«Тұмау және басқа жрви» Тұмау(грипп). Анықтамасы



бет1/6
Дата18.01.2024
өлшемі27.17 Kb.
#489331
  1   2   3   4   5   6
АЗ №5н


«Тұмау және басқа ЖРВИ»
Тұмау(грипп).
Анықтамасы. Грипп (Grippus) – қоздырғышы аэрогенді механизм арқылы берілетін, клиникасы жалпы улану белгілерімен және жоғары тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, әсіресе трахеит белгілерімен көрінетін, эпидемия түрінде кең таралатын жедел вирустық инфекция.
Тақырыптың өзетілігі. ЖРВИ тобында грипп маңызды орын алады. Эпидемия кезінде грипп көбінесе ауыр ағымды өтеді, сондай-ақ әртүрлі созылмалы аурулардың өршуі тән. Қазіргі кезде де грипптың диагностикалық қателіктері жоғары пайызды құрайды. Осы мәселелер грипптің ерте диагностикасының аса маңыздылығын көрсетеді.
Этиология. Грипп қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін, Orthomyxoviridae тұқымдастығына жататын, пневмотропты вирус. Вирус сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы сақталады, ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бұл вирустардың ультрафиолет сәулелеріне және әдеттегі залалсыздандыратын заттарға сезімталдығы өте жоғары.
Эпидемиологиясы. Аурудың инфекция көзі – гриппен ауырған науқас адам. Науқастын жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде сыртқы ортаға көптен таралады. Инфекцияның берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы – ауа-тамшылы. Имунитет А топты грипптен кейінгі 1-3 жыл, ал В топты грипптен кейін 3-6 жыл сақталынады.
Патогенезі. Грипп вирусы тыныс жолдарының эпителийіне тропты. Патогенезінде 5 негізгі кезенді ажыратады:
1. Вирустың тыныс жолдар клеткаларындағы репродукциясы.
2. Вирусемия, токсикалық және токсикалық-аллергиялық реакциялар.
Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен жүйкеге) вирустың өзіне және клетканың ыдырау өнімдеріне байланысты.
3. Тыныс жолдарының зақымдалуы( үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы).
4. Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериальды асқынулары.
5. Патологиялық үрдістің кері дамуы.
Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық бұзылыстарға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет