Тәжірибелік сабақ №5
Мақсаты: Жер кадастрын жүргізген кезде әрбір жер учаскесін айқындауды білу мен кадастрлық номерді беруді сәйкестендірудің маңызын түсіну
Тақырыбы: Есептік кварталдарды анықтау және оларға кодтарды беру
Жер кадастрын жүргізген кезде әрбір жер учаскесін айқындау (сәйкестендіру) мақсатында жеке, Қазақстан Республикасының
аумағында қайталанбайтын, учаске біртұтас болып тұрғанша сақталатын кадастрлық нөмір беріледі, осы нөмірге жер-кадастр ісі де сәйкестендіріледі.
Жеке және заңды тұлғалар жер учаскесіне кадастрлық нөмірді беру және жер учаскесінің ескі үлгідегі сәйкестендіру құжатын жаңасына ауыстыру үшін жер учаскесінің орналасқан жері бойынша кадастрды жүргізетін кәсіпорынға өтінішпен жүгінеді.
Кадастрлық нөмірді құру:
( Ескертпе. Есептік квартал ішінде жер учаскелерінің саны 999-дан
асқан жағдайда, осы есептік квартал ішінде қалыптасатын келесі жер учаскелеріне төрт таңбалы реттік нөмір беріледі.)
Есептік кварталдардың және/немесе аудандардың, облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың ішіндегі есептік кварталдардың кодтары мен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін кадастрды жүргізетін кәсіпорындар береді.
Егер осы Қағидаларға сәйкес есептік кварталға код беру объективті себептер бойынша мүмкін болмаса, онда осы кварталдың ішіндегі жер учаскелеріне уақытша (шартты) кадастрлық нөмірлер беріледі.
Бұл жағдайда кварталдың коды нақты есептік кварталдағы кадастрлық нөмірдің шартты белгісін көрсететін «9» санынан басталады.
Заңды кварталды кейіннен айқындау кезінде бұрын берілген шартты нөмірді көрсете отырып оған нағыз код беріледі.
Жер учаскесін бірнеше бөлікке бөлу немесе бірнеше жер учаскелерін біреуге біріктіру кезінде ескі нөмірлер жойылады және жаңа кадастрлық нөмірлер беріледі.
Бүтін жер учаскесіне меншік құқығы немесе жерді пайдалану құқығы басқа меншік иесіне немесе жерді пайдаланушыға ауысқан кезде жер учаскесінің кадастрлық нөмірі ауыстырылмайды.
Кадастрды жүргізудің деңгейіне қарай мыналар:
Қазақстан Республикасының жер-кадастр картасы (схемасы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекаралары
мен кодтары көрсетіле отырып;
облыстың жер-кадастр картасы (схемасы) аудандардың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер-кадастр картасы қаланың ішіндегі аудандардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың жер-кадастр картасы (схемасы) есептік кварталдардың шекаралары мен кодтары көрсетіле отырып;
есептік кварталдың жер-кадастр картасы (схемасы) жер учаскелерінің шекаралары мен кадастрлық нөмірлері көрсетіле отырып бақылау жағдайында құрылады және ұсталады.
Достарыңызбен бөлісу: