1 кезең «мыңнан жүйрік»
Кезеңнің тақырыбы айтып тұрғандай, кім епті, жылдам болса, сол оқушы өзіне сұраққа тез жауап беріп, жапырақты жылдам алуға тырысады.
Сұрақтарға жауап бер:
Сәулет өнері дегеніміз не?
Жауап. Сәулет өнері – түрлі ғимараттарды жобалау және тұрғызу.
Сен тұратын қалада әдемі сәулет туындылары көп пе?
Жауап. Оқушылардың тұратын жеріне қарай жауаптар әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір жауаптарды түсіндіріп өткен дұрыс.
Есіңде қалған әдемі ескерткіштер бар ма? Оларды атап, суреттеңдер. Ол ғимараттарды қай қалада көрдіңдер?
Жауап. Тек қаланы атап қоймай, ғимараттарды да суреттеп, қандай ғимараттар екенін айтуды тапсырады (стадион, театр, мұражай, тұрғын үй және т.б.).
Қалаларыңда алуан түрлі және әдеміғимараттар болғанын қалайсыңдар ма?
Жауап. Толық жауап беріп, қалаларға әр алуан және
әдемі ғимараттар не үшін керек екенін түсіндіру керек.
Сәулетшілерге ерекше ғимараттар ойлап табуға көмектескілерің келе ме?
Сәулет құрылыстары қандай болу керек?
Жауап. Олар берік болуы тиіс (қауіпсіз, ыңғайлы, әдемі).
Егер оқушылар сұраққа бірден жауап беруге қиналса, жетекші сұрақ қойыңыз.
- Сонымен, үй қандай болу керек?
– Берік! Егер төбесі өте аласа немесе керісінше өте биік, не баспалдақтары биік, терезесі үлкен не кіші болса, мұндай үй ыңғайлы болар ма еді? Демек, үй
ыңғайлы болуы керек. Біз сәулет құрылыстарын өнер туындысы дейміз, демек, үй әдемі болуы тиіс! Бұл кез келген сәулет құрылысына қойылатын негізгі талаптар. Оқушыларға бірнеше әйгілі сәулет құрылыстарын түстік шешіміне, композициялық және шығармашылық ерек шеліктеріне қарай суреттеуді ұсынады.
Сұрақтарға қалай жауап бергендеріңе қарай жапырақтар алып бұтақтарыңа жапсырыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |