Сабақ №1 Жұмыстың мақсаты: Жердің дамуы (архей эрасының ерекшеліктері бойынша) Көрнекілік құралдар
1 2 Семинар 1 (1)
Ф а н е р о з о й
П р е к е м б р и й (Р€)
Қарқынды жанартаулық әрекеттердің көрініс беруі (4-3,6 млрд. жыл бұрын). Көптеген жерлерде алғашқы жер қыртысының ыдырауы мен жылжымалы үдерістер көрініс берген. Жер бетінде белсенді жылжымалы зоналар қалыптаса бастады. Жылжымалы зоналарды протогеосинклин деп атайды. Осы зонада белсенді жанартаулық үдерістер жүрді. Жанартаулардың көпшілігі тектоникалық жарықшақтарға ұштасқан. Алғашқы жер қыртысы тұрақты блоктар (протоплатформалар) мен қозғалмалы зоналарға (протогеосинклиндер) ыдырады. Архей эрасы активті жанартаулық әрекеттер мен тектоникалық қозғалыстармен сипатталады. Осы үдерістер әрекетінен таулар, жайпақ таулар мен терең қазаншұңқырлар қалыптасты. Сонымен қатар, жанартаулық және қарқынды жылжымалы қозғалыстар нәтижесінде жер бетінде көлемді массалы гранит, диабаз, габбро және сиентитті магмалық таужыныстарын әкелді. Жердің осы эволюциялық даму кезеңі темір, уран және алтын кенорындарын қалыптастырды. Континеттер (қалқандар) көне ядросының қалыптасуы (3,8-3,0 млрд. жыл бұрын). Архей эрасында тұрақтылықпен ерекшеленетін континенттердің көне ядросы қалыптаса бастаған. Олардың қалдығы Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформаларынан басқа барлық көне платформаларда кездеседі. Континенттер көне ядросының қалыптасуымен Кольск қатпарлығы (немесе Балтық қалқаны), трансвааль қатпарлығы (Оңтүстік Африка) байланысты. Архей эрасында шамамен 3,5 млрд жыл бұрын біздің планетамызда өте көне суперконтинент Ваальбара қалыптасқан. Осы супер континент 2,8 млрд жыл бұрын жекелеген континенттерге ыдыраған. Сонымен қатар континенттік жер қыртысының қалыптасуы белсенді түрде жүрді. Бірақ континентті жер қыртысының қалыптасуы архей эрасында 5-40% құрайды. Климаттық жағдайдың өзгеруі (4,0-3,6 млрд. жыл бұрын). Архей эрасында жас Жер планетасы біршама геологиялық қайта жаралу, қарқынды тектоникалық қозғалыстар және атмосферада толықтай оттегінің болмауымен ерекшеленеді. Анаэробты (оттексіз) жағдайда тіршіліктің қалыптасуы (3,8-3,6 млрд. жыл бұрын). «Анаэроб» терминін ғылымға француз микробиологы Луй Пастер 1861 жылы енгізген. Ғаламшарда алғашқы тіршіліктің көрініс беруі (3,8-3,3 млрд. жыл бұрын). 1865 жылы неміс ғалымы Г.Рихтердің ұсынған панспермия гипотезасы немесе космогониялық теориясы бойынша тіршілік Жерге басқа ғаламшар арқылы келген. Тірі организмдердің болуы (3,5-2,5 млрд. жыл бұрын). Архей эрасының шөгінді таужыныстарында органикалық тіршілік іздері кездеседі. Бұл мәліметтер алғашқы қарапайым тірі организмдер пайда болғанын айқындайды. Тапсырма: Протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой эралары бойынша үлгі құрастыру және әрбір ерекшеліктерге сипаттама беру, презентация жасау.
Сабақтың нәтижесі: 1 семинарлық сабақ бойынша магистранттар Жердің дамуы бойынша әрбір эра ерекшеліктерінің үлгі құрастырып талдау жасауға үйренеді. жүктеу/скачать 36.74 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |