Сабақ: 1 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 3


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет64/95
Дата17.01.2023
өлшемі3.29 Mb.
#468489
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95
3 МУЗЫКА КМЖ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар
саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақ оркестрін тұңғыш ұймдастырушысы- Ахмет Жұбанов

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1-тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру;
3.1.1.2 -музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату



Сабақ мақсаттары

Қазақ музыкасының ең биік тұлғасы---Ахмет Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет алпады,.
Музыкалық білім-білік дағдыларын арттырады.
есту қабілетін жан-жақты әуендік,ырғақтық,үйлесімдік бағытта дамытады.

Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық шығарманы талдады;

  • нота ұзақтығын қайталады;

  • нотамен әуенді орындады;

  • «шығармашылық жұмыстар жасады.

Тілдік мақсаттар:



Оқушылар:
музыканы талдайды және сипаттайды, тыңдалған музыкалық шығарма жайлы өз ойларын жеткізеді.
Пәнгетән лексика мен терминология:
музыкалық лад,мажор, минор, контрасты музыка; си нотасы
Талқылауғаарналғансұрақтар:

  • Ән қай ладта орындалды?

  • Әннің ырғағы қандай?

  • Әннің әуені қандай көңіл-күйді білдіреді?

  • Ән не туралы әңгімелейді?

  • Орныдаушы туралы не білесіз?




Құндылықтарды дарыту

Ұлттық музыка және әлемдік музыка мәдениетіне деген сыйластық, үштілділікті дамыту.

Пәнаралық байланыстар

-

АКТ дағдылары

Бұл сабақта оқушылар АКТ дағдыларын бағдарламада жұмыс жасау барысында толық дамыта алады.

Бастапқы білім



1-2 сыныптағы білімдеріне. Яғни мажор, минор, халық әндері ұғымдарын еске түсіре отырып, музыкалық білімдерін арықарай дамытады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтыңбасы

5 минут




Музыкалық сәлемдесу

«Миға шабуыл. «Кім жылдам» ойыны. Ф дыбысын сызып тастау.


ФОфрфкфефсфтфрфмфефн
Фтфіфлфдфефсфкфефн
Фдфифрфифжфефр
Олай болса бүгінгі біздің


Сабақтың ортасы

30 минут




Бүкіл әлемде дирижерге аса құрметпен қарайды. Оркестрді табысқа жеткізетін – дирижер. Қазақстанда тұңғыш рет оркестр құрып, оған дирижерлік еткен әйгілі композитор, ел мақтанышы Ахмет Жұбанов болды. А.Жұбанов шеберлермен кеңесе отырып, халық аспаптарын оркестрге лайықтап, қайта өңдеп шығарды. Ол көптеген халық композиторларының әндері мен күйлерін оркестрге түсіріп, кеңінен танымал етті. Композитор әрі дирижер Ахмет Жұбанов өз жанынан да көптеген шығармалар жазды.
Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі болатын. Ол ел ішіндегі халық орындаушыларының басын қосып, оркестр ұйымдастырды. Нота сауатын білмейтін халық орындаушыларымен жұмыс жасау оңайға түспеді. Елден келген орындаушылардың тілін тауып, қысқа мерзімде, яғни 2-3 жылдың аралығында оркестр жасап шығарды. Жаңа оркестр Ахмет Жұбановтың дирижерлік етуімен 1936 жылы Мәскеуде өткен онкүндікте үлкен қошеметке ие болды. Осы оркестр арқылы Ахмет Жұбанов қазақ дәстүрлі музыка мәдениеті мен Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов болды.
Ахмет Жұбанов (1906-1968) – композитор, музыкатанушы-ғалым, дирижер. Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Ахмет Жұбановтың «Құрманғазы», «Қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы», «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Ән-күй сапары», т.б.музыкалық ғылыми-зерттеу еңбектері бар. Оның «Төлеген Тоқтаров», «Абай сюитасы», т.б. көптеген симфониялық шығармалары мен «Құрманғазы», «Абай» сынды опералары бар. А.Жұбанов көптеген спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазды. Композитордың «Ақ көгершін» және «Қарлығаш» әндері ел арасында кеңінен танымал.
Ахмет Жұбановтың жолын қуған ұрпағы - Алан Бөрібаев. Ол – бүгінгі таңда әлемге танылған жас дирижерлердің бірі. Ол Еуропа елдеріне қазақ халқының да өнері мен мәдениетін дәріптеп келеді. Ата дәстүрін жалғастырған жас дирижер Алан Бөрібаев қазақ музыка мәдениетіне өз үлесін қосуда.
«Ана туралы жыр» әнін үйрету
Ән үйрету жолдары.

  1. Өлшемі, сазы, екпіні, характері.

  2. Динамикалық белгілерімен жұмыс

  3. Дикциямен жұмыс.

4. Фраза бойынша үйрету
5. Әнді акапелла орындау
6. Әнді хормен орындау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет