Сабақ №1. Тақырыбы: Көк жасыл балдырлар cyanophyta жасыл балдырлар бµлімі chlorophyta вольвокс класы volvocophyceae



жүктеу 190.68 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі190.68 Kb.
Лабораториялық сабақ №1.

Тақырыбы: 1. Көк жасыл балдырлар CYANOPHYTA

2. Жасыл балдырлар бµлімі CHLOROPHYTA

Вольвокс класы VOLVOCOPHYCEAE

Хломидомонaда ќатары CHLAMYDOMONALES

Вольвокс қатары VOLVOCALES

Протококк класы PROTOCOCCAPHYCEAE

Хлорококкоктар ќатары CHLOROCOCCALES

Сабақ мақсаты: Көк жасыл балдырлардың бір клеткалы, колониальды жєне жіп тєрізді таломдарымен танысу. Клетка құрылысының ерекшеліктері, көбеюі.

Тапсырма: Микроскоптыњ көмегімен асциллетория, анобена, носток жєне т.б. көк жасыл балдырлармен танысу, суретін салуға ќажет.

Жасыл балдырлардыњ клетка ќұрылысыныњ ерекшеліктерін аныќтау, олардыњ морфологиялыќ структурасыныњ күрделенуі.

Жасыл балдырлардыњ көбею жолдары, олардың ерекшеліктері.

Тапсырма:

1.Уақытша жєне тұраќты препараттарда балдырлардың морфологиялыќ структурасымен танысу.



  1. Монадалыќ /хломидомонада Вольвокс ќатары CHLAMYDOMONODALES

  2. Колониолды / вольвокс, Вольвокс ќатары / VOLVOCALES

  3. Коккондты / хлорокоо жєне хлорелла Протококк ќатары / CHLOROCOCCALES

  4. Пластинкалы / Ульва ќатары / VOLOTRICHALES

  5. Жіп тәрізді / Улотрикс, улотрикс ќатары / UBOTRICHALES

  6. Сифондыќ /Сифонопиоз ќатары / SIPHONALES

2.Жасыл балдырлардың клетка ќұрылысыныњ ұқсастығы жєне айырмашылыѓы. Хромотофорларының пішінінің ерекшеліктері, пирекондтары және ќор заты- крахмал ќалыптасуы.

3. Көбеюінің ерекшеліктері /вегетативтік, жыныссыз, жынысты /

4. Схема түрінде хламидоманаданың энтероморфаның улотрик жынысты кµбеюі жолдарының ерекшеліктері.

1.ядро фазаларының ауысуын аныќтау.

2.Жынысты жєне жыныссыз ұрпаќтарының.

әдебиеттер:

1.Абдрахманов О. « Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы».

2.Гордеева Т. Н. И др. Практический курс систематики растений.

М., Просвещение 1986 стр. 5-9.

3.Хржановский В.Г. Пономоренко С.Ф. «Практикум по курсу общей ботаники» М., Высшая школа 1979 стр. 180-182.

Зертханалыќ жұмыс №3.

Таќырыбы: Диатомды балдырлар бөлімі /PIATOMOPHYTA

Маќсаты: диатомды балдырлардың клетка ќұрылысын үйрету, диотомды балдырларѓа тєн ерекшеліктерді көрсету, сонымен ќатар олардыњ алдыњѓы сабаќта оќып өткен балдырлардан айырмашылыѓын көрсету.

Істеп беру: Зерттеу обьектісін табу жєне аныќтау, оќыѓан өкілдерге ќысќаша биология- морфологиялыќ мінездеме беру, ќайтадан жасау циклыныњ схемасын ќөру.

Білу: Ќауырсынды жєне орталыќ диатомдаѓы берік сауыт ќаптаѓан ќұрылысын көбею ерекшеліктерін ең маңызды тұщы су өкілдерінің мањызы жєне экологиясы

Материалдармен, ќұрал-жабдыќтар:

1. Тірі және ќатырылѓан пиннулляриялармен басќа диатомды балдырлар шыны ыдыстаѓы суда.

2. Микроскоптар жєне оѓан керекті ќұрал-жабдыќтар. 3. Таблицалар.

Жалпы ескерту:

Диатомды балдырлар микроскопиялыќ бірклеткалы жєне колониальды организмдер. Диатомдарѓа клетка ќабыќшасы тєн, ол өзініњ ќұрамында кремнозем /О2/ жєне екі жаќтаулы берік сауыт ќаптап жатады. Панцирьдің толыќ сипаттамасын оќулыќтан оќыңдар. Ќажетті диотомды өкілдері мыналар:

Екі жаќты симметриялы /ќауырсынды, диотомды класс /

Пиннулярия /PINNULARIA /- туысы бір клеткалы, ќозѓалѓыш, эллипспішіндес созылѓан, тігісімен жєне жаќсы көрінетін штрихтарымен.

Навикула /NAVICULA /- ќабыќтары жаќтау жаѓымен ќайыќ пішіндес келеді.

Табеллярия /TABELLARIA/- тік бұрышты, бір шеттері арќылы бір-бірімен байланысып, иректелінген ќауым ќұрайтын организм. Ќауымның әрбір клеткасы таќта пішіндес жалпаќ келеді.

Фрагиллярия - белдеу жаѓынан таяќша пішінді, біраќ жаќтаулары арќылы байланысып, ұзын лента тєрізді ќауым ќұрайды.

Цимбелла /CYMBELLA/-ќабыќтары ораќтай майысќан

Плевросигма - ќабыќтары әріптей майысќан.

Синедра жіңішке таяќша пішінді немесе веер тєрізді не жұлдыз сияќты ќауым ќұрайтын организм. Субстракта бекініп тіршілік етеді не суда бос жатады.

Циклотелла /CYCLOTELLA /- клеткалары тµмен дөңгелек ќорапша сияќты, дара, ќабыѓының ќабаты жүрек жаѓынан сызыќшамен айырылѓан.

Мелозира /MELOSIRA /- ќауым клеткалары цилиндрлі, ќабыќтарымен жіпше ќосылған.



Тапсырма

1.Микроскоппен бір клеткалыќ диотомды балдырларды пиннуляриялы /немесе басќа түрлі балдырларды/ кµру.

2.Зерттеген затты суретке салу, белгі ќою.

3.Микроскоппен центрлік диотомияларды циклотелла жєне милозираны көру.

4.Диотомдыќ балдырлардыњ жања кєсіптік циклдыњ схемасын ќөру, фазасын кµрсету.

Жұмыс барысы.

1.Біркішкене мµлшерде су топыраќты немесе ќоњыр балдырларды су астындаѓы ќатпарынан, кладофор жіпшеден жєне т.б. алып, су мен бірге зат шынысына салып уаќытша препарат дайындау. Микроскоптыњ аз ‰лкейткішпен препаратты ќарау барысында, тірі жєне µлген диотомдыќ клеткаларды табу. Ќай т‰рлерге жататындарын табу.

2.Микроскоппен кµп ‰лкейткенде панцирь ќ±рылысын зерттеу /µлген клеткаларда/, ќабыќша т‰рінде тігісін табу, байланысын табу, штрихтарын табу байланысын жєне шрихтарын кµру.

3.Микроскоптыњ ‰лкейткен т‰рінде тірі клетканы диотомдыќ балдырларды кµру. Оларды ќабыќша т‰рде, белдеме т‰рде суретке салу. Шыныныњ ‰стінде клеткалардыњ ќимылына назар аудару.

4.Клетканыњ ішкі ќ±рылысыныњ схемасын ќ±ру, цитоплазма, ядро, вакуоль, хромотофорларды белгілеу.

5.Зерттеулі диотомдарды ќ±рылысымен жєне кµбеюініњ ерекше мањыздарын жазу.

6.Циклотелласы бар бір тамшы суды затты шыныѓа тамызып ‰стінен жабын шынымен жабу.

7.Дайындаѓан препаратта зерттейтін балдырды табу, оны кµру жєне суретке салу.

8.Циклотелланыњ ерекше ќ±рылысын, кµбеюін жєне µмір с‰руін жазу.

9.Керекті ќ±ралдар болса мелозираныњ жіпшесін жєне ауксоспораны кµру.

Баќылау с±раќтар мен тапсырмалар.

1.Диотомдыќ балдырлардыњ клеткалыќ ќабатыныњ ќ±рылысында ќандай ерекшеліктер бар ?

2.Центрлі жєне /перистые/ диотомдардыњ панцирь ќ±рылысын жазып беру. Клетканыњ протопластасы сырќы ортамен ќалай байланысады ?

3.Диотомиялыќ клетканыњ химиялыќ ќ±рамы ќандай ?

4.Бентостыќ жєне планктондыќ диотомалыќ балдырлардыњ ќ±рылысыныњ ерекшелігі неде ?

5.Пиннулярияныњ ќ±рылысы ќандай? Хромотофорда ќандай пигменттер бар?

6.Пиннулярияныњ жыныссыз кµбеюі ќалай µтеді? Жынысты кµбеюі ќалай µтеді?

Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы саңырауқұлақтар бөлімі бойынша олардың систематикасы,сыртқы ішкі құрылыстары,көбеюі,дамуы бойынша жалпы түсінік беріледі.


Зертханалық жұмыс №1


Тақырыбы.Фикомицеттер класы.Phycomycetes.

Систематика.

Саңырауқұлақтар бөлімі.Fungi,Mycetes.

Класс-Фикомицеттер.Phyсomicetes.

Класстармағы-Оомицеттер.Oomycetidae.

Қатар-Сапроленгниялар.Saprolegniales.

Өкілі:Сапроленгия. Saprolegnia.

Қатар-Переноспоралар.Peronospovales.

Өкілдері: Фитофтора.Phytophtova infestans.

Плазмопора.Plasmopara viticola.
Мақсаты:Сапроленгиялы,переноспоралы қатарға жататын саңырауқұлақтарды:сапролегнияны,плазмопораны мысалға алып,Фикомицеттер класының құрылыс,көбею,тіршілік барыс ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырма:


  1. Сапроленгия саңырауқұлағының құрылысын,тіршілік барысын,көбею ерекшелігін зерттеу.

  2. Фитофтораның құрылысымен, көбеюімен,тіршілік барысымен танысу.

  3. Олардың схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар: Бұл саңырауқұлақтардың схемалық суреттері,тұрақты препараттар.Зертханалық жұмысқа қажетті заттар.(Микроскоп,жабынды шынылар,пипетка,су және т.б.)

Зертханалық жағдайда өлі денеде өсірілген сапроленгия саңырауқұлағы.Фитофтора,Плазмопара саңырауқұлағымен зақымдалған,шірітілген картоп түинегі,жүзім жемісі.

Жұмыс барысы.Сапроленгияны зерттеу үшін өлі денеден сапроленгия зақымдалған жерінен (ақ мамық тәрізді ұнтақ) кескін кесіп, сол кесіндіден уақытша препарат жасау.Сол препарат арқылы сапроленгияның құрылыс ерекшеліктерімен танысу.

Фирофторамен зақымдалған картоп түйнегінен, зақымдалған жерінен кескін кесіп,уақытша препарат жасап,Фитофтораның құрылысын,көбеюін зерттеу,схемалық суреттерін салу.

Бақылауға арналған сұрақтар.



  1. Фикомицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар?

  2. Фикомицеттердің дене құрылысы қандай,бөліктнрін ата?

  3. Фикомицеттерге қандай мицелий тән және гифалары қандай?

  4. Фикомицетердің қандай көбею жолдарын білесіңдер?

  5. Сапроленгия,фитофтора саңырауқұлақтары қалай қоректеніп,қайда кездеседі?

  6. Олардың биологиялық маңызы қандай?

Зертханалық жұмыс.№2.


Тақырыбы. Зигомицеттер класстармағы.

Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі-Fungi,Mycetes.

Класс-Фикомицеттер.Phyomicetes.

Класстармағы-Зигомицеттер.Zygomycetidae.

Қатар-Мукорлар.Mucorales.

Өкілі; Мукор.Mucor mucedo.
Мақсаты: Кең таралған,белгелі мукор саңырауқұлақты зерттеу,оның систематикалық орнын,құрлысын, көбею ерекшелігін, тіршілік барысын, қоректену тәсілін зерттеу.

Тапсырма:



  1. Мукордың құрлысын, дене мицелийінің құрлыстарын зерттеу.

  2. Мукордың көбеюін, тіршілік барысын зерттеу.

  3. Мукордың схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар: Жоғарыда айтылған, зертханалық жұмысқа керекті құралдар. Мукордың схемалық суреттері.Тірі мукорды зерттеу үшін, көп тұрған нанда, немесе басқа органикалық затта (шіріген) өсірілген мукор. Мукордың тұрақты препораттары.

Жұмыс барысы; Нанда немесе басқа шіріп жатқан органикалық затта, мукордмен зақымданған жерінен саңырауқұлақты(пішіні талшық тәрізді, ақ,жасыл, көкшіл) алып содан уақытша препарат жасап , сол препарат арқылы мукордың денесін, мицелиін,қолайлы жағдайдакөбеюінжәне спораларын зерттеу, схемалықсуреттерін салу.
Бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Зигомицеттер қандай сатыдаға саңырауқұлақтарға жатады ?

  2. Мукор денесі қандай және неден тұрады ?

  3. Мукор қандай мицелий,гифалардан тұрады ?

  4. Мукор қалай қоректеніп,қайда кездеседі ?

  5. Мукордың қадай көбею жолдарын білесіңдер ?

  6. Мукордың қандай биолагиялық маңызы бар ?

Зертханалық жұмыс №3.


Тақырыбы. Архимицеттер класы. Arcimycetes.

Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі –Fungi, Mycetes.

Класс- Архимицеттер. Arcimycetes.

Қатар- Архимицеттер. Arcimycetidae.

Өкілдер:Ольпидиум. Olpidium brassicae.

Синхитрий.Synchytrium endobioticum.
Мақсаты:


  1. Ольпидиумның, синхитрийдің дене құрылыстарын, көбею жолдарын зерттеу.

  2. Ольпидиумның, синхитрийдің тіршілік барыстарын, олар мәдени өсімдіктерде қандай ауруларды туғыздыратын зерттеу.

  3. Синхитрийдің , ольпидиумның схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар. Зертханалық жұмысқа ольпидиумның, синхитрийдің тұрақты препараттары, схемалық суреттері.Бұл саңырауқұлақтарды тірідей зерттеу үшін, ольпидиум зақымдайтын орамжапырақтың аяқшасы,жапырағы; синхитрий зақымдайтын картоп түйнегі,сабағы,жапырағы. Осы саңырауқұлақтардың тұрақты препараттары.

Жұмыс барысы. Жоғарыда айтылған орамжапырақтың жапырағынан, ольпидиуммен зақымдалған(қарайған жері) жерінен кескін кесіп,одан уақытша препарат істеп, ольпидиумның дене құрылысын, мицелийін,спораларын зерттеу. Синхитрийді зерттеу үшін, картоптың жапырағын, қарайып қалған жерінен кескін кесіп, одан уақытша препарат істеп, синхитрийді зерттеу. Тұрақты препараттарды да қарастыру. Схемалық суреттерін салу.


Бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Архимицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар.

  2. Ольпидиумға, синхитрийге қандай мицелий тән ?

  3. Ольпидиумның, синхитрийдің денесі қандай ?

  4. Бұл саңырауқұлақтар қалай және не арқылы көбейеді?

  5. Олар паразиттік тіршілік етіп, қандай өсімдіктер және қандай ауруларды туғызады?

  6. Ольпидиум қандай өсімдікте және қандай ауруды туғыздырады?

  7. Ольпидиумның, синхитрийдің биологиялық маңыздары қандай?

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: Аскомцеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар класы. Ascomycetes.

Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс-Аскомицеттер. Ascomycetes.

Класс тармағы –Жалаңашқалталылар.Protoascomycetidae.

Қатар-Алғашқы қалталылар. Protoascales.

Өкілдері:Ашытқы саңырауқұлағы. Sachavomyces cerevisiae.
Мақсаты. Жалаңаш қалталы аскомицеттерді зерттеу. Ол үшін ашытқы саңырауқұлақты мысалға алып, оның құрлыс ерекшелігін, көбеюін, тіршілік барысын ,табиғатта, адам өмірінде маңызын зеттеу.
Тапсырма.


  1. Ашытқы саңырауқұлақтың дене құрылысымен танысу.

  2. Ашытқы саңырауқұлақтын көбею жолдарымен,тіршілік барысымен,адам өміріндегі маңызымен танысу.

  3. Ашытқы саңырауқұлағының схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар: Зертханалық жұмысқа қажетті құралдар.Ашытқы саңырауқұлағының тұрақты препараттары,схемалық суреттері.Бұл саңырауқұлақтарды тірідей зерттеу үшін ,қантты сұйықтықта өсірілген ашытқы саңырауқұлағы.

Жұмыс барысы. Жоғарыда айтылған қантты сұйықтықтағы өсірілген ашытқы саңырауқұлақты пипеткамен алып, зат шынысына салып, уақытша препарат жасау. Сол препарат арқылы ашытқы саңырауқұлағының дене құрылысының,қолайлы жағдайда көбеюін. Схемалық суреттерін салу.

Бақылауға арналған сұрақтар.



  1. Аскомицеттердің басқа саңырауқұлақтарға қарағанда қандай айырмашылақ бар,яғни олардың споралары қайда қандай дамиды ?

  2. Жалаңаш қалталы аскомицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар?

  3. Ашытқы саңырауқұлақтардың дене құрылысы қандай?

  4. Оларда мицелий бола ма?

  5. Ашытқы саңырауқұлағының қандай көбею жолдарын білесіңдер?

  6. Ашытқы саңырауқұлағының адам өміріндегі маңызы бар ма,қандай?

Зертханалық жұмыс №5


Тақырыбы. Жеміс қалталылар класстармағы. Euascomycetidae.
Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс-Аскомицеттер. Ascomycetes.

Класстармағы-Жеміс қалталылар. Euascomycetidae.

Қатар-Плектаскалылар.Plectascales.

Өкілдері: Аспергилл Aspergillus.

Пеницилл Penicillium.

Қатар-Пецициялар.Pezizales

Өкілі: Сморчок.Morchella esculenta.

Тапсырма.



  1. Аспергилл, пеницилл саңырауқұлақтардың құрылысын, көбеюің, тіршілік барысын,маңызын зерттеу.

  2. Сморчок саңырауқұлағын зерттеу.

  3. Олардың схемалық суреттерін салу.

  4. Жемісті аскомицеттердің дене құрылысының түрлерімен танысу.

Қажетті құралдар. Зертханалық жұмысқа қажетті құралдар. Аспергилл пеницилл саңырауқұлақтарды зерттеу үшін, шіріп жатқан органикалық затта өсірілген аспергилл және пеницилл,сморчок саңырауқұлағы. Аспергилдің, пеницилдің тұрақты препараттары, спирттелген сморчок. Осы саңырауқұлақтардың схемалық суреттері.

Жұмыс барысы. Аспергилді немесе пеницилді зерттеу үшін, жоғарыда айтылған шіріген органикалық заттан саңырауқұлақтарды инемен алып,уақытша препарат жасау. Препараттан аспергилдің және пеицилдің дене құрылысын, аскаларын, яғни қалталарын, шашылып жатқан спораларын құрастыру.

Ал сморчокты зерттеу үшін , саңырауқұлақтың геминий қабатынан кескін кесіп,уақытша препарат жасап,қалташықтарын, спораларын зерттеу.Сморчоктың дене бөліктерін, яғни қалпақшасын ,түбірін, мицелиін қарастыру.Схемалық суреттерін салу.

Бақылауға арналған сұрақтар.



  1. Жеміс қалталы аскомицеттердің басқа саңырауқұлақтарға қарағанда, спора түзуінде қандай айырмашылығы бар?

  2. Оларда споралар қайда түзіледі?

  3. Гимений қабаты дегеніміз не?

  4. Аспергилдің және пеницилдің дене құрлыстары қандай?

  5. Олар не арқылы көбейеді және қайда кездеседі?

  6. Аспергилдің және пеницилдің адам өміріндегі маңызы неде ?

  7. Сморчоктың құрылысы қандай?

  8. Сморчок қандай дене бөліктерінен тұрады?

  9. Сморчок қайда кездеседі?

  10. Сморчоктың адам өміріндегі маңызы бар ма ?

  11. Жемісті денелердің типіне сай, жеміс қалталылар қалай бөлінеді ?

Зертханалық жұмыс №6


Тақырыбы:Ақұнтақтылар Erysifales, Дискомицеттер Discomycetes, Пиреномицеттер Pyrenomycetes қатарларлары.
Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс-Аскомицеттер. Ascomycetes.

Класстармағы-Жеміс қалталылар. Euascomycetidae.

Қатар-Ақұнтақтылар. Erysifales.

Өкілдері: Астықты эризифе. Erysiphe graminis.

Аұнтақ. Sphaerotheca mors-uvae.

Қатар- Дискомицеттер. Discomycetes.

Өкілі: Жемісті склеронтиния. Sclerotinia fructigena.

Қатар-Пиреномицеттер. Pyrenomycetes.

Өкілі: Спорынья. Claviceps purpurea.
Тапсырма:


  1. Ақұнтақтылар қатарды зерттеу. Ол үшін астықты эризифе саңыраууқұлағын мысалға алып, оның құрылысымен, көбеюімен, тіршілік барысымен танысу.

  2. Жемісті склеротинияны мысалға алып,оның құрылысын, көбеюін, тіршілік барысын зерттеп, дискомицеттер қатарымен танысу.

  3. Пиреномицеттер қатарын зерттеу. Бұл қатардың өкілі спорыньяның құрылысымен, көбею ерекшеліктерімен, тіршілік барысымен танысу.

  4. Осы саңырауқұлақтардың схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар: Зертханалық жұмысқа қажетті құралдар. Ақұнтақты зерттеу үшін: Астық Эризифемен зақымдалған бидай немесе басқа астық тұқымдастардың өсімдіктерінің масақтары. Дискомицеттердің қатарынан: Склерониямен зақымдалған алма, алмұрт жемістері. Пиреномицеттер қатарынан: спорыньямен зақымдалған бидай масағы. Онда дәндердің орнында қою көк мүйіз тәрізді өсінділер болады.

Бұл саңырауқұлақтардың тұрақты препараттары, схемалық суреттері.
Жұмыс барысы: Ақұнтақты эризифемен зақымдалған бидай масағының қарайып қалған дәндерден ұсақ кескін кесіп одан уақытша препарат жасап, одан микроскоп арқылы склеронтинаны тауып, оның құрылысын зерттеу.

Жемісті склерониямен зақымдалған алманы алып, Зақымдалған қарайған жерінен кесіп алып уақытша препарат жасау. Одан микроскоп арқылы спорыньяны тауып, оның құрылысын зерттеу. Схемалық суреттерін салу.

Бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Ақұнтақты эризфе саңырауқұлағының денесі қандай типті?

  2. Оған қанда мицелий тән?

  3. Олар не арқылы және қалай көбееді?

  4. Олар табиғатта қандай рол атқарады және қайда кездеседі?

  5. Жемісті склеротинияның жемісті денесі қандай және оларға қандай мицелий тән?

  6. Склеротинияның қандай көбею жолдарын білесіңдер ?

  7. Склеротиния қайда тіршілік етіп, қайда кездеседі ?

  8. Спорыньяның дене құрылысы қандай?

  9. Спорынья қалай көбееді?

  10. Спорынья қайда тіршілік етіп, қайда кездеседі ?

Зертханалық жұмыс №7


Тақырыбы: Базидиомицеттер класы. Basidiomycetes,

Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс- Базидиомицеттер. Basidiomycetes,

Кластармағы- Холобазидиомицеттер. Holobasidiomycetidae,

Қатар-Афиллофоралылар. Aphyllophovales.

Өкілдері: Түлкіжем. Cantarellus.

Түбіртек. Armihaviellamellea.

Шампиньон. Agaricus.

Груздь. Lactarius.

Рыжик. L.deliciosus.

Мухомор. Amanita.

Болетус. Boletus. және т.б.

Қатар-Гастермицеттер.Gasteromycetes.

Өкілдері: Жаңбыр ақсаңырауқұлағы.Luopevdon.

Бовиста.Bovista.

Кальвиция.Calvicia.
Тапсырма:

1. Базидиомицеттер кластарымен танысу.

2.Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың құрлыс ерекшеліктерін, көбею ерекшеліктерін, тіршілік барысын, биологиялық маңызын зерттеу.

3. Осы класқа жататын саңырауқұлақтардың схемалық суреттерін салу.


Қажетті құралдар. Зерханалық жұмысқа қажетті құралдар. Базидиомицеттерге жататын, көп таралған, белгілі саңырауқұлақтардың: шампиньон Adaricus, груздь Lactarius,түбіртек Fomeslaricis, жаңбыр саңырауқұлағы Luoperdon гербарилік немесе спирттегі үлгілері. Жыл мезгіліне қарай саңырауқұлақтар. Бұл саңырауқұлақтардың схемалық суреттері.
Жұмыс барысы. Жоғардағы айтылған саңырауқұлақтардың құрлысын зерттеу. Түбіртекті зерттеу үшін, оның мицелийінен гифадан, гимений қабатынан, кесінді кесіп алып уақытша препарат жасау. Ол препараттар арқылы гифаларын, гимений қабатын, спораларын зерттеу. Шампинионның гимений қабатынан, пластинкалардан, жемісті денесінен, гифаларынан кесінді жасау. Олар арқылы пластинканың, гифалардың, жемісті дененің құрылысымен танысу.Схемалық суреттерді салу.
Бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Базидиомицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар?

  2. Оларға қандай мицелий тән?

  3. Олардың денелері қандай бөлімдерден тұрады?

  4. Базидиомицеттер қалай және не арқылы көбееді?

  5. Базидиялар дегеніміз не және қайда орналасады?

  6. Базидиомицетер көпшілігі қайда кездеседі?

  7. Олардың көпшілігі қайда өседі?

  8. Түбіртек саңырауқұлақ қайда өседі?

  9. Гаустория дегеніміз не?

  10. Базидиомицеттердің қандай өкілдерін білесің?

  11. Олардың биологиялық және адам өміріндегі маңызы?

Зертханалық жұмыс №8


Тақырыбы:Фрагмобазидиомицеттер

класстармағы.Phragmobasidimycetidae.


Систематикасы.
Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс-Базидиомицеттер .Basidimycetes.

Класс тармағы- Фрагмобазидиомицеттер. Phragmobasidimycetidae.

Қатар-Қаракүиелер.Ustilaginales.

Өкілдері: Бидай қаракүйесі.Ustilago tvitici.

Сұлы қаракүйесі.Ustilago avena.

Арпа қаракүйесі. Ustilago hovdei.

Қатар-Тат саңырауқұлақтары.Uredinales.

Өкілдері: Сұлы таты.Puccinia coronifera.

Бидай таты.Puccinia triticina.


Тапсырма.

  1. Қаракүе, тат саңырауқұлақтардың құрылысын, көбеюін зерттеу.

  2. Олардың тіршілік барысымен танысу.

  3. Олардың схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар. Зертханалық жұмысқа қажетті құралдар. Қаракүйемен зақымдалған сұлы, арпа масақтары. Корозияға ұшыраған, тат саңырауқұламен зақымдалған сұлы, бидай масақтары. Бұл саңырауқұлақтардың тұрақты препараттары. Схемалық суреттері.

Жұмыс барысы. Тат саңырауқұлағымен бұзылған, корроияға ұшаған бидай масақтан зақымдалған жерінен кескін кесіп, одан уақытша препарат жасау. Сол препарат арқылы тат саңырауқұлағының құрылысын: денесін, мицелиін, спораларын зерттеу.Қаракүйемен зақымдалған сұлы немесе арпа масағының зақымдалған(қарайған) жерін кесіп алып одан уақытша препарат жасау. Сол препарат арқылы Қаракүйенің құрылысын зеттеу. Схемалық суреттерін салу.
Бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Фрагмобазидиомицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар?

  2. Олардың денесі қандай бөліктерден тұрады?

  3. Қандай мицелий тән?

  4. Оларға қандай көбею тән?

  5. Фрагмабазидиялар дегеніміз не?

  6. Қаракүйе, тат саңырауқұлақтары қайда тіршілік етеді?

  7. Олар қандай өсімдіктерді зақымдайды?

  8. Олардың пайда болу жағдайлары?

  9. Фрагмобазидиомицеттер биолагиялық ролі қандай?

Зетханалық жұмыс №9

Тақырыбы.Дейтеромицеттер немесе жетілмеген саңырауқұлақтар класы.Deuteromycetes,Fungi imperfecti.


Систематикасы.

Саңырауқұлақтар бөлімі- Fungi, Mycetes.

Класс- Дейтеромицеттер,жетілмеген саңырауқұлақтар-

Қатар-Гифомицеттер. Deuteromycetes,Fungi imperfecti.

Өкілі: Ботритис.Botrytis.

Вертициллиум.Verticillium.

Фузариум.Fusarium.

Қатар-Меланкониялар.Melanconiales.

Өкілдері: Глеоспориум, Коллетотрихум.Colletotrichum.
Тапсырма.


  1. Дейтеромицеттердің құрылысын зерттеу.

  2. Олардың көбею ерекшеліктерін,тіршілік барысын зерттеу.

  3. Олардың схемалық суреттерін салу.

Қажетті құралдар. Зертханалық жұмысмқа қажетті құралдар.Гифомицеттер қатарынан,Фузариум саңырауқұлағымен зақымдалған пияз.Саңырауқұлақтың тұрақты препараттары.Схемалық суреттер.

Жұмыс барысы. Фузариуммен зақымдалған пияздың зақымдалған (қарайып қалған, шіріген) жерінен кесіп алып,одан препарат арқылы Фузариумның құрылысын,мицелийін,спораларын зеттеу. Схемалық суреттерін салу.
Бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Дейтеромицеттер қандай сатылы саңырауқұлақтар?

  2. Дейтеромицеттер неге жетілмеген саңырауқұлақтар?

  3. Олардың денелері қандай бөліктерден тұрады?

  4. Оларға қандай мицелий тән?

  5. Олар қайда өседі?

  6. Дейтеромицеттердің қандай өкілдерін білесіңдер?

Саңырауқұлақтар бөлімі бойынша қысқаша қорытынды.

Осы оқу құрал бойынша біз саңырауқұлақтар әлемімен таныстық. Саңырауқұлақтар әлемі алуан түрлі,оның ішінде басым көпшілігі паразитті,сапрофитті саңырауқұлақтар. Дене құрылысы, мицелий құрылысы да алуан түрлі, көбею жолдарының көп жолдары бар.Саңырауқұлақтар космополиттігін білдік. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы, экологиядағы,адам өміріндегі маңызы әртүрлі.Ендеше саңырауқұлақтар әлемін қарғайық.Өйткені саңырауқұлақтар-табиғаттың, жер батіндегі тірі ағзалардың бір үлкен,маңызды бөлігі.
Қолданылған әдебиет тізімі.

1.Хржановский В.Т. «Курс общей ботаники» М. Высшая школа,1982г.

2.Абдрахманов О «Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы» А.Мектеп 1972ж

3.Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В. Уранов А.А. «Ботаника, систематика растений» М.Просвещение 1975г.

4.Гордеева Т.Н., Круберг Ю.К., и др. Практический курс систематики растений. - М.:Просвещение,1986.-224с.,

5.Великанов Л.Л.,Гарибова Л.В., и др. Курс низших растений. М.:Высш. школа,1981-504с.,

6.Горбунова Н.К.,Клюшникова Е.Т. Малый практикум по низшим растениям, М.,1976.

7.Жизнь растений (в 6-ти томах). М.;Просвещение, т-1-1974;

8.Рейвн П.,Эверт Р., Айкхорн С.Современная ботаника. - М.:Мир,1990.

9.Жуковский П.М. Ботаника. М.,1982.



10.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет