Қазақ этнонимінің пайда болуы. - XV ғасырдың ортасында, 1459-1460 жылдары Орда Ежен мен Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандардың басшылығымен көшпелілердің бір бөлігі Әбілхайыр хандығынан Батыс Жетісуға көшіп кетті.
- Көшіп кеткендерді қазақтар деп атай бастады. Бұл оқиға қазақ халқы этногенезінің аяқталуында маңызды рөл атқарды.
- Қазақ сөзінің нақты шығу тегі әлі де анықталмағанымен, оның мәні белгілі. Түркілік қазақ сөзі еркін, тәуелсіз өмір сүру дегенді білдірді.
- Сондықтан Әбілхайыр ханның билігінен Моғолстанның ба- тыс шетіне Жәнібек пен Керей бастап кеткен көшпелі тайпалар тобы өзбек-қазақтар (яғни «қазақты жасаушы өзбектер», «еркін, тәуелсіз өзбектер») аталды.
- «Тарих-и Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати өз шығармасында өзбек-қазақтар ұғымын қолданған кезде, қазақ сөзі нақты этникалық мәнге ие болған еді. Бұл ұғымды қолданған Дулати қазақтардың Өзбек ұлысынан шыққанын ғана атап көрсеткен. Қазақ хандығы құрылуының қазақтар этногенезі үшін маңызы.
Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуына әкелді. - Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығынан бөлініп көшуі мен Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуына әкелді.
- Ол ежелгі замандардан басталып, түрлі кезеңдерді бастан өткере отырып, XV ғасырда аяқталған үдеріс болды.
- Осы уақытта Шығыс Дешті Қыпшақтағы Орыс хан ұлысының халқын құрайтын қазақ рулары мен тайпаларының бірлестігі қалыптасып болған еді.
- Орысхан ұрпақтарының оған саяси тұтастық беруге ұмтылысы олардың Әбілхайыр ханнан бөлініп кету үдерісін жылдамдатты.
- Нәтижесінде Даланың түркі тайпаларының арасынан жаңа этнос бөлініп шықты.
- Жаңадан құрылған Қазақ хандығы өз иеліктерін бүкіл Шығыс Дешті Қыпшаққа кеңейтіп, қазақ этносының шоғырлануы жалғасты.
- Алтын Орданың ыдырауынан пайда болған басқа мемлекеттерде де халықтардың қалыптасуына әкелген жағдайлар орын алды (Қазан хандығындағы татарлар, Ноғай ордасындағы ноғайлар және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |