Сабақ №1 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі. Жоспары : 1 Тағылық 2 варварлық



бет5/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#133711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары:


    1. Өндіруші шаруашылық

    2. Мыс пен қоланың пайда болуы

    3. Металлургияның ашылуы

    4. Ертедегі темір рудалары

    5. Темір ғасыры

    6. Ғылым мен өнердің дамуы

7.Дін және мифология

8. Жазу –сызудың пайда болуы

9.Ата – баба рухына табыну

Сабақ №25.



Тақырыбы : Жеке меншіктің, таптардың және мемлекеттердің шығуы.

Лекция жоспары:

    1. Таптық қоғам институттарының пісіп жетілуі қосымша өнімнің пайда болуы.

    2. Мемелекеттің пайда қалыптасуы.

Теориялық мәліметтер:

Рулық қоғамның ыдырау формалары қандай да болсын дәуірдің негізгі мазмүны жеке меншіктің, таптың және мемлекеттің тууы болып қала берді.

Буржуазиялық ғылымда адамзаттың өз табиғатына топ болып келеді-міс делінетін, таптық қоғамның осы институттарының «табиғи» тегінің теориясы кеңінен тарап отыр. Мұндай көзқарасты жақтаушылар жеке қаруларға, киімзаттары, әшекейлерге ру қауымы мүшелерінің жеке бас меншігін жеке меншіктік деп, ал мемлекеттік өкіметті — рулық өзін-өзі басқару органдарында, немесе патриархалдық теорияға сәйкес семья басшыларының билеп-төстеуінде, деп қарастырды. Сонымен бүл теория жеке меншіктік таптар мен мемлекет алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырағанда ғана туды, демек уақыт жағынан тарихи шарттасқан, шектелген сипаты болады деген марксистік қағидаға қарсы шығады. Сондай-ақ «күштеу теориясы да» бар, мұны жақтаушылар (австриялық право тарихшысы Гумплевич, Каутский, Кунов, Р. Люксембург) таптар мен мемлекет үстемдік етуші тап құрап, өз үстемдігін нығайту үшін мемлекеттік өкімет ортақдарын құрған бір тайпалардың екінші тайпаларды жаулап алуларынан туды деп санайды. Бұл теория да дұрыс емес, өйткені таптар мен мемлекеттің қалыптасу процесінің негізіне, ең алдымен ішкі әлеуметтік-экономикалық факторлар алынған, ал жаулап алулар сияқты сыртқы факторлар бұл процесті жеделдете түсетін ғана еді.

Еңбек өнімділігінің өсуі өндірістің жеке даралануы мен артық өнімнің пайда болуына жол ашты, бір адамның өндірген артық өнімін екінші адамның иеленуіне мүмкідік берді. Сонымен қатар өсіп отырған өнімділік пен еңбектің коғамдық бөлінісі айырбас үшін арнаулы өнім шығаруды мүмкін етті, товар өндірісі тұрақты айырбас пен бөгделеу практикасын жасады. Еркін бөгделенетін жеке меншіктік осылай туа бастады, бұл маңдай алды рулық құрылыс дәуірінің жеке бас меншігінен, ең алдымен, қанау қатынастарына жол ашатындығы арқылы көзге түсетін, «мұның негізінде,- деп жазды.

Алғашқы тұрмыстық үнді қауымдарының барлық мүшелері өздері үшін қажетті бүкіл өнімді ынтымақтаса отырып жасап шығарды. Жеке меншіктік те мүмкін емес еді. Қауымға еңбек бөлінісі еніп оның мүшелері әрқайсысы жеке қандай да болсын бір өлшемді өндіруімен және оны рынокта сатумен шұғылданған кезде, енді товар өндірушілердің осы материалдың оқшаулануының көрінісі жеке меншіктік институт болды.

Кейбір тамақ өнімдері мен қолөнер бұйымдары металдар өндіріс құрал – саймандары мен қарулары өнімдерінің артықтарын, ал мал шаруашылығымен айналысқан халықтарда жеке семьялардың ең алдымен малды көбейтіп жинауы жеке меншіктің бастамасын жасады. Жеке меншіктің ең ертедегі түріне төменде сөз етілетін құлдар жатты. Артыққор заттары бар адамдар оларды натуралды формада емес жалпы қабылданған эквиваленттерді заттың ақша түрінде қор етіп көбіне қазынаға айналған формада жинауға тырысуы табиғи нәрсе еді.

Этнографиялық деректер байлықты қалап жинау, ең алдымен рулық және тайпалық көсемдердің семьяларында болғанын дәлелдеді.

Көсемдер қауымның байлығын өзі иемдене бастаудан бұрын –ақ оларға жарлық ету аса маңызды қосымша тұтқа болды. Осының көмеген көсемдер өзінің ықпалын күшейтіп өз байлықтарын молайта түсті. Осы квакиютль көсемдерінің жеке бір өз басының қазынасы 4 үлкен қайықтан 4 құлдан 40 теңіз құндызының терісінен 120 жөкеден тоқыған жабындылардан тұратын; 2- шісіні 4 үлкен қайық 6 құл 60 мех көрпе және 250 үлкен тоқыған жабындылардан болатын.

Жеке меншіктіктің орнығыуы рулық коллективизм дәстүрлерімен қатты күрес үстінде өтті. Жеке семьялардың өздеріне керексіз артық өнімдерді жинап қорлауы неғұрлым мүлікті, неғұрлым мүліксіздермен бөлісуге тура келетін алғашқы тұрмыстық құрылыстың рухының егер ол өзінің артықшылығынан айырлығысы келмесе думан той жасап, туыстарына сый-құрмет көрсетуге тапшылық көргендерге көмектесуге тиіс болды. Көптеген халықтарда өлген адамды әсресе көсемді жерлегенде оның байлықтары құртылды. Қоса жерленді, қатысқандарға үлестірілді, әрі тек бір бөлігі ғана өзінің мұрагерлеріне берілді.

Сонымен егер жеке меншіктің қалыптасу процесін семьялық дамуымен салыстыратын болсақ, онда мұның ішінде үш кезеңді бөліп алуға болады. Бұлардың бірі ру ішінде сыртқы дүние тұрғысынан алғанда жеке, бірақ семьялық қауымның өз тұрғысынан алғанда коллективтің үлкен семья меншігінің бөлінуі. 2-ші кезең елді үлкен семьялық коллектив тұрғысынан алғанда да оқшаулана түскен үлкен семья басшыларының жекеленген меншіктері дейтіннің бөлінуі. Ақырында үшінші кезең жеке меншіктік қатынастардың ұзақ уақытқа негізгі иесі болып алған шағын семьялардың меншіктерінің бөлінуі.

Басы артық өнімнің пайда болуы соғыстардың дамуына жол ашты. Тайпа аралық соғыстар әрине бұрын да болып тұрғанды. (Бұлар тайпалық шекаралардың бұзылуынан). Байлық пен баюға құмарлық пайда болысымен жағдай өзгерді. Соғыстың тонау тез де оңай баюға мүмкіндік берді. Соғыс енді тек тонау үшін ғана жүргізілетін болды. Энгельстің сөзімен айтқанда тұрақты кәсіпшілік болып алды жеңушілер құнды болып келетіндердің бәрін – қазынаны, қару-жарақты, малды, құлдарды, кейінірек сондай-ақ жақсы жайылымдар мен кәсіпшілік жайларды басып тартып, алды.

Тайпалардың немесе тайпалар одағының әскери күшін барлық соғысуға қабілетті ерлер, бүкіл қаруланған халық құрады. Моргонды іле – шала Маркс пен Энгельс “әскери демократиясы” деп атаған өкіметтің арнаулы ұйымы туады. Алғашқы тұрмыстық демократиялық мекемелер халық жиналысы, ақсақалдар кеңесі, тайпалық көсем сақталған. Әскери демократия жүйесі жол берді тонаушылық жорыққа қатынас провасы болды. Бірақ 2 – ші жағынан бұл енді іс жүзіндегі теңдік дегенді білмеді. Тек оның жақындары мен жасақтары да тоналғаннан өзіне көп те ең жақсы бөлігін ала бастады. Мәселен XVIII ғасырдың орта шенінде әскери демократия жүйесі қалыптаса бастаған әлеуметтерде табысты бөліскенде көсем мен артықшылыққа ие болған жауынгерлер барлық тұтқындарды өздері алатын болған ал сонымен бірге қалғандары қолына түскен қару – жарақтар мен үй мүлкі заттарының өзіне тиген үлесімен ғана ризашылық ететінді.

Азды көпті нышан білдіретін әскери демократия жүйесі рулық құрылыстан таптық қоғамға өтуді бастан кешіретін дүние жүзінің барлық халықтарына тән болып келді. Байлықтың пайда болуымен шарттас бола отырып, тонаушылық соғыстар мен әскери демократияның бүкіл жүйесі өз кезігімен де жеке меншіктің дамуының ал сонымен бірге таптар мен мемлекеттер тууының маңызды факторы саналады.
Бақылау сұрақтары:


    1. Жеке меншіктің шығуы?

    2. Қоғамдық топтардың пайда болуы?

    3. Тонаушылық соғыстардың дамуы және әскери демократия?

    4. Рулық қоғамның ыдырау формалары?

    5. Артық өнімнің пайда болуы?

    6. Мемлекеттің қалыптасуы?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Айырбастың дамуы.

  2. Үлкен патриархалды отбасы.

  3. Меншік түрлері.

  4. Мүліктік және әлеуметтік жіктелістер.


Пайдаланатын әдебиеттер.

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.

  3. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.

  4. Всемирная история в 24-х томах, Век железа/А.Н.Бадак и др. Минск, М.,2000

  5. Майкл Кремо, Ричард Томпсон. Неизвестная история человечества. М.,1999

Сабақ №26 Алғашқы қоғам мәдениеті

Тест


1. Халықтар мен ұлыстардың даму кезеңдерге бөлу.

А. Этнология

Б. Геология

В. Археология

Г. Археозология

2 . Матронимия терминінің мағынасы?

А. Шешесі жағынан туыстық

Б. Әкесі жағынан туыстық

В. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы.

3 . Шешесі жағынан туыстық?

А. Матронимия

Б. Патронимия

В. Когноттық туыстық

Г. Ордамия

Д. Матриолокалды

4 Когноттық туыстық дегеніміз?

А. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Б. Әкесі жағынан туыстық

В. Шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы

Д. Өлгендердің әйелінің үйінде тұруы.

5 . Неандерталдықтардың сеніи түрлері?

А. О дүниедегі өмірге сену.

Б. Фетемизм

В. Тотемизм

Г. Мифология

Д. Анимизм

Е. Шаманизм

6. Көшпенділердің сенім түрлері.

А. Тоттемизм

Б. О дүниедегі өмірге сену

В. Мифология

7 . Зиннантроптардың еңбек етудің сипаты.

А. дөрекі өңделген тас құралдар

Б. Сүйек индистуриясы

В. Ірі тас құралдары

Г. Қол жапқы

Д. Шапқы, ілмектер даярлау.

8 . Потронимия терминінің мағынасы

А. Әкеіс жағынан туыстық

Б. Шешесі жағынан туыстық

В. Әкесі мен шешесі жағынан туыстық

Г. Сот сынағы.

9 Ерте рулық қауымда сенім түрлері.

А. Феттимизм

Б. О дүниедегі өмірге сену

В. Тотемизм

Г. Мифология

Д. Билеушілерге табыну

169. Ертедегі грентерде сенім түрлері.

А. Мифология

Б. Билеушілерге табыну.

В. Тотемизм

Г. Фетимизм

10. Ерте қауымда рухани мәдениеттің сипаты белгісі

А. О дүниедегі өмір туралы көзқарас

Б. Рухани сену

В. Музыкалық халық ауыз әдебиеті

Г. Мифология

Д. Жазба шығармалар

11. Ерте рулық қауымда рухани мәдениеттің сипатты белгісі.

А. Рухқа сену

Б. Музыкалық халық ауыз әдебиеті

В. Мифология

Г. О дүниедегі өмір туралы көзқарас

12. Эгалитаризм терминінің мағынасы.

А. Тең құқықты қоғам

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

13. Экзогомия терминінің мағынасы

А. Ру ішіндегі некеге тиым салу

Б. Тең құқықты қоғам

В. Ру ішінде некелесу

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

14. Эндогамия терминінің мағынасы

А. Ру ішінде некелесу

Б. Ру ішіндегі некеге тиым салу

В. Тең құқықты қоғам

Г. Өлген туыстарын жеу

Д. Халықтың атауы.

15. Қазақстан территориясындағы ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А. Ерте тас дәуірі.

Б. Орта тас дәуірі

В. Кейінгі тас дәуірі

Г.Мезолит дәуірі

Д. Неолит дәуірі.

16. Кейінгі палеолит дәуірінің хронологиясын ата?

А. б.з.б. 40 мың –12 мың жыл.

Б. б.з.б. 5мың –2 мың жыл.

В. б.з.б. 1 мың –5 мың жыл.

Г. б.з.б. 10 мың –40 мың жыл.

Д. б.з.б. 800 мың –140 мың жыл.

17. Жебелі садақ пен бумеранг қай дәуірде пайда болды?

А. Мезолитте

Б. Неолит дәуірі.

В. Палеолит

Г. Қола дәуірінде

Д. Темір дәуірінде.

18.Кейінгі полеолит дәуірінде ежелгі адамның қайсысы қалыптасты?

А. Кроманьондық

Б. Австралопитек

В. Питекантроп

Г. Синантроп

Д. Неандертальдық

19. Еңбек құралдарын жасаудың нуклеуістік әдісі қай дәуірде кең тарады?

А. Мустьер дәуірі

Б. Қола дәуірі

В. Неолит дәуірі

Г. Мезолит дәуірі

Д. Темір дәуірі

20. Кейінгі палеолит қай кезеңді қамтиды?

А. 35-30 мың –12-10 мың жыл бұрынғы

Б. Б.з.б. 15 мың –5 мың жыл

В. Б.з.б. 10 мың –б.з.б. 5 мың жыл аралығы.

Г. 50-40 мың жыл бұрынғы

Д. 10-2 мың жыл бұрынғы.

Д. Темір

Д. Питекантроп

Сабақ №27

Тақырыбы : Алғашқы тұрмыстық қоғам ыдырау дәуірінің рухани мәдениеті.

Лекция жоспары:


  1. Қоғамның сананың эволюциясы Рационалдық білімдер.

  2. Жазудың пайда болуы.

  3. Өнер Дін және мифология.

  4. Құпия одақтар және ата- баба рухына табыну.


Теориялық мәліметтер:

Рулық құрылыс ыдырауы дәуірінің қауырт қаулаған экономикалық және әлеуметтік процестері тиісті білімдер негіздерінің одан әрі өсуіне жол ашты. Егіншіліктің, әсіресе, ирригация егіншілігінің дамуы календарьды, демек астрономиялық байқауларды реттеуді талап етті. Егерде меланезийліндер жұлдыздар мен планеталарды айырудан ары бармаса, енді полинезийліктерге көптеген жұлдыз шоқтары мен жекелеген жұлдыздар болды. Алғашқы календарьлар әдетте айлық календарьлар еді, бірақ айлық жыл күндік жылмен сай келмеді, бұл жағдай математикалық білімдердің дамуына түрткі салды. Бұндай басқа еселтеу жүйесін жетілдіруге жол ашқан айырбастың дамуы және жеке егіншіліктің тууы геометриялық есептеп шығару ісін өрістетті. Рудалық металдарды балқытудың дамуымен химия негіздері туды. Тонаушылық соғыстардың дамуымен байланысты құрылықтық және теңіздік жорықтар сол бір астрономиялық байқауларда жинауға, сондай-ақ география мен картографиялық дамуына жол ашты. Полинезиліктер өздерінің ұзаққа созылған теңіздік жорықтары кезінде аралдарды теңіз жолдарын, ағыстар мен желдердің бағыттарын бейнелейтін таяқшалардан және тастардан жасалған карталарды пайдаланды біршама, мәселен, зақымданған қол аяқты ампутациялай алатын хирургияны дамытудың да өз ролін жаман атқармады. Халықтың өсуі мен мал шаруашылығының дамуы эпидемияның қауіп қатерін арттырды; онымен күресе отырып, алғашқы тұрмыс заттық медицина, кей жерлерде, мәселен, Шығыс Африкада сырқаттарды әлсіретіп формалардың тұрпайы сақтық егулеріне эмпирикалық жолымен келді.

Қорғаныс құрылыстарын және мыңдаған жылдарға есептелген лақатқана — дольмендерді, салу өнердің жаңа түрінің — монументальды тас архитектураның негізін қалады.

Егіншіліктер жекелегеи қолөнері іскерлік өнерінің тамаша гүлденуімен қосарланды.

Әскери-тайпалық ақ сүйектердің қажеттері үшін зергерлік безенгіштер, қымбат қарулар ыдыстар киім- кешектер жасала бастады. Осыған байланысты торевтика — көркемдік мәнерлеу, қию, металл бұйымдарды өрнектеу, сондай-ақ эмальды, сүйек, мүйіз, перламутра, асыл тастар, тағы басқаларды ойынан жасау ісін қолдану кеңінен таралды. Металлды көркемдеп өңдеудің бастапқы кезең солтүстік-батыс үнділерінің мыс пластинкалардағы шебер қақталған және гравирлермен ең төзімдік белгілерінде бейнеленді.

Осы дәуірге тән басқа өнер түрлерінен тонаушылық және қорғаныс соғыстарының дамуымен байланысты қауырт гүлденген қаһармандық эпостардан көрінеді. Халық ауыз әдебиетіндегі творчествасында таптық негіздер ене бастайды: әскери – тайпалық ақсүйектер қаумаштаған көтермелеген жыраулар еңбектерінде көріне бастады.




  1. Діннің дамуы.

Рулық құрылыстың ыдырауы процесінд өмірдің жаңа жағдайларына пара- пар діннің жаңа формалары туды немесе дами түсті. Патриархатқа көшу семьялықта, рулықта еркек ата- баба қолдаушыларға табынудың қалыптасуымен қосарланды. Кейбір кейінгі матриархалдық қоғамдар да әйел арғы тегіне табыну дамыды. (Микрозиней мен кхасилерде). Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуымен көршілес қауымдар үшін тән болып келетін адамның жыныстық потенциясын жерге беруді бейнелейтін, олардың адамнан құрбандық шалуымен, әсіресе өлетін де тірілетін аруақтардың образымен шұрайлыққа ауыл шаруашылық табынуы орнықты. Тайпалық ұйымдардың күшейе түсуі мен тайпалық одақтардың құрылуы тайпалық қолдаушыларға табынуды орнықтырды, бұлардың образдарында аруақтар, табиғат құбылыстарын бейнелейтін мифологиялық геройлардың сарбаз – аруақтардың сипатталып ұштасып жатады. Осы дәуір үшін ерекше тән болып келетін дін формалары құпия одақтардың үрей тудыратын аруақтарына табыну мен тайпалық көсемдерге табынуды құрады. Көсемдер өзінің өлімінен кейін де табынудың объектісі болып қала берді, олар өзінің тайпаластарына әрі ең алдымен өзінің ұрпақтары мен мұрагерлеріне көмектесетін ықпалды аруақтарға айналады деп санады.

Діннің дамуымен – бір мезетте табынуға қызмет ететін ерекше топ бөлініп шықты. Егер бір кезде табиғат күшіне ықпал ету қабілеті принциптерінде рудың барлық немесе ең жоғы көптеген мүшелеріне танылып келсе, әрі діни функциялар рудың өкілдері ретінде ақсақалдар арқылы орындалса, енді бұл қабілетке күшті ата-тек қорғандардың тамаша саналған белгілі адамдар ие болды. сөйтіп алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың ыдырау процесінде де бірте-бірте қамалушы бұқараны, таптық теңсіздікті және мемлекет билігін көрсетудің құралы болып алды.




Жазу – сызудың шығуы.

Алғашқы тұрмыстық қоғамның рухани мәдениеті дамуының таптық өркениеттен бөліп тұрған шектердің бірі, тәртіпке келтірілген жазу-сызудың жасалуы еді.

Әдетте, бұл тек жалпы мәнін ғана хабарлаған тұрпайы пиктоградиялық хатқа бірте-бірте айналуы еді, мұнда тіркескен белгі таңбалары жеке сөздерді немесе ребустардағы бұлардың ортақ буындарын көрсететін.

Шумерлердің, египеттіктердің, эламиттердің қытайлардың, христяндардың, этрускілердің маялықтардың және басқалардан өте көне келетін иорглифтік жазулардан неғұрлым дамыған буындық және әріптік – дыбыстық жазу (алфабитті) сызу жүйесі шықты.

Жазу –сызу әр түрлі халықтарда негізінен алғанда бірінен-бірі байланыссыз өздерінде тап пен мемлекеттің пайда болуы қарсаңында туды.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ғылым мен өнердің дамуы?

  2. Дін және мифология?

  3. Жазу –сызудың пайда болуы?

  4. Ата – баба рухына табыну?

  5. Қоғамдық сананың эволюциясы?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Халық елшілері.

  2. Үңгірдегі суреттер жартастағы бейнелер.

  3. Таңбалар мен әріптерді пайда болуы.

  4. Тотемизм.

  5. Фитешизм.

  6. Ашимизм.

Пайдаланытын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.

4. История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.

5. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.

6. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.



Сабақ №28 Алғашқы тұрмыстық қоғамның ыдырау дәуірінің этникалық процесстері

Глоссарий

1 питикантроп



  1. синантроп

  2. зинжантроп

  3. фратрия

  4. ойкономия

  5. палеолит

  6. эндагамия

  7. экзогомия

  8. матрихат

  9. патрихат

  10. мезолит

  11. неолит

  12. петрономия

  13. неандерталь

Сабақ №29


Тақырыбы : Таптық қоғам кезіндегі алғашқы қоғамның қалдықтары.

Жоспары :



  1. Алғашқы қоғам және өркениет.

  2. қазіргі кездегі алғашқы қоғамның белгілерінің сақталуы.

Теориялық мәліметтер:

Алғашқы тұрмыстық қауымдық қатынастардың қалдықтары ертедегі таптық қоғамдарда бәрінен күштірек көрінгені өзінен-өзі түсінікті. Бұл ең көне ертедегі құл иеленушілік мемлекетке де, сондай-ақ кейінгі туған ертедегі феодалдық мемлекетке тиісті жағдай еді. Бұлардың барлығына көпшілік қауымдарды-отырықшыларды жерлік және сулық, көшпелі – малшыларда ауылдық дейтін қауымдарды сақтау тән болды. Сондай-ақ оларға құлдық немесе шаруа еңбегін қанаудың тұрпайы, жартылай патриархалдық формасы да тән болды. Біршама оқшаулық салдарынан немесе баяуланған қарқынмен дамыған басқа себептермен кейбір ертедегі таптық қоғамдарда алғашқы тұрмыстық қауымдық қатынастардың қалдықтары ерекше ұзақ сақталды. Таптық қоғамда көбінесе сол бір ертедегі таптық құрылымдарда, сондай-ақ көшпелімен таулықтарда басқа да тиісті өзгерістерге ұшыраған алғашқы тұрмыстардың қалдықтары сақталып келді. Қан қайтару қонақ – жайлық аталастылық осындай салттар еді. Сондай-ақ патриархалдық атап айтқанда анағұрлым ертедегі некелік семьялық дәстүрлер сатып алынатын неке, ұрлап әкету, көп әйел алу левират, соророт, кроскузендік неке қашып кету және т.б. өте көп болды.

Тапқа дейінгі және таптық қоғамдардың өзара әрекеттесуі евразия мемлекетінің кейінгі феодалдық және капиталистік отарлық экспансия нәтижесіндегі ұлы географиялық жаңалық ашулардан кейін орасан зор дәрежеде өсе түсті. Отарлық дүниенің едәуір бөлігін құрай отырып алғашқы тұрмыстық периферия капиталистік тәсілінің қорлануында белгілі роль атқарды. Бірақ өзі үшін шынындада апаттық салдары болды. Көне заманғы мемлекеттер үшін алғашқы тұрмыстық периферия құл сатып алудың ең маңызды көздерінің бірі болды, құл иеленушілік те, феодалдық мемлекеттер әдетте өздерінің алғашқы тұрмыстық көршілерін алым-салықтың тәуелділік қатынасқа қойды. Екінші жағынан енді әскери демократияға көшіп те алған тайпалар көршілес мемлекеттерге жиі шабуыл жасады да өздерінің жаулап алуларын қаусаған құл иеленушілік қоғамдардың феодализмге көшуін тездете түсті. Сонымен тарихи кең аумақта қалай да құл иеленушілік және феодалдық қатынастар жүйесіне қосылды. Таптық формациялардың дамуын да өзгеше, бірақ толық белгілі бір орын тауып алды. Рулық құрылыс ыдырауының түрлі сатыларында тұрған халықтардың дамуында социалистік және ұлттық-азаттық революциялар дәуірінің бастамасын жасаған Октябрь революциясы жаңа кезең ашты. Жас мемлекеттердің біреулері дамудың капиталистік екіншілері капиталистік емес жолына түсуде. Алайда олардың бәріне мемлекеттік экономикалық және мәдени құрылыстың барысында алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылысқа тән болып келетін толып жатқан құбылыстарға соқтығысып олардың ролін бағалауға тура келеді. Бұл міндет ішкі өмірінде рулық тайпалық ынтымақ көсемдердің ықпалы еркектер одағының қызметі және мұнда трибализм деп аталып отырған басқада рулық тайпалық институттар елеулі роль атқарып отырған. Тропикалық Африка мемлекеттері үшін ерекше актуальды болып саналды. Соңғы жылдарда тропикалық Африка мемлекеттерінің көпшілігінде әсіресе, дамудың капиталистік емес жолдарында өзінен артта қалушылығын тезірек жоюға тырысып отырған мемлекеттерде трибализмге деген терең көзқарас күннен-күнге айқынырақ жасалып келеді. Адамзаттың алдында әлі де болса, отаршылдықтың ақырғы қалдықтарын жою және көптеген өз дамуында артта қалған топқа дейінгі және ерте топтық құрылыста тұрған халықтарға пәрменді көмек көрсету міндеті тұр.

Таптық қоғамдар бұдан 5 мын жылдан астам бұрын қалыптаса бастады. IV мың жылдықтың аяғында мемлекеттер Нил аңғарында және Месопотамияда, III мың жылдықтың орта шенінде — Инд бассейнінде, ІІ мың жылдықта — Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Финикияда, Оңтүстікі Аравияда, Хуанхэ бассейнінде, б. э.-ға дейін I мың жылдықта және б. э.-дың I мың жылдығында Көне Дүние мен Орталық Американың территориясының үлкен бөлігінде мемлекет туды.

Бүкіл дүние жүзілік тарихи процесті дәуірлеу тұрғысынан алсақ, ең көне мемлекеттердің пайда болуының өзі-ақ алғашқы тұрмыстық тарихтың ақыры мен таптың қоғам тарихының басы деген сөз еді. Мәселен, Көне Египет мемлекетінің шығуы, египеттіктердің тек өзінің тарихында ғана емес, сондай-ақ қандай да болсын таптық цизилизацияның ықпалына ұшыраған олардың толып жатқан көршілерінің тарихында да шешуші фактор болды ғой. Бірақ, әрине, алғашқы тұрмыстық қауымдық қатынастар әлі де болса түгелдей ыдырап кете бермеді. Біріншіден, олардың қалдықтары таптық, қоғамдардың өзінде ұзақ сақталды негізінен алғанда рулық құрылыстың ыдырау дәуірінің институттары); екіншіден, әрі одан да гөрі маңыздырақ, олар таптық қоғамның бірте-бірте тарыла түскен шеттерінде тұрған тайпаларда үстемдік ете беді.

Алғашқы тұрмыстың қауымдық қатынастардың калдықтары ертедегі таптық қоғамдарда бәрінен күштірек көрінгені өзінен-өзі түсінікті. Бұл ең көне ертедегі құл иеленушілік мемлекетке де, сондай-ақ кейінгі турған ертедегі феодалдық мемлекетке тиісті жағдай еді. Бұлардың барлығына көршілік қауымдарды — отырықшыларда жерлік және

жерлік-сулық, көшпелі-малшыларда ауылдық қауымдарды сақтау тән болды.

Сондай-ақ оларға құлдық немесе шаруа еңбегін қанаудың тұрпайы, жартылай патриархалдық формасы да тән болып келе. Маңдай алды антик қоғамдардан айырмасы сол, көне шығыс құл иеленушілік қоғамның өзгешелігі қауымдық меншіктің біршама тұрақтығы мен құл иеленудің жетілмегендігі еді, бұл тіпті ерекше соған тән, кейде «ази-аттық» дейтін өндіріс туралы таластың туына акеп соқты. Феодалдық дәуірде «жаба-йылық» жауап алулармен жандана түскен көршілік қауым белгілі бір түрде дамудың сан алуан кезеңдерінде кідірістеді, кейде мәселен, Россияда капитализм дәуіріне дейін өмір сүрді. Құл иеленушілік те, феодалдықта қоғамда шағын семья мен үлкен семья да ұзақ сақталды таптық ортада оның өмір суруінің маңдай алды үлгісі көне римдік болып келеді. Патриархалдық рулық байланыстардың қалдық формасы үлкен семьяның сегментациясы нәтижесінде туған жеке көршілік қауымның ішінде белініп шыққан патронимия болды. Көптеген халықтарда (армяндарда, грузиндерде, молдавандарда, украиндықтарда, болгарларда, арабтарда және басқаларда) патрономия кейінгі орта ғасырларға дейін, ал сарқыншақтарда — капиталистік дәуірде де болып келді.



Бақылау сұрақтары:

    1. Таптық қоғам бұдан қанша мың жыл бұрын қалыптасты?

    2. Таптық қоғамдағы алғашқы қауымдық құрылыстың ерекшелігі неде?

    3. Таптық қоғамдардың топқа дейінгі периериясын түсіндір?

    4. Таптық формациядағы алғашқы тұрмыстық қауымдардың тағдыры қандай?

    5. Ең жаңа замандағы артта қалған халықтардың дамуы қандай болды?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Тайпалар мен тайпа одақтар.

  2. Байлар мен байлық ұғымдар.

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

3. Кнышенко Ю.П. История первобытного общества. Издательство

Ростовского университета. Ростов на Дону 1973.

4. История первобытного общества. Общие вопросы. Проблемы антропогенеза. М. 1983.

5. История первобытного общества. Эпоха первобытной родовой общины. М. 1985 г.



  1. История первобытного общества. Эпоха классообразования. Рагинский Я.Я. Антропогенеза. М.1996 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет