2. Микрокристаллоскопиялық реакциялар.
Са2+ катионының күкірт қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде СаSO4 x 2H2O тұнбасы түзілгенін оңай байқауға болады, реакцияны заттық әйнектің бетінде жүргізіп, түскен кристаллдарды микроскоппен бақылайды.
Тәжірибе. Кальций тұзының ерітіндісінің бір тамшысын заттық әйнектің үстіне тамызып, оған күкірт қышқылы 2н ерітіндісінің бір тамшысын қосып және ақырын жанарғының кішкене жалынында қашан ақ жиек пайда болғанша қыздырады. Тамшының шет жақтарында инелі кристалдар шоқ немесе жұлдызша түрінде пайда болады. Алынған кристалдарды микроскоппен қарайды.
Жалынның боялуы. Кальцийдің ұшқыш тұздары түссіз кірпіш – қызыл түске бояйды.
Үшінші топ катиондарының қоспасыны талдау
К2Cr2O7 калий дихроматы сірке қышқылдық ортада тек Ba2+ катионымен ғана тұнба беретін болғандықтан, әдетте Ba2+ катионын Sr2+ және Ca2+ катиондарынан айыру үшін зерттеліп отырған ерітіндіге натрий ацетаты мен калий дихроматы ерітіндісін қосады.
Бұл кезде Ba2+ катиондары ВаCrO4 түрінде тұнбаға түседі, ал Sr2+ және Ca2+ катиондары және CrO42- хромат-ионының артық мөлшері ерітіндіде қалады.
Тұнбаны сүзеді немесе центрифугалап айырады және толық айырылғанын тексереді. Центрифугаттың бір бөлігіне гипс суын қосып және су моншасында 7-10 минут қыздырады, егер ерітіндіде Sr2+ катионы болса, гипс шамалы тұрған соң тұнба түзіледі. Егер ерітіндіде Sr2+ катионы болса, гипс суы жоқ центрифугатқа (фильтратқа) натрий карбонатын қосады және SrСО3 пен СаСО3 карбонаттар тұнбасын айырады, 2 рет дистелденген сумен шайып, сірке қышқылында ерітеді. Ерітіндідегі аммоний сульфатын қосады, бұл кезде Sr2+ катиондары SrSО4 стронций сульфатының тұнбасын түзеді, ал Са2+ катиондары (едәуір мөлшерде) (NH4)2[Ca(SO4)2] комплекс тұз түрінде ерітіндіде қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |