Саба қ №1 Тақырыбы



бет17/19
Дата28.11.2022
өлшемі70.64 Kb.
#465902
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Аналитикалық химия (лаб)

Ва2+ катионын анықтау және оны ажырату.
Коникалық пробиркаға 3 тамшы зерттелетін ерітіндіні алып, оған 3-4 тамшы натрий ацетаты және 3 тамшы К2Cr2O7 калий дихроматын тамызады. Егер тұнба түзілсе, онда бұл ерітіндіде Ва2+ катионы бар екендігін көрсетеді. Ва2+ катионынан құтылу үшін коникалық колбаға 5-6 тамшы зерттелетін ерітіндіні, 5-6 тамшы сірке қышқылы ерітіндісін және 5-6 тамшы К2Cr2O7 калий дихроматы ерітіндісін құйып, шыны таяқшамен араластырып, 2-3 минут қоя тұрады және тұнбаны айырады (центрифугалап ).
Sr2+ катионын анықтау.
Центрифугатты Ва2+ катионы толық айырылғанын тексергеннен кейін, 2-3 тамшысын пробиркаға құйып, пипеткамен 2-3 тамшы гипс суын қосады, 700С дейін су моншасында қыздырады және 15-20 минут қоя тұрады. Тұнбаның түзілуі зерттелетін ерітіндіде Sr2+ катионның бар екендігін көрсетеді. Жалынға ұстап байқағанда қою-қызыл түске боялса Sr2+ катионы бар екенін көрсетеді.
Са2+ катионын анықтау.
4-5 тамшы центрифугатты коникалық пробиркаға құйып, сонша көлем натрий карбонаты ерітіндісін қосады, шыны таяқшамен араластырады. Пайда болған стронций мен кальцийдің карбонаттарының тұнбасын бөледі және дистильденген сумен жуады. (Хромат ионынан құтылу үшін) сірке қышқылында ерітіп және (NH4)2SO4 аммоний сульфатын қосады. Бұл кезде Sr2+ катионы SrSО4 түрінде тұрады, ал Са2+ негізінен ерітіндіде қалады. Тұнбаны айырады, ал фильтратты (центрифугатты) 2 бөлікке бөледі. Біріншісіне (NH4)2С2О4, 2-шісіне спирт қосады. Са2+ болса ақ тұнба түзіледі.
Зертханалық жұмыс бойынша есеп беру түрі:
Зертханалық тәжірибелер нәтижелерін кесте түрінде өрнектеңіз:

Катион

Реактив

Реакция теңдеуі

Қорытынды

Са+

(NH4)2C2O4



СаСІ2 + (NH4)2C2O4
СаC2O4 + 2NH4



СаC2O4
Ақ тұнбасы түзіледі.

Т.б.










Жұмысты орындады: Жұмысты тапсырды:
-------------------------- ---------------------
студент қолы оқытушының қолы
тобы, мерзімі мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет