Сабақ: №2 Тақырыбы: «Зәрді зерттеу: Бүйрек анатомиясы және физиологиясы, қызметі. Зәр түзілудің физиологиясы»


Бүйрек физиологиясы. Зәр түзілудің физиологиясы



бет3/3
Дата25.02.2023
өлшемі408.61 Kb.
#470032
түріСабақ
1   2   3
2 ауд.сабақ

Бүйрек физиологиясы. Зәр түзілудің физиологиясы. Бүйректің маңызды физиологиялық рөлі гомеостатикалық; бүйрек плазмадағы және жасуша аралық сұйықтықтағы белсенді осмостық заттардың концентрациясын, көлемін, электролиттік және қышқылдық негіздік баланысының тұрақтылығын қолдауға қатысады. Азоттық заттек алмасу өнімдерін экссекрециялайды, ақуыз метоболизм үрдісінде гемодинамиканы жүйелі реттеуге қатысады.
Бірінші реттік зәрдің құрамында су барынша аз мөлшерде ақуыздар болатын плазма сүзбесі.
Бүйректегі өзекшелерде бірінші реттік зәрден су, глюкоза, аминқышқылдары, тұздардың бір бөлігі және аз мөлшерде несепнәр қанға кері сіңіріледі. Кері сіңірілу нәтижесінде су, ақуыз,көмірсулар организмде сақтап қалады және ол зәр түзілудің екінші реттік кезеңі болып табылады. Үрдістің соңында бірінші реттік зәрден құрамы жағнан күрт айырмашылығы бар соңғы немесе екінші реттік зәр түзіледі.Екінші реттік зәрде глюкоза, амин қышқылдары болмайды, бірқатар тұздар мен несепнәр деңгейі күрт жоғары болды. Тәулік бойы бүйректерде 150-180 л бірінші реттік зәр түзіледі,178-179 л зәр реабсорбцияға ұшырайды.Өзекшелердегі реабсорбция арқасында бүйректермен барлығы 1,5-20 л соңғы зәр бөлінеді.
Өзекшелерде реабсорбциядан басқа секреция үрдісі жүреді. Секреция зәр түзілудің үшінші кезеңі болып саналады. Секреция үрдісіндеағзадан заттек алмасу үрдісінің нәтижесінде түзілген қажетсіз заттар шығарылады. Бүйрек өзекшелерінде сүзу, реабсорбция және секрециямен қоса әртүрлі органикалық және органикалық емес өнімдерден бірқатар заттар синтезделеді. Сонымен бүйрек өзекшелерінде гипур қышқылы аммиак синтезделеді. Сонымен зәр түзілу – күрделі үрдіс, онда сорылу және реабсорбция құбылысымен бірге белсенді секреция және синтездеу үрдістері үлкен рөл атқарады. Егер сорылу үрдісі артериялық қысым, жүрек қантамыр жүйесінің қызметі арқасында жүрсе, реабсорбция, секркция және синтез өзекшелі жасушылардың белсенді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол энергия жұмсауды қажет етеді. Осыған орай бүйректердің оттегіне сұраныса артады.


Жаңа тақырып бойынша білімді бекіту.
Бүйректің құрылысын сан бойынша анықтаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет