді қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді.

Біз Түркия қазақтарының атамекенмен байланыстарында кезең-кезең аталып өткен осы белгілі қүбылыстардың сыртыңда, Түркиядаи жыл сайын он мөлшерінде жас, жоғары білім алу үшін Қазақстанға келеді. Олардың алды оқуларын аяқтап, дипломдарын алып, көбісі атамекенде түрлі фирмаларда жұмыс істеуде. Осыған байланысты, олардың бірқатарының ата-аналары да атамекенге қоныс аударды. Сондай-ақ, жыл сайын 50-100 отбасы Қазақстан Көші-қон және демография агентігінің ұйымдастыруымен Түркиядан Қазақстанға біржолата көшіп баруда.

Қазақстан мен Түркия қазақтары арасындағы байланыстардың ауқымы жеткілікті ме? - деген сұраққа келсек, біздіңше, осы байланыстардың көңіл қанағаттанарлық деңгейге көтерілуі үшін, әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыстарды әрі нығайтып, шетелдегі қандастарымыз үшін қазак тілі мен салт-дәстүрін сақтап қалу үшін қолымыздан аямай барынша көмектесу керек.



6 лекция. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. Шет елдердегі қазақтардың Отанға оралу мәселесі
Жалпы “қазақ диаспорасы” ұғымы өзінің толық мағынасында көпшілік қауымға тек 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қарсаңында мәлім болды. Құрылтай өтер кезде “Егеменді Қазақстан” газетінде белгілі ғалымдар Ә.Нысанбаев пен Ә.Арғынбаевтың “Қазақ диаспорасының бүгіні мен ертеңі” [1] деген көлемді мақаласы жарық көрді.

Көрнекті ғалымдар М.Қозыбаев [2], Ә.Қайдаров [3], С.Сартаев [4] және Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы мүшелерінің Құрылтайда жасаған баяндамаларында құнды деректер бар.

Қауымдастық қазіргі кезде дүние жүзіндегі бар қазақтың басын қосып, қазақ диаспорасы тақырыбының ғылыми зерттелуін жолға қоятын саяси және мәдени-ғылыми орынға айналды.

1993 жылы Алматыда қытайлық тарихшы Нығмет Мыңжан жазған “Қазақтың қысқаша тарихы” [5] деген кітап жарық көріп, оқырманды елең еткізді. Бұл ең- бек шеттегі қазақтың арасынан шыққан тұңғыш көлемді кітап болатын. Оқырманның көпшілігі бұл кітапты “Дүниежүзі қазақтарының кітабы” деп қар- сы алды. Кітаптың авторы Қазақстан ғалымдарының еңбегін пайдаланып, оған Шыңжаңдағы керейлердің тарихынан аздап мәлімет қосып, қазақ халқының тарихын жазуға ниет білдіріпті. Бірақ, бұл мақсат толық орындала қоймады. Өйткені бұл кітаптың ғылыми тұжырымдардан гөрі саяси астары басым.

Мәселен, Қытай Халық Республикасында тұратын І миллионнан астам қазақтар ала бағанның арғы жағында қалғаннан бергі кезеңде өзінше тағдыр,қызғылықты тарих кешіп келеді. Олардың өздеріне тән күрес жолдары, халық кайраткерлері, өзіндік мәдениеті мен әдебиеті қалыптасты.Ал Түркия, Германия, Америка,Норвегия, Англия, Шведция тіпті Австралияға дейін кетіп қалған қазақ жұртының тағдыр талайы өз алдына тарих. Ең тамашасы олар әлі күнге дейін ұлттық белгілерін (қазақтығын) сақтап отыр. Дүние жүзінде диаспорасының тілдік жағдайын зерттеу- қазақ халқы, қазақ тіл білімі үшін ғана емес, әлемдік лингвистика үшін де өте маңызды мәселе. Өзінің ұлттық ортасынан тыс жерде өмір сүріп жатқан этнос өзге тілдік ортада өз тілін қалай сақтап қалды, қалай өзгертті, қалай дамытты деген сауал да мәнді мәселе.Сонымен бірге сырттағы қазақтардың тілін зерттеу - қазақ тілшің дүние жүзіндегі жағрафиялық таралу өзісін белгілейді. Ал бұл тіл біліміне аса қажетті мәлімет. Жер жүзінің әр түрлі елін мекендеген қазақ өз тілімен қатар, сол елдің тілдерін де меңгерді, яғни қос тілді,не кеп тілді. Мұның өзі дүниежүзілік әлеуметтік лигвистика ғылымын қазақ көптілдігі жөніндегі мәліметтермен байытары сөзсіз.Қаймағы бұзылмаған халқымыздың ұмытыла бастаған тамаша касиеттерін тірілтуге. өткеннің өнегесінен үйренуге де баулитыны анық. Қазақ елінің өзін өзі ұлт ретінде сақтап қалуына мүмкіндік туғызатын әлемдік орта тек қана қазақ жері мен елі. Сондықтан сырттан келіп жатқан қазақтарға мемлекет тұрғысынан заңды көмек керсетілген жөн.

Бүгінгі күні әлемнің қырық елінде тұратын қазақ диаспорасы қазақ ұлтының үштен бір бөлігін құрап отыр немесе 4,5 млн адам. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады. Олардың белгілі бөлігі тарихи елінен кеңес кезеңіндегі Қазан революциясы, азамат соғысы және күштеп ұжымдастыру, аштық пен бұқаралық репрессияның салдарынан кетуге мәжбүр болған. Таяу шетелдегі қазақтар (ТМД елдерінде) Кеңес одағы тарағаннан кейін диаспора қатарын көбейтті.



Соңғы статистикалық мәлімет бойынша:

« Өзбекстанда 1,5 миллион;

• Қытайды - 1,3 миллион;

• Ресейде - 900 мың;

• Түркіменстанда - 100 мың;

• Монғолияда - 80 мың;

• Қырғызстанда - 45 мың қазақтар тұрады;

• Түркия, Иран, Ауғанстанда да біршама қазақтар тұрады.

Қазақ диаспорасы саны туралы мағлұматтар назардан тыс қалмайтынын айта кету керек. Кейбір дерек көздері бойынша шетелде тұратын қазақтар саны 5 миллионнан асатыны айтылған.Сондықтан да диаспоралар мәселесіне көп мән беріп, оның қоғамдық ғылыми негіздерін зерттеп, баға беріп, сын айтып, бүгінгі бүкіл әлемде болып жатқан құбылыстардың өзекті мәселелерінің күрделі бір бөлігі ретінде қараған жөн.
7 лекция. Оспан батыр Исламұлы

Зерттеушілер Оспан Исламұлының туған жылына қатысты бірнеше дерек-тер келтіріп жүр. Оның туған жылына әркім әртүрлі – 1898, 1899 және 1900 жы-лы деп айтады. Оспан батырдың көзін көрген түркиялық қандасымыз Хасан Оралтай оны 1951 жылы 51 жасында атылғандығын, яғни, 1899 жылы туған деп жазады.

Ал қазіргі коммунистік Қытайда өкіметтің емеурініне қарап, кейбіреулер оны “банды Оспан” деп те атайды. Бірақ Түркия және басқа да Еуропа елдерінің көбінде оны Оспан батыр деп атайды және осы еркін елдерде Оспан батыр Исламұлының Қытайдағы қазақтарды бастап, Қытай өкіметі мен КСРО отаршыл-дарына, олардың жандайшабы қызыл Моңғолияға қарсы күрескен қаһарман-дықтары мадақталады.

Оспан батыр Шыңжаң өлексі, Алтай аймағы, Көктоғай ауданының адамы. Сүйегі – керей ішіндегі машанның молқысы.

Оспанның батыр атағының шығуы – 1940 жыл мен 1951 жылдар арасы. 1940 жылы Есімқан, Ырысқан бастаған Көктоғай, Шіңгіл елі Шың Шысай өкі-метіне қарсы қарулы көтеріліс ұйымдастырады. 1940 жылдың соңында Есімқан, Ырысқан Шысай өкіметімен келісімге келіп, қару-жарағын тапсырып, бітім жа-сағанда Оспан батыр қаруын тапсырмай, елден бөлініп, қашып кеткен.

1941 жылы қыста Құбаның құмын жалаңаш коспен қыстап шыққан Оспан тобы не бары жеті-ақ адам еді. 1942 жылдың жаз маусымына ілінген соң-ақ әр тараптан, Қытай өкіметінен зорлық көріп, қашып шыққандардың қосылуымен адам саны көбейе береді. Сол жылы жазда жайлау үстінде Алтайдың теріскей бетіндегі Моңғолия өкіметі Оспанға адам жіберіп, оны қолдайтындығын біл-діреді. 1943 жылы қыста Бұлғын өзенінің Майқантас деген жерінде отырған Ос-панға И.Сталиннің нұсқауымен Моңғолия өкімет басшысы, маршал Чойбалсан барып жолығады. Бұл кездесуді ұйымдастыру кезінде КГБ генералы Ланпанг, әскери кеңесшілер Греднев, Пахомов, Кеңес Одағының елшісі Ивановтар бол-ған. Бұл туралы Моңғолдың “Ардын эрх” газеті 1995 жылы былай деп жариялаған: “Оспан әскерлеріне көмек ретінде 395 винтовка, 200 мың оқ-дәрі, 30 жеңіл пулемет, 6 ауыр пулемет, 45 автомат, 2000 гранат берді” [89]. Осы жолы Чойбалсан қазақтардың беделділерімен бірге Оспанды ақ киізге көтеріп, қазақтың ханы деп жариялайды. 6 наурызда (1944 жылы) Чойбалсан радио арқылы Сталинмен сөйлесіп, Оспанға кезігіп, жақсы қарым-қатынас орнатқандығын хабарлаған.

Келесі 1945 жылы Оспан батыр Алтай аймағын азат етті. Бұл іске Моңғолия жағы әскер беріп көмектесті. Қазақстан тарапынан да адамдар барды. Дәл осыдан кейін Оспан батыр мен Кеңес одағы және Моңғол үкіметі арасында араздық басталды. Сталин мен Чойбалсан Шыңжандағы қарсыластарын Оспан арқылы “жуасытып” алған соң, енді көтерілісшілер көсемін тізгіндеу ісіне кірісті (біріншіден, 1945 жылы Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысында жеңіске жетіп, Сталин КСРО-Моңғолия-Қытай шекараларындағы бүліктерге назар ау-дара бастады, екіншіден, Алтайды азат еткен Оспан батыр бұдан былай мем-лекет қауіпсіздігін бұзады деп күдіктенді – Қ.Қ.).

1944 жылы 12-қарашада Шыңжанда Шығыс Түркістан республикасы құ-рылғандығы жарияланды. Бұл жаңа өкіметті Оспан батыр да жан-тәнімен қор-ғауға бел байлады. 1945 жылғы 6-қыркүйекке дейін бүкіл Алтай аймағын толық азат етіп, қытай тонаушыларын тып-типыл ғып қуып шығады.

Сол жылы Шығыс Түркістан республикасының армиясы Үрімжі-ге 120 шақырым жердегі Манас өзенінің бойына жетіп тоқтайды. Осы кезде Қытайдың Үрімжідегі сегізінші соғыс ауданының қолбасшысы Жу Шаулияң Жияң Кайчиге шұғыл жеделхат жолдап: “Жағдай мүш-кіл, болашақ бұлдыр. Мемлекет үшін құрбан болудан басқа жол жоқ”- деп шынын айтады. Жияң Кайчи телеграмманы алғаннан кейін қатты қайғырып, өзінің саяси уәзірі Жан Жыжұңды Шыңжанға жібе-реді. Жан Жыжұң 13-қыркүйек күні Кеңес Одағының Үрімжідегі то-лық құқықты бас консулы Иесеевпен тілдеседі [90].

Содан бастап Шығыс Түркістан республикасы КСРО және Қы-тай сынды екі үлкен мемлекеттің қыспағына түседі. Бірі олай атып, бірі бұлай қағып, қақпақылға салып жүріп, ақыры 1946 жылы 1-шілдеде Шыңжаң өлкелік бірлескен өкіметі құрылады. Бұған бұрын-ғы солтүстік-батыс қытай әкімшілік мекемесінің бастығы Жаң Жыжұң төраға болып сайланады да, бұрынғы Шығыс Түркістан рес-публикасының төрағасы Ақыметжан енді осы өлкелік өкіметке төр-ағаның орынбасары болып белгіленді. Ал әйгілі Оспан батыр өлкелік өкіметтің мүшесі, қосымша Алтай аймағының губернаторы болып та-ғайындалды.

Оспан батыр 1945 жылы қыста Сарсүмбе қаласына көшіп барып, сол жерде губернаторлық міндетін өтейді. 1946 жылы көктемде Ос-пан ауылы Көктоғай ауданының Кууй деген жеріндегі өзінің байырғы мекеніне қайта көшеді. Сарсүмбеде тұрған осы бір жыл ішінде ол өзі басқарып тұрған өкіметтің қыр-сырын толық танып біледі. Сон-дықтан, ол бұл өкіметтен бас тартып, өзінің бұрынғы мақсатын жү-зеге асыру үшін жаңа майдан ұйымдастыруға кіріседі [91].

Оспан бұрынғы жауы қытайлық гоминдан күштерімен одақ-тасуға бел буды. Маоға қарсы тұрған Чан Кай Шиды қолдады. Әрі коммунистердің күшеюіне мүдделі емес елдер АҚШ пен Ұлы-британия елшіліктерімен байланыста болды [92].

1948 жылы тамызда Үрімжідегі Америка консулы Пакстонның нұсқауымен полковник Дәлелхан Жанымқанұлы Оспанмен жеке кез-десуге барады. Қасында қорғаушылары Мәнен мен Құрманхан дейтін азаматтар болған [93]. Осы кездесуде шет елге көшу жайында сөз болады. Оспан батыр алғашында келіскенмен, кейін бас тартады. Ал 1950 жылдың аяғында Оспанға жоғарыдағы мәселе бойынша Қалибек қажы Райымбекұлы баласы Хасенді (Хасан Оралтай – Қ.Қ.) жібереді. “...Батыр өте жұпыны қоста өмір сүріп жатыр екен. Мен елден кете алмаймын. Коммунистермен соғысып өлемін” деді [94].

Міне, осылайша бастапқыда Қытай қолымен, кейін КСРО, Моң-ғолия, Қытай қатарлы үш мемлекеттегі коммунистік қызыл армиямен соғысқан, олардың жиырма мыңнан астам адамын қырып, дүние жүзін дүр сілікіндірген Оспан батыр ақыры 1951 жылы ақпан айында Қанымбал тауының Мақай деген жерінде қолға түседі. 1951 жылы 28 сәуірде коммунистік Қытай өкіметі қолынан Үрімжіде атылды.


8 лекция. Мұстафа Шоқай
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, түрік халқының даңқты күрескері Мұстафа Шоқай 1890 жылы Сырдария губерниясы Ақмешіт уезіне қарасты (қазір Шиелі ауданы) Наршоқы деген жерде туған. Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін, 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады.

1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін меңгерген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады. Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының Мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады.

Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жүмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғүланда өткен өлкелік мүсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мүсылмандардың қүрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.

Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының ІҮ төтенше қүрылтайы еді. Аталған қүрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық қүрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді.

Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV қүрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге үлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Ұбайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.

Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына түлғалар: Мұхамеджан Тынышбайүлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шаһислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; Ұбайдулла Хожаев - әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юргули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі; Саломон Гердцфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі.

Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде М.Шоқай 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелмеуді сүраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды...

Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттар қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.



1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Стамбұлға аттанады. Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады. Қайраткер 1941 жылы 27 желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайда қайтыс болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет