Сабақ №1 (1-сағат, 1-апта) Тақырып: «Көліктік құрылымдарды жобалауда қоланылатын нормативтік құжаттардың мазмұны мен структурасы»


Көпір құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата21.01.2024
өлшемі2.47 Mb.
#489525
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Практика АПТС

 Көпір құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қойылатын 
талаптар
Жаңа көпір құрылыстарын салуды жоспарлауда және қолданыстағыларды қайта салу 
кезінде: ҚР ҚН 3.03-12-2013 6 - құрылыстың беріктігін, тұрақтылығы мен үздіксіз 
пайдалануды, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін, 
құрылыс барысында және құрылысты пайдалану кезінде жұмысшылардың қауіпсіздігі 
мен еңбегін қорғауды; - мүмкін болатын су тасқындары мен су ағысындағы мұздарды 
қауіпсіз ағызуды, ал су жолдарында кеме қатынасы және ағаш ағызу талаптарын 
орындауды; - қоршаған ортаны қорғауды және оның экологиялық тепе-теңдігін сақтауды 
қамтамасыз ететін жобалық шешімдер қабылдау керек.
Көпір құрылыстары қозғалысты ұйымдастыру және реттеу құралдарымен 
жабдықталуы тиіс.
Көпір құрылыстарын олардың үстіндегі және оларға жетеберістегі қозғалыс 
шарттарының біркелкілік талаптарын сақтай отырып жобалау керек.
Жобаланған көпір (жол өтпесі) конструкцияларының жақындау габариттері габарит 
өлшемдері нормативтермен бекітілген талаптарға сәйкес болатын көлік құралдарының 
кедергісіз және апатсыз жүруін қамтамасыз етуі тиіс.
Кеме жүретін ішкі су жолдарындағы жобалаған көпірлердің кеме жүзетін 
аралықтарының саны мен олардың көпір асты габариттері қолданыстағы нормативтермен 
белгіленген өзен класына сәйкес кемелердің кедергісіз қозғалысын және ағаш ағызуды 
жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Кеме жүрмейтін аралықтардың көпір асты 
габариттері сең жүру мен карчты қауіпсіз өткізу шарттарын есепке алу негізінде 
белгіленеді және сәйкес нормативтер талаптарына жауап беруі тиіс.
Жетеберісте үйінділері бар көпір құрылыстары конструкцияларының жанасуларын 
жобалау кезінде конустардың құламасы барлық биіктігі бойынша бекітілуі тиіс, ал 
құламалардың жарын беріктік есебі бойынша белгілеу керек.
Жобаланған көпір құрылыстарында сырт жағынан шарбақпен қоршалған жаяужол 
немесе қызметтік өткелдер қарастыру керек, жаяужол енін болашақтағы қарбалас сәттегі 
жаяу жүргін қозғалысының қарқындылығына байланысты белгілеу керек. 
Көпір құрылыстарындағы және оған жетеберістегі қоршау құрылғылар өзара 
бірқалыпты жанасуы тиіс. Қоршау құрылғыларының сипаты көпірдегі (немесе жол 
өтпесіндегі) және оған жетеберістегі қозғалыс жағдайына байланысты белгіленуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет