Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар


Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет18/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жазба жұмысы барысында қалай уақытты үнемдеуге болады?

  2. Не себепті жазба жұмысының уақытын жоспарлауымыз қажет?

  3. Жазба жұмысын не себепті мерзімінен бұрын аяқтауымыз қажет?

  4. Ғылыми әдебиеттерге шолуды қалай жасауға болады?

  5. Жазба жұмысын қалай бастауға болады?

  6. Тақырыпқа қатысты зерттеу жұмысын қалай жасауға болады?

  7. Алғашқы нұсқа дегеніміз не және оны жазу үшін қандай шарттарды ескерген жөн?



Тақырыпқа байланысты өзін-өзі тексеруге арналған жаттығулар:
А) Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Мен нені зерттегелі жатырмын?

  2. Менің мамандығым қандай?

  3. Менің мамандығыма қатысты қандай салалар бар?

  4. Мен ҚР-дағы азаматтар, мекемелер, қоршаған орта туралы мәліметтерді қолдана аламын ба?

  5. Мен өзіме берілген І семестр уақыт ішінде тақырып бойынша не жаза аламын?

  6. Менің мамандығым бойынша ең қызықты немесе зерттеуді қажет ететін қандай бағыттар болуы мүмкін?

Б) Ойыңызға келген кез келген сұрақтардың жауабын жазып алыңыз.
В) жазып алған жауаптарыңызды группаластарыңызбен қай тақырып бойынша эссе жазуға болатынын, оған шамамен қанша уақыт ктетінін және әдебиеттерді қалай табуға болатыны жөнінде талдаңыздар.


Тәжірибелік сабақ №18-19-20-21
Тақырып: Сыни ойлау
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Сыни тұрғыда жазу
2. Үстірт оқу мен терең түсініп оқудың айырмашылықтары
3. Сыни тұрғыда ойлаудың ерекшелігі


Мақсаты: Сыни тұрғыда жазуды сипаттау. Үстірт оқу мен терең түсініп оқудың айырмашылықтарын жіктеу. Сыни тұрғыда ойлаудың ерекшелігін талдау.

ЖОО-да оқу барысында ескеретін маңызды жайттың бірі сыни тұрғыдан ойлана білу. Сыни тұрғыдан ойлану кез келген тақырып жөніндегі тұжырымдарды, пікірлерді, ұстанымдарды талдау арқылы түсінуге бағытталған сұрақтардан тұрады. Нәтижесінде сыни тұрғыдан қойылған сұрақтарға алынған жауаптар студенттің жоғары деңгейде ойлануына және бір нәтижеге жетуіне ықпал етеді.


«Сынау» сөзі қазақ тілінде «мінін табу, кемшілігін анықтап айтып беру» мағынада қолданылады. Яғни, жағымсыз мәнде қалыптасқан, бірақ қазіргі академиялық бағытта бұл сөз пікір айту, қолдау сияқты мағынада беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет