Сабақ №1 Тақырыбы: ҚР жер санаттары, олардың құқықтық режимі



бет8/16
Дата19.05.2022
өлшемі108.59 Kb.
#457272
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Жер кадастры тәжірибелік сабақтар

Мақсаты және міндеті: Студенттерге жер учаскелерінің паспортын құру үйрету және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыруды талдау

Жер қатынастары саласын реттеуде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді, жер ережелерінің заңдылықтарын қатаң сақтайды. Мемлекеттік жер кадастры мен дер мониторингін жүргізуді ұйымдастырады, бар жерлердің және оны санаттары бойынша пайдалануды. 


Жер телімдерінің меншігі, жер қатынастары саласында мемлекеттік мүддені қорғау; аудан шекарасы шегінде, елді мекендер жерінен басқа жерлерде жер қатынастарын реттеуде, облыс, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері жобасын ауданның атқарушы өкілетті органдарының қарауына еңгізеді.
Иесіз жер учаскелерін есепке қою; ауданның жергілікті атқару органдарының жер учаскелерін беру туралы ұсыныстары мен жобаларын дайындау және олардың мақсатты бағытталуын өзгерту; мемлекет қажеттілігі үшін жер учаскелерін алу туралы ұсыныстарды дайындау; жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін белгілеу; нақты жер учаскелерінің кадастрлық бағасын бьекіту; жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту және жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру; аудан жерлерін үнемді пайдалану бойынша сызба мен жобаларды және бағдарламалар мен жерлерді зерделеу жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру; елді-мекен аймағындағы жер шаруашылығы құрлығының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру ; жердің сауда-саттығын өткізуді ұйымдастыру (конкурс, аукцион); жерді пайдалану және қорғау мәселелеріне тиісті аудандық бағдарламалар, сызбалар мен жобаларына сараптама жүргізу; ауданның жер балансын құрастыру; жер учаскелері иелерінің есебін жүргізу; жер учаскелерін құқықтандыратын құжаттарды беру; ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортын беру; сату-сатып алу, жалға беру, жалға алу құқығын сатып алу, уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы келісімшарт жасау; Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ауданның жергілікті органдарының рұқсат беру туралы ұсыныстарын дайындау; ауылшаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге аудару туралы ұсыныстар дайындау. 
. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер пайдалануға немесе меншiкке берiлетiн ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттiк бақылау мақсатында бюджет қаражаты есебiнен топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерiнiң негiзiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорты жасалады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi паспортының нысанын орталық уәкiлеттi орган бекiтедi.
Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және оны беруді жер учаскесі орналасқан жердегі облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары жүзеге асырады.
Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру, жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң паспорттарын жасау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлетiн өзге де жұмыстар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет