Сабақ №1 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының шежіресі мен дәуірленуі. Жоспары : 1 Тағылық 2 варварлық



бет3/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.82 Mb.
#133711
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

В. Еуропа


С. Азия

Д. Германия

Е. Қытай

18 . Нәсіл қай кезеңде пайда болды.

А. мезолит

В. палеолит

С. неолит

Д. қола


Е. темір

19 . Бұған дейін ынта қою қай ғасырда төмендеді.

А. XIXғ

В. XXғ


С. IXғ

Д. XVIIIғ

Е. XVIIғ

20 . Малта тастар қай жерде табылды.

А. Қытай ,Африка

В.Франция.

С. Германия.

Д. Орта Азия.

Е. Алдыңғы Азия.

Сабақ №.15
тақырыбы : Семьялық қатынастар..

жоспары :


  1. Неке және оның түрлері.

  2. семьялы некенің пайда болуы.

  3. қауым семьясының бір-бірімен байланысы.

Теориялық мәліметтер:

Алғашқы тайпалар біртұтас болып келмеді. Бұларға енген рулық қауымдардың арасындағы байланыс өзара некелесу, әрі мүмкін, кейбір эпизодтық кәсіптермен – аңшылық қамажаулармен, некелік және басқа рәсімдермен шектелген болса керек. Бірақ байланыстар бірте-бірте нығайып, күрделене түседі. өзара некелермен ұсталған байланыстар неғұрлым тұрақты шаруашылық ынтымағын, мәдени құнды заттар алмасуды, өзара тілдік ықпалды тудырды. Бұл процесс археологиялық тұрғыдан байқалады. Ру алғашқы тұрмыстық қауымдық демократия принциптері негізінде басқарылды. Оның жоғарғы органы шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірдің негізі мәселелерін ынтымақтаса отырып шешетін. Рулық қауымды өкімет билігін ұйымдастыру принципіне келгенде таптық мәжбүр етудің кейініректе туған аппаратынан, ал рулық нормалар заңға айналдырылған үстем таптың еркі – праволардан айырымдалды. “Алғашқы тұрмыс қоғамында адамдар әлі дамудың ең төменгі сатысында, тағылыққа жақын күйде болып, шағын рулар болып тұрып жатқанда” осы заманғы мәдениетті адамзатты бірнеше мың жылдар бөліп тұрған дәуірде – осы кезде әлі мемлекеттің өмір сүру белгілері көрінбейді.

Алғашқы тұрмыстық қоғамда дуальдық ұйымның пайда болуымен қатар, неке мен семья, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды және олардың ұрпаққа қатысып реттейтін ерекше қоғамдық институттар туды. Топтық некеде зайыптық қарым-қатынастар, табиғи түрде кездейсоқ, оқтын-оқтын қысқа уақыттық болуға тиіс еді. Малакки чемангтарында ХІХ ғасырда тұрмыстаболған осындай тәртіптердің айқын сарқыншақтарын миклухо – Маклай сипаттап жазды. “Бой жеткен қыз бір – бірімен бірнеше күн немесе бірнеше апталап тұрып, өз еркімен және ерінің келісімімен басқаға кете барады, тағы да мұнымен тек алады. Бір рудың әйелі тапқан бала бүкіл рудың баласына айналады. Мәселен, австриялық аборигенка “ана” деп тек өзінің туған анасын ғана емес, оның некелік табының барлық әйелдерін күйеуім” деп тек өзінің шын мәніндегі күйеудің ғана емес, оның некелік табының барлық ерлерін “ұлым” деп тек өзінің ұлын ғана емес өзінің некелес табы. Әйелдердің барлық ұлдарын атаған. Туысқандықтың қандай жүйесі мүшелері өз баласы мен қандайда болсын өз туыстарының баласы арасында айырмашылық жасалмайтын топтық семьяда ғана туа алатын еді.

Алғашқы тұрмыс адамының блім көзі оның еңбек қызметі болды, мұның барасында тәжірибе жинақталды, құбылыстың себептерімен салдары салыстырылды, байқаулар жинақталып жүйеге келтірілді. Тіршілік жағдайлары ең алдымен айналадағы табиғат туралы білім қорын жинауды талап еткені табиғи дүние еді. Австралия аборигендерінің, бушмендердің отты жерліктердің т.б. мысалында ертедегі рулық қауым мүшелері өз отарынының ерекшелігімен байлығы туралы мәліметтерді, прикладтық, география, ботаинка, зоология, минералогия, метеорология және басқа да табиғат тану білімдері салаларындағы нақтылы мәліметтерді аумақты етіп жинады. өзінің тіршілік етуін қолдау үшін, олар өзінің азық – түлік территориясын, шөптердің зиянды да пайдалы қасиеттерін, жануарлардың түріп тұру жолдардың ерекшеліктерін ағаштар мен басқа да материалдардың түрлерін жете білуге, іщ кесуге ауарайын болжауға және жер-жерді бағдарлай білуге тиіс болды. Жер – жерді бағдарлауға аспан жұлдыздарын білу байланысты әдіс: осы заманғы зерттеулердің бірі жердің жасанды серігін ұшыру туралы алғашқы хабарды жаңа жұздыздардың пайда болғанына көңіл аударған бушмендерден алғанын баяндайды.

Этнография ертедегі аналық-рулық қауымды зерттеумен тұңғыш шұғылданғанда, бұл осы уақытқа қарай географиялық және әсіресе тарихи ортаның өзгеруімен, көршілес қоғамдардың европалық отарлаудың т. б. ықпалымен барлық жерде түп-негізінен өзгеріске ұшырады. Әуел басты ру формасын және түрін өзгертті. Бірақ, ғылым ең бастысын қалпына келтіре алды; бұл туыстардың арасындағы қатынастарға тән тапжылмайтын коллективизм еді. Қамажаулап немесе айдап тығып аң аулау, бөгеттеп немесе аулармен балық ұстау, ұйымдасқан жинап-терушілік, үй-жай салып қайықтар жасау — міне, осының бәрі рудың біріккен күш жігерін талап етті, ал еңбек өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне қауымдық меншікті тудырды.

Рудың коллективтік меншігінде, ең алдымен, өндірістің басты құралы—жер бұл жағдайда оның шегіндегі барлық қолда бар аң аулау объектілері, балық шаруашылығы мен жинап-терушілік құралдар, үй мүліктерін жасау үшін шикі заттары т. б. бар территория болды. Жоғарыда сипатталған аңшылар мен балықшылар қоғамдарының бірде-бірі туған-туысқандардың барлық топтарының ортақ меншіктілігінен бөтен жерге меншіктіктің басқа формасын білмеді. Сондай-ақ аңшы адамдары мен балықшы бөгеттерін қайықтар мен ауларды, тұрғын үйлер мен оттарды рулық иемдену де кеңінен дәлелденіп отыр. Жеке адамдарға тек дара өздері ғана жасап шығарған еңбектің қол қарулары — найза, садақ, балта, тағы басқалар, сондай-ақ түрлі тұрмыстық заттар тиісті болды. Бірақ өндірістің бұл қарулары да, әдетте коллективте және дайын оның қажетін өтеу үшін пайдаланылды, сондықтан да бұларға жеке адамның меншіктігі рудың коллективтік меншігі ішінде сіңіп кеткендей болатын еді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Матронимия терминінің мағынасы?

  2. Әкесімен шешесі жағынан туыстық қалай аталады?

  3. Ерте рулық қауымда рухани мәдениеттің сипатты белгісі?

  4. Некесіз тұру дегеніміз не?

  5. Левирит дегеніміз не?

  6. Гетеризм дегеніміз не?

  7. Гонекократия терминінің мәні?


Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

1. Неке және отбасы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая

школа 1982 г.

  1. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990 г.

  2. Семенов Ю.И. Происхождение брака и семьи. М. 1974 г.

  3. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и

  4. государства. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение том 20

Массон В.М. Экономика и социальный строй древних обществ. Л., 1976 г.

Сабақ №16 Тақырыбы Өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы.



Тест

1.Нәсілдің пайда болу кезеңін көрсетіңіз.

А. Мезолит

В. Неолит.

С. Палеолит.

Д. Энеолит.

Е. Қола.

2 . Метал пайда болған кезеңде не пайда болды.

А. Қол өнер

В. Шаруашылық.

С. Өнер.

Д. Геометриялық өнер.

Е. Мемлекет пайда болды.

3 . Австролопитектердің миының көлемі.

А. 700см

В. 1200см.

С. 800см.

Д. 1030см.

Е. 900см.

4. Политагенез терминінің мағанасы.

А. .мемлекеттің шығуы

В. қолөнердің шығуы

С. шаруашылықтың шығуы.

Д. нәсілдердің шығуы.

Е. металлдардың шығуы.

5 . Политагенез дүниесінде адамдар арасындағы қатынас.

А. құлдық.

В. феодалдық.

С. тең құқылы.

Д. барлығы дұрыс.

Е. комунизм.

6 .Расогенез дегеніміз не

А. нәсілдердің шығуы

В. мемлекеттің пайда болуы

С. еңбек құралдарының атауы

Д. халықтың атауы

Е. шаруашылықтың пайда болуы

7 .Ерте қауымдық топта аңшылықпен кімдер айналысты

А. ерлер

В. кәрілер

С. аналар

Д. балалар

Е. айналысқан жоқ

8. Африка мен Австралияда кімдер мекендеді.

А. Негроид

В. манголойд

С. европоид

Д. австролоид

Е. негроевропоид

9 . Гарпундар қай мәдениеттің құралы

А. мадлен

В. салютри

С. оринияк

Д. ашель


Е. Андронов

10 . Аңшылық қай мәдениетте басым болды

А. ориняк,салютри

В. салютри,мадлен

С. мадлен,мустер

Д. мустер, ашель

Е. ашель шель

11 . таулы аудандарда алғашқы тұрмыстық адамы аң аулауда қайсы жануарды аулау басым болған.

А. тауешкі бұғы

В. арыстан жолбарыс

С. ешкі қой

Д. бұғы сиыр жылқы

Е. жылқы,қабан, аю, бұғы

12 . Аң аулағанда әрбір топ неше адамнан құралған.

А. 10-20

В. 20-30


С. 30-40

Д. 40-50


Е. 50-60

13 . Европоидтық нәсіл европада,ал монғолоидтық нәсіл қай жерде тараған

А. Азия

В. Европа

С. Австралия

Д. Африка

Е. Евразия

14 .Алғашқы қауым адамдарының топқа бірігу себебі

А. бірлесіп қорғану және аң аулау

В. егін егу

С. аң аулау

Д. терімшілік

Е. еңбек құрал жасау

15 Алғашқы тұрмыстық қоғам тарих қай кезеңде қамтиды.

А. Адам пайда болғаннан таптық қоғам

В. Адам пайда болғаннан рулық қауым

С. Адам пайда болғаннан тас ғасыры

Д. Адам пайда болғаннан қола дәуір

Е. Рулық қауым қола дәуірі

16 . Жер өңдеушілерде негізгі неке түрі қандай болды

А. жұп

В. Промискуйтет



С. Полигения

Д. Пошкундрия

Е. Экзогамия

17 Алдыңғы Азияда неолит кезеңінде мал бағу түрі?

А. Үйде ұстау

Б. Жайылымдылық

В. Көшпелі

Г. Жайлаулық

Д. Жартылай көшпелі.



18 . Кавказда полеолит кезеңінде мал бағу түрі.

А. Жайылымдылық

Б. Үйде ұстау

В. Көшпелі

Г. Жартылай көшпелі

Д. жайлаулық

19 . Жеке меншік иниститутының пайда болу себептері.

А. Таптық қоғам

Б. Ерте қоғам

В. Рулық қоғам

Г. Мемлекет

20. Ұйымдасқан аң аулаудың пайда болу себептері.

А. Ерте қоғам

Б. Таптық қоғам

В. Рулық қоғам

Г. Мемлекет


Сабақ №,17.

Тақырыбы : Өндіруші шарашылықтың қалыптасуы


Жоспары :

  1. Неолит пен энеолит дәуіріндегі технишкалық жетістіктер.

  2. егіешілікпен балықшылықтың пайда болуы

  3. кетпенді шаруашылықтың қажеттілігі



теориялық мәліметтер.

Неолит көп мыңдаған жылдық тас ғасырының жоғарғы да ақырғы сатысы болды. Неолиттік уақыт, ең алдымен, еңбектің тас қаруларының жасалу техникасын едәуір жақсартумен сипатталады. Бұл жаңа техниканың ең айқын сипаты тегістеу немесе жалтырату тәсілімен, сондай-ақ тасты егеп тесу арқылы тас құралдарды түпкілікті өңдеу болып табылады, бұл неолиттік уақыт адамына бұрынғыға қарағанда зор табыспен тасқа ойдағыдай форма беруге мүмкіндік туғызды. Құрал тастардың сан алуан түрінен, соның ішінде шақпақтан қат-қабаттыларын және үсак түйірлерінен гөрі жұмсағынан құралдар жасалды. Бірақ шақпақ тас та, сондай-ақ нефрит немесе жадейт сияқты қатты жыныстар да жаңа әдістермен өңделетін болды;

Тастың жоғары сапалы сорттарын алу үшін адамдар оны жер астынан қазып алуға көшті.

Жаңа құралдарды ағаш өңдеу үшін де пайдалана бастады. Неолитке әсіресе, балталар тән болып келеді. Ағаштарды шабу үшін неғұрлым бейімделген неолиттік балта ору егіншілігінде орман учаскелерін шауып тастауды, ағаш қайықтарды ойып жасау және басқа жұмыстарды жеңілдетті. Тастан динап теруші, ал кейініректе егіншілікпен байланысты көптеген құралдар жасалды. Бұлар қазғыш – таяқша үшін ортасында тесігі бар аумақты диск түріндегі салмақтартықтар, келсаптар келілер, дән ұнтақтағыштар, кетпендер орақтар, еді. Сондай –ақ кетпендер де сүйек пен мүйіз жасалды. Шоқпақ ұштықтары лист тәрізді ал кейінірек үш бұрышты формалы болып келетін садақ пен жебелер де едәуір жетілдіре түсті. Алайда, тасты тегістеп жалтырату процесі еңбекті өте көп керек етті және құралдардың өндірістік сапасын біршама аз жақсартты. Сондықтан да көпшілік жағдайларда қару жалтыратып тегістелмеді, әрі шақпақ тас бурынғысынша индустрияда басым болды. Опыру, сындыру және сығу арқылы тасты өңдеудің ескі әдістері кеңінен қолданылды, мұнда қыспа ретушы техникасы гулдену шегіне жетті.

Неолит дәуірінің ең маңызды жаңадан енгізілген дүниелерінің бірі қыштарды ойлап табу болды. Мұның неолитке тән сипат болып келетіндігі соншама, тіпті оны басқаша алып қыш ғасыры деп те атайды. Қалыпқа құюмен саз ыдыстарды күйдіруді ойлап табу адамға ас даярлаудың тәсілдерін жақсартып тамақ өнімдерінің түр-түрін көбейтуге мүмкіндік берді.

Иіру мен тоқымашылықты ойлап табу кейінгі неолиттің ең ірі табыстары болып саналды. Жіп иіру үшін талшықты әуелі жабайы өсетін өсімдіктерден конополиядан сондай –ақ лықтан жасап шығарды. Содан кейін қойдың жүнімен жабайы өсетін кендрден жіп иіре бастады.

Алғашқы тұрмыстың эконикалық екі орасан зор жетістіктерінің егіншілік пен мал шаруашылығының тууына жағдай жасады.

Егіншілік жоғары ұйымдастырылған жинап терушіліктен туды. Осының даму процесінде өнім жабайы өсімдіктер және олардан жаңа өнім алу жөнінде қамқорлық жасауға үйренді. Австралиялықтар кейде дән өсінділерінің орам шөбін жабайы өсетін жемістерді жинау оларды мәдениеттендірудің бастамаларымен ағаштардың жоғары жағын қырқумен шауып тастаумен қосарланды. Осыдан бастап егіншілікке көшу тамақ қорларының пайда болуымен де сондай –ақ осыған байланысты отырықшылық тұрмыстың бірте-бірте дамуымен де жеңілдей түсті. Егіншілік ойлап табушы сөзсіз әйелдер болған: әйел еңбегінің осы арнайы сферасы жинап – терушіліктен тауып, егіншілік ұзақ уақыт бойы шаруашылықтың көбіне әйелге тән саласы болып қала берді.

Астың дәндері өсіп шығуы үшін қолайлы жағдайлары бар аудандар

Палестина, Ирак және Орта Азияның оңтүстік аудандары болды. Сірә адамдар егін үйренген алғашқы жабайы өсетін дәнді астық арпа болса керек.

Мал шаруашылығы көбіне шаруашылықтың еркектік саласы болды.

Оңтүстік Қос өзенде мәдениеті тау етегіндегіге ұқсас келетін бірақ кейінірек неолиттен энеолитке өтетін кезге жататын мекен табылды.

Мыстан жасалған бұйымдар жаңадан пайда бола бастаған. Халқы ең қарапайым егіншілік пен мал шаруашылығы білген, алайда аң аулау мен балық шаруашылығы әлі де болса маңызды роль атқарған. Тұрағы ретінде қамыс күркелері болған IV мың жылдықтың аяғына ІІІ мың жылдықтың басына қарай Қос өзен тұрғындары, енді шикі кірпіштен үй салуды ғана емес, сондай –ақ үлкен қоғамдық ғимараттар храмдарды да салуды қолға алады.

Б.э.-ға дейінгі V-VI мың жылдық торда дамыған неолиттің егінші тайпалар Египетке де ірге жаяды. Шаруашылығы негізгі тұрпайы егіншілікпен және мал шарушылығымен ұштастырылған аңшылық. Қызыл және қара түсті сан алуан саздан жасалған ыдыстар кейде оюланып өркен салынып әшекейленген ыдыстардың бір бөлігі тастардан жасалған піл сүйенгінен ұсақ ыдыстар, қасықтар әшекейлер жасалды.

Қытайдың ертедегі неолит микролиттердің салмағы сүйек және ағаш қаруларын қолдануы мен көзге түсті. Кейініректе шеттелдері мұқият жұмырланып тегістелген ірі тас қарулар пайда болды. аң аулап балық ұстаумен қатар, тары егіп, иттер мен шошқаларды өсірді.

Жапониядағы ерте неолит осы заманның әшекейленген саз ыдыстары бар. Бұл кезде мекендеушілер аң аулаумен балық ұстаумен, өсімдік тамақтарымен теңіз малмоскаларын жинап терумен шұғылданды, үлкен қауымдық трапеция тәрізді және жер кепелерде тұрды. Ең негізгі үй жануарлары ит болды. Теңіздегі және өзен сағаларындағы дамыған балық аулау негізгі кәсібі болған. Аулаудың түрлі жағдайлары мен балықтың түрлерін арналған ерекше шанышқылар, ілмектер, аулар, тоспалар болды. қайықтардың бірнеше типтері қолданылды. Теңіздік және құрылыстың аң аулау сондай-ақ жидек жеміс тамырлар малюскларды жинау қосалқы роль атқарды. Үй жануарларынан ау аулауға пайдаланылған ит белгілі болды, иттің жүні де асты еркектер мен әйелдердің арасында еңбектің айқын бөлісі болды.

Аң, балық аулау, үй тұрғызу қару жасау еркек ісі еді. Жинап теру, дайындау, өру, тоқу киімдерді тігу әйел ісі еді.

Рулық қауымның егіншілік-малшылық шаруашылығы дамыған неолит пен энеолиттің археологиялық ескерткіштерімен қатар көрсетіледі.

Сонау полеолитте-ақ тіліне бастаған әр түрлі мәдениет дамуынын әр келкілігімен түрлі территориядағы олардың локальды ерекшелігі неолитте күшейе түсті. Неолит дәуірінің археологиялық мәдениеті ондап саналады.

Неолит мәдениеті Таяу Шығыс елдерін-де неғұрлым тез қарқынмен дамыды, мұнда егіншілік пен үй малын өсіру бәрінен бұрын туды. Жоғарыда натур мәдениеті кейін мезолитке жататындығы туралы айтылды оның иесі дәнді өсімдіктерді өсіруге әрекет жасап та бақпан еді деп жобалауға болады. Бұдан біраз неғұрлым кейінгі уақытта (б. э.-ға дейінгі VI мың жылдыққа) Солтүстік Ирактағы тұрпайы егіншілік пен мал аруашылығының туу белгілері жатады. Сол жерде Оңтүстік Курдистанның тау етектерінде түрған үй қойлары мен ешкілері болған Карим-Шахир неолиттік мекен-жайы табылып отыр. Дән үккіштердің, ораққа арналған шақпақ тас жүздерінің т. б. табылған сынықтары, натуфтіктердікі сияқты мұнда да, егіншіліктің тікелей алдындағы жинап-терушілік өте - күшті дамыған деуге мүмкіндік—береді. Карим-Шахирмен жақын көршілес жатқан, бірақ неғұрлым кейінгі уақытқа жататын (б. э.-ға дейінгі 4750 жылдар шамасы) Калаат-Ярмо (Джермо) мекенінде егіншілік мүлде айқын керіне деп, атап айтқанда үйдің қабырғалары мен ошақ негіздері жасалған саз балшықтарда дән іздері табылған, тағы хайуанаттардың сүйегі небары 5% қүрайды, қалғандады 95% үй ешкісіне шошқаға, қойға тиісті.

Бақылау сұрақтары:


  1. Неолит дәуірі және хронологиясы?

  2. Жаңа құралдарды жасау?

  3. Энеолит дәуірі?

  4. Егіншілік пен мал шаруалықтың пайда болуы?

  5. Микролит пен макролит құралдарының пайда болуы?



Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

  1. Жануарларды қолға үйрету.

  2. Мал бағудың басталуы?

  3. Көшпелілер өмірі?

Пайдаланатын әдебиеттер:



  1. Першиц А.Н., Монгайт А.Л., Алексеев В.П. История первобитного общества. Высшая школа 1982 г.

  2. Алексеев В.П. Перешиц А.Н. История первобытного общества. Высшая школа 1990г.

  3. Семенов С.А. Происхождение земледелия. Л. 1974 г.

  4. Шнирельман В.А. Происхождение производящего хозяства. М. 1989 г.

  5. Марков Г.Е. История хозяства материальной культуры в первобытном и ранне-классовом обществе. М.1979 г.

  6. Файнберг Л.А. У истоков социогенеза. М. 1980 г.

  7. Алексеев В.П. От животых к человеку. М. 1969 г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет