S21-22. Моңғол дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер


«Өзбек» және «Өзбек хандығы» ұғымдары туралы



бет2/4
Дата30.05.2024
өлшемі1.46 Mb.
#502105
түріҚұрамы
1   2   3   4
1 Монғол дәуіріндегі этногенез

«Өзбек» және «Өзбек хандығы» ұғымдары туралы.

  • XIV ғасырдың ортасына қарай мұсылмандық жазба деректерде Шығыс Дешті Қыпшақтың халқы өзбектер деп атала бастады.
  • «Өзбек» ұғымы ол кезде этноним болған жоқ, Алтын Орда ханы Өзбектің (1313-1342 жж.)қол астындағы халықты білдірді.
  • Біртіндеп Шығыс Дешті Қыпшақтың барлық көшпелі халқы, қазақ этносының негізін құраған тайпалар да өзбектер деп атала бастады.
  • Алтын Ордадан бөлінген Дешті Қыпшақ «Өзбек хандығы» деп атала бастады (кейінгі өзбек хандықтарымен шатастырмау үшін отандық тарихнамада бұл мемлекетті - Әбілхайыр хандығы деп атау қабылданған).

XV ғасырдың соңында Шайбани хан бастаған үш жүз мың далалық өзбек оңтүстікке кетті.

  • XV ғасырдың соңында Шайбани хан бастаған үш жүз мың далалық өзбек оңтүстікке кетті.
  • Бұл жерде Мәуереннахрды оның орталықтары Бұхара және Самарқанд қалаларымен қоса басып алды.
  • «Өзбек» ұғымы Мәуереннахрға ауысып, егіншілерге (иран және түркі тілдес) қарама-қарсы көшпелілерді білдіре бастады. Мәуереннахрдағы этникалық үдерістер қыпшақ, қарлұқ, оғыз және көптеген т.б. тайпалар негізінде біртіндеп өзбек этносының қалыптасуына әкелді.
  • Даладан Мәуереннахрға кеткен көшпелі өзбектер 92 тайпаға бөлінді. Бұл тайпалар аттарының арасында қазақтарда да кездесетін көптеген этноноим бар.
  • Кейінгі тізімдерге қатағандар, қарлұқтар кездеседі.

Қазақтар этногенезінің аяқталуы

  • XIV - XV ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. Осы уақытта Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы,Моғолстан мен Ноғай ордасының аумағында қазақ этносы қалыптасты.
  • XV ғасырдағы Әбілхайыр хандығының құрамындағы тайпалар XIV ғасырдағы Ақ Орда құрамындағы тайпаларымен сәйкес келеді.
  • Олардың арасында моңғол этнонимдері басым болды.
  • Батыс Қазақстан аумағын иеленген Маңғыт жұрты (Ноғай ордасы) тайпаларының бір бөлігі кейінірек қазақтардың құрамына кірді.
  • Аталған мемлекеттердің тайпалық құрамы айтарлықтай біркелкі болды.
  • Көшпелі тайпалар әртүрлі мемлекеттер құрамына кіріп, олардың арасында орын ауыстыра алды.
  • Әбілхайыр хандығы, Моғолстан және Ноғай ордасының негізінде бірыңғай қазақ этносының құрамында жүздердің қалыптасуы орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет