Сабақ №1-2-3 Тақырып: Академиялық хат және оның ерекшелігі Қарастырылатын сұрақтар



бет39/53
Дата09.01.2024
өлшемі290.67 Kb.
#488750
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53
!!!!!!!! Акад хат практика 5 кр

Параграфты жазудың жолдары:

Параграф жазу барысында оның құрылымына ерекше назар аудару қажет. Параграф құрылымының негізін сақтау мәтінді, ойдағы ақпаратты барынша тез түсінуге мүмкіндік жасап жазылым үдерісінің жүйелі асуына ықпал етеді.
Параграф негізінен мынадай құрылымнан тұрады:
Негізгі сөйлем - негізгі ойды білдіріп, параграф басында жазылады. Себебі бұл сөйлем осы бөлімнің басты идеясын береді.
Көмекші сөйлемдер - негізгі берілген ойды түсіндіріп, талдау жасайды. Параграфтың тақырыбы жөнінде мысалдар береді.
Қорытынды сөйлем - параграфтың соңында жазылады. Бұл негізгі ойды қайталау немесе параграф жөніндегі автордың қорытынды ойы ретінде берілуі мүмкін.
Параграф негізгі бір ойдың төңірегіне топтастырылуы қажет, параграф негізгі ойды ғана білдіріп, барлық сөздер сол ойды ашу, қолдау, дәлелдеу үшін қызмет етуі керек.
Жазба жазу барысында параграфтар негізгі мәтіннің беретін ақпаратын сендіру үшін құрыла отырып, автордың тұжырымдарын беруге бағытталады. Әрбір параграфта тұжырымда қолдау оқыған материалдарға сілтеме беру керек негізге қорытынды жасап отыру қажет.
Мәтіннің сәтті жазылуы оның параграфтарының құрылымына тікелей байланысты. Сол себепті, параграфты жазу тиянақтылық пен ұқыптылықты талап етеді. Параграфты бастамас бұрын параграфтың не жөнінде жазылатыны туралы нақты білу қажет. Негізгі тақырып бойынша басты тұжырымдарды білмей параграфты жазу мүмкін емес.
Параграф жақсы жазылуы үшін мынандай қарапайым сұрақтардың жауабын білген жөн:

  • Параграфтың беретін ұсынысы қандай болмақ? Егер параграф ұсыныс берілуі үшін жазылатын болса, мәселен «Мамандық таңдау» қай мамандықты таңдауға болады? Неліктен? Неге «Мұнайдың арзандауына әсер ететін негізгі фактор» бұл мәселелерді жазбас бұрын, ұсыныс жөнінде мұқият ойланып алу қажет және тақырыптан ауытқымау жағын естен шығармау керек.

  • Параграфтың негізгі идеясы мен проблемасы қандай? Тақырыптың зерттеу сұрағы туралы ойлану немесе осы тақырыпқа қатысты негізгі идеялар мен мәселелер жөнінде қарастыру қажет. Параграфта негізгі тақырыпқа қысқаша түрде жауап берілуі тиіс.

  • Оқырман кім? Кім үшін жазылады? Жазба жұмысының негізгі оқырманы кім екені жөнінде ойлану қажет. Олардың негізгі мамандығы, білімі қандай екені ескерілуі тиіс. Олар бұл тақырып жөнінде білеме немесе қосымша түсіндіруді талап ете ме деген мәселе ұмытылмауы тиіс.

Егер параграф үлкен эссенің бір бөлігі болады деп есептеледі, эссенің жоспары жазылатын параграфтың тұжырымын анықтауға үлкен септігін тигізеді.
Тұтас бір мәтіндегі параграфтар өзара байланысып, жазба логикалық оймен жазылуы тиіс. Параграфты алдыңғы жазған жайтты қайта жазудан бастамау қажет. Оның бірінші сөйлемі оқырман назарын тың жайтқа аударып, автор ойының қалай өзгеріп жатқанын аңғартуы тиіс.
Жұмыс жазылып болған соң әрбір параграфтың алдыңғы сөйлемдері оқымай-ақ эссе құрылымындағы ойдың жүйелі түрде берілгендігін байқауға болады. Тұжырымдардың берілу реті мағыналық жағын сәйкес келетіні және ойдың шашыраңқы емес екені, пікірдің қайталанбайтындығына назар аудару қажет. Бұл мәселеге қанағаттанарлық жауап ала алмаған жағдайда, параграфтарды қайта жазуға тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет