Сабақтың ортасы
30 минут
|
Музыкалық сауат ашу:
Т е р м е дегеніміз ақылы мен нақылы бар өлеңді әуен.
Терме атауы қазақтың «тер» , «теру» сөзінен шыққан .Терме 7,8 буынды жыр үлгісінде болады . онда күнделікті тұрмыс – тіршілікке қатысты жайттар айтылады.Термені орындайтын адамды термеші деп атайды.Термеші адамгершілік пен зұлымдықты ,әділеттілік пен әділетсіздікті , жаман мен жақсы мінезді салыстырып жырлайды.Терме балаларды ата – бабасының өсиетін , өмірлік қағидасын 2қадір тұтуға үйретеді .
Әннің әуені болса , терменің де өзіне тән мақамы болады.
Ол белгілі бір ырғақпен орындалады.Термені көбіне домбыраға қосып орындайды.
«Жанр» сөзін қалай түсінесіңдер?
Қандай музыкалық жанрларды білесіңдер ?
Ең қарапайым және кең тараған жанрлар- ән, би және марш.
Жанр - (от фр. genre –түр,тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Орындалу тәсілі бойынша ажыратылады
Топтық жұмыс
1 тапсырма. Музыканы тыңдау және талдау.
«Жақсы мен жаман» термесін тыңдаңыздар.
Музыканы талдауға арналған сұрақтар
- Термеде қандай ақыл айтылған?
Терменің ән жанрынан айырмашылығы неде?
Теория: Терме — қазақ поэзиясының сонымен қатар вокалды музыка жанры.
Бұл музыкалық-поэзиялық түрдегі өсиет. Терме – ән мен өлеңнін түрі, «теру , тер» сөздері «толтыру, жинау, жиын» мағыналарын береді. Термеде өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандық мәселелері жайлы баяндалады.Терменің қызықтылығы оның маңызды сұрақтарды қозғайтындығында.Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет шығармаларында терме мысалдары жиі кездеседі. Эмоционалды әсерін көтеру үшін термеде музыкалық дыбыстардың ритмикалық түрлері мен қайталаулар жиі кездеседі.
Е Құдайбергеновтың орындауында Махамбет Өтемісұлы «Мен мен едім» термесін заманауи оңдауда тыңдау.
- Бұл термені орындауда речетатив стилі қолданылады.
Речитатив – музыкалық- вокалды шығармадағы әуенді сөйлеу.
|