Сабақ №6 Тақырыбы : «Патогенді микобактериялар. Туберкулез және алапес қоздырғышы.» №6. Дәріс сұрақтары



бет4/11
Дата20.06.2023
өлшемі37.37 Kb.
#475243
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Аудиторное занятие № 6,15.02 (8)

Патогенезі. Қоздырғыш тері және шырышты қабаттары арқылы өтіп, лимфатикалық тамырлар бойынша таралады, тез көбейеді, интоксикация, лимфа түйіндерінің, өкпенің және басқа ағзалардың зақымдалуын тудырады.
Бубонды, өкпелік және біріншілікті – септикалық түрлерін бөледі. Бубонды түрі кезінде лимфа түйіндері зақымдалады (бубон – лимфа түйінінің ұлғаюы), одан қоздырғыштар барлық ағзаларға, оның ішінде өкпелерге түсіп, екіншілікті пневмония тудыра таралады. Ауа – тамшылы жолмен таралу кезінде обаның біріншілікті өкпелік түрі дамиды. Жаппай зақымдану кезінде біріншілікті – септикалық түрі дамиды. Обаның түріне тәуелсіз барлық ағзалар мен жүйелер зақымданады: жүрек-тамырлық, бүйректер, бауыр, көкбауыр, сүйек миы, ішкі секреция бездері және басқалар.
Клиникалық көрінісі. Әдетте жасырын кезеңі екі-үш күн созылады. Ауру жалпы симптомдармен (бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, діріл), сондай-ақ бубонды немесе өкпелік түрлеріне тән симптомдармен көрінеді.
Иммунитеті. Иммунитеттің ұзақтығы мен деңгейлігі әр түрлі. Қайталама ауру жағдайлары сипатталған.
Микробиологиялық диогностикасы. Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон құрамы, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер мен өлген жануарлар ағзаларының бөлшектері болып табылады. Жағындылардың бактериоскопиясы кезінде алдын-ала диагноз қоюға мүмкіндік беретін биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады.
Қорытынды диагноз дақылды бөліп алу мен идентификациялау зерттеу материалын еккен теңіз шошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында антигенді анықтау (ИФР) және серологиялық әдісте (ИФТ, ПГАР, АгБР – антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР – антиденені бейтараптау реакциясы) қолданады.
Емдеуі. Антимикробты заттардан стрептомицин, тетрациклин, левомецитин, рифампицин және басқалар қолданылады.
Сақтандыруы. Шетелден инфекцияның әкелінуін және оба бойынша эпидемиялық ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алуға бағытталған шаралар негізгі болып табылады. Ол үшін халықаралық және республикалық ережелер мен талаптарға негізделетін шаралар жүйесі бар. Біздің елде обаға қарсы шаралады өңдеп шығаратын обаға қарсы институттар мен станциялар торабы бар. Арнайы сақтандыруды эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізеді: обамен ауыратын науқас пайда болуы жағдайында немесе обаның табиғи ошақтарында тұратын адамдарға қатысты. Аттенуацияланған ЕV штаммнан алынған тірі вакцина қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет